Коучинг Критериалды бағалау жолдары

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулі

бойынша өткізілген коучинг жоспары.

Коучинг тақырыбы:

«Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулі

Жалпы мақсат:

«Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулімен таныстыру

Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 61-71 б.

Әдістемелік нұсқау

Оқу нәтижесі:

Балалардың табысты оқуы үшін пәнге деген қызығышылығын оятады, оқушылардың сенімділігін аттырады. Сапалы білім алуына жетелейді.

Негізгі идеялар:

Тәжірибелеріне енгізе отырып, оқушыны емес, оқушының жұсысын бағалау, жұмыс жоспарын құрған кезде кері байланыстың тиімділігін ескере отырып, оқу сапасын арттыру.

Сабақта қолданылатын материалдар:

Слайд-презентация

түрлі-түсті стикертер, видеосабақтар

Оқыту әдістері:

Жаңа әдістер

Сұрақ-жауап, түсіндіру әдісі

«Бағдаршам» тәсілі, «дейін-кейін» әдісі, «толық банке» әдісі

Дерек көздері:

Әдістемелік нұсқау

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Тапсырмалар:

Топтық талдау, рөлдік ойын, салыстыру, эссе, зерттеу

Сабақ бойынша коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті

І. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал туғызу (2 мин)

Коучтың іс-әрекеті

Геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлу.

Көтеріңкі көңіл орнату үшін «комплимент» тренингін ұйымдастырамын.

Түрткі сұрақ. Тақырыпты ашу.

Мұғалімдердің іс-әрекеті

Жылы лебіздерін бір-біріне айтады.

«Дейін- кейін» стратегиясы

Мұғалімдердің тақырып бойынша білім деңгейін анықтау, бағалау туралы не білетінін жазуды тапсырылады.

Мұғалімдер үлестірілген ақ қағаздың «дейін» бағанасына бағалау туралы не білетінін жазады.

Коучтың іс-әрекеті

Мұғалімдердің іс-әрекеті

№1 слайд

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 109 бет

Бүгінгі мектептегі білім беруде Баға-Бағалау-Сандық баға деген ұғым бар. Біз үшін бұл үш сөз синонимдес болғанымен, әртүрлі ұғымды білдіреді.

Бағалау-оқушылардың оқу-танымдық әрекеттерін бақылау, оның білім деңгейін анықтау үшін ақпарат жинау;

Баға беру-бағалаудың нәтижесі,яғни сапалы кері байланыс;

Баға- символ, оқу жетістігін не санмен, не сөзбен таңбалау.

«Бағалау» термині жақын отыру дегенді білдіреді, себебі бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін бақылауы болып табылады.

Бағалау:

  1. Диагностикалық

  2. Формативтік

  3. Суммативтік

Формативтік бағалаудың (оқыту үшін бағалау, қалыптастырушы)

мақсаты: оқушылардың оқуын жақсарту. Оқушы үшін өзінің білімі қай деңгейде екенін біледі, ал мұғалім үшін қай бағытта жұмыс істеу керектігін түсінеді.

Постер «Бағалау»

Мұқият тыңдап отырып, баяндамашының сөзіне өз тәжіриесінен мысалдар келтіріп отырады.

Коучтың іс-әрекеті

Мұғалімдердің іс-әрекеті

«Бағдаршам» тәсілі

Әріптестерімнің біліктілік деңгейін бақылау үшін «Бағдаршам» тәсілін түсіндіремін. Теориялық білімді қанша мұғалім меңгергенін бақылаймын.

Қызыл түсі- түсінбедім

Сары түс- әлі сұрақтарым бар

Жасыл түсі- маған бәрі түсінікті

Стиктің біреуін көтереді.

Сергіту сәті

Практикалық жұмыс

Берілген заттарды критерий бойынша бағалау.

Бағалау парағын қорғау

Қөзілдірік

Аяқ киім

Сақина

Сөмке

«Дейін-кейін» стратегиясы

Коучинг сабақтың мұғалімдер үшін қаншалықты сәтті болғанын бақылау үшін, тақырып бойынша не білгені туралы алдарындағы «кейін» бағанасын толтыруды сұраймын.

Ақ парақты толтырып, тапсырады.

Коучтың іс-әрекеті

Мұғалімдердің іс-әрекеті

«Толық банка» әдісі

Мұғалімдер алдына бос банка, тас, ұсақ тастар, су, құм қоямын да, банкені бұл заттармен толтыру үшін қай ретімен салу керектігін сұраймын.

Ең алдымен, тас-өміріміздің ең маңыздысы отан, отбасы, ата-ана, бала-шаға амандығы;

Ұсақ тас-жеке басымызға тілейтін армандар;

Құм-бізді бақытты ететін қуанышты сәттер;

Су-тіршілік көзі болғандықтан, ұзақ ғұмыр. Толық банке-өміріміз мәнді де сәнді болуын білдіреді.

Өз пікірлерін ұсынады



© 2010-2022