Ауаның құрамы (Қысқа мерзімді жоспар

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ауаның құрамы (Қысқа мерзімді жоспарАуаның құрамы (Қысқа мерзімді жоспарАуаның құрамы (Қысқа мерзімді жоспарАуаның құрамы (Қысқа мерзімді жоспарАуаның құрамы (Қысқа мерзімді жоспарАуаның құрамы (Қысқа мерзімді жоспарАуаның құрамы (Қысқа мерзімді жоспарАуаның құрамы (Қысқа мерзімді жоспарАуаның құрамы (Қысқа мерзімді жоспарАуаның құрамы (Қысқа мерзімді жоспар

Қысқа мерзімді жоспар


Сабақ жүргізген мұғалімдердің аты-жөні

Суранчиева Забира

Тоқбергенова Зәуре

4 «а» сыныбы

оқушының саны 33

Ы. Алтынсарин атындағы

№65 мектеп-гимназия

Сабақтың атауы

Тақырыбы: Ауаның құрамы

Сілтеме

Дүниетану және экономика пәндерімен байланысқан кіріктірілген сабақ.

Ауа тазалығына байланысты қала көліктерінің, өнеркәсіп орындарының бейне суреті, алма суреттері, таратпа тест тапсырмалары, постер, кері байланысқа шарлар,»Ақылдының алты қалпағы» , «Дананың кілттері» , ББҮ, Түртіп алу, Венн диаграммасы әдістері, Слайдтар тізбегі, суреттер, флипчарттар, маркерлер.

Жалпы мақсаты

Тараумен таныстыру. Жер бетіндегі тіршілік үшін ауаның маңызы, ауа газдардың қоспасы екенін,ауа құрамына кіретін газдардың түсі, иісі болмайтынын, ауадағы оттегі неге таусылмайтынын,жасыл өсімдіктердің ауаны оттегіне байытатынын, тіршілік үшін ауа қажетті оттегі екенін, АУАДАЙ ҚАЖЕТ ұғымының осындай өмір тәжірибесінен алынғанын түсіндіру мақсатында.

Міндеттер

Оқушыларды топқа бөліу, «Түртіп алу», «Венн диограммасы» әдістері, слайдтар тізбегі, суреттер, флипчарттар, маркерлер бойынша постер қорғай отырып, құрдастар арқылы оқып түсіну

Мұғалім үшін оқу нәтижелері

1. Жеке, жұппен, топтаса отырып шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау;

2.Баланы оқуға. Әр баланың өз ойын еркін жеткізе білуге бағыттап отыру;

3.Оқушылардың бірін-бірі бағалауы, еркін сөйлеуі,ойланып ,өз ойын жеткізе білу мүмкіндіктерін жасау.

Сабақтың түрі,әдіс тәсілдері

Білімді жүйелеу.

Сұрақ -жауап, ішінара ізденіс, жинақтау, қорыту, талдау.

Жеке, жұптық, топтық жұмыстар арқылы оқушылардың ұжымдық ойлау әрекеттерін ұйымдастыру,

Сабақтың көрнекілігі

Интерактивті тақта, әдістемелік құралдар,бағалау парағы, шарлар, кеспе суретті тест есептері, постерге плакаттар,» Ақылдының алты қалпағы» , «Дананың кілттері» , кері байланысқа ББҮ әдісі, флипчарт, маркер.

Күтілетін нәтиже

1. Жаңа сабақ материалын толық меңгереді;

2. Мәтін мазмұнын түсінеді ;

3. Мәтіннің тақырыбы мен идеясын анықтайды;

4. Жер бетіндегі тіршілік үшін ауаның маңызы оның қандай пайдасы барын ажырата алады;

5 Бір-біріне сұрақ қояды;

6. Ой қорытады;

7. Пікірлерін айтады;

8. Ұжымдасып еңбек етуді үйренеді.

Ұйымдастыру

кезеңі

1. Сәлемдесу;

2. Алдын ала суреттер бойынша топқа оқушыларды топтастырамын.

3. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру барысында оқушылар бір- біріне тілек айтады.

Топ мүшелерінің арасынан топ басшыны сайлау.

Топ басшының атқаратын қызметімен таныстыру.

Сабақтың жүрілуі бойынша мұғалімнің жазбалары: мұғалім немен айналысады және оқушылар немен айналысады.

№ 2-сабақ. Ауаның құрамы

Жаңа сабақ

1.Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

1.АКТ-ның көмегімен тараумен таныстыру. Жер бетіндегі тіршілік үшін ауаның маңызы, ауа газдардың қоспасы екенін, ауа құрамына кіретін газдардың түсі, иісі болмайтынын, ауадағы оттегі неге таусылмайтынын,жасыл өсімдіктердің ауаны оттегіне байытатынын, тіршілік үшін ауа қажетті оттегі екенін, АУАДАЙ ҚАЖЕТ ұғымының осындай өмір тәжірибесінен алынғанын түсіндіру

Оқушыларды топқа бөліп, түртіп алу, Венн диограммасы әдістері, слайдтар тізбегі, суреттер, флипчарттар, маркерлер бойынша постер қорғай отырып, құрдастар арқылы оқиды, түсінеді, берілген тапсырмаларды ой жинақтау арқылы талдай біледі .

Сабақтың барысы

2.Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

1.Қызығушылығын ояту:( 5мин) Мәтінді топтарға бөліктерге бөле отырып үлестіру. Түртіп алу әдісі бойынша берілген тапсырманы сұрау.

2.Мағынаны ашу: (5мин) Мәтін мазмұны бойынша бөліп оқыту.

3.Экономика пәні бойынша жер көлемі экономикалық есепті шешу..

4.Сұрақ жауап кезеңі. Экономика пәні бойынша «Шешеміз, қайталаймыз !»

3.Ой толғау. (10мин)

5.Топтарға тапсырма беру: «Ақылдының алты қалпағы» берілген тапсырманы талдау. « Дананың кілттері» әдісінде «егер де, керісінше, кемшіліктер, жөнсіздіктер, тағы қандай, жаңа дизайн » кілттеріндегі сұрақтарға жауап бере отырып қорғау.(10мин) 7 .Постер қорғау. (10мин)

1- топ ағаш пен гүлдің қажеттілігі. 2-топ: алма ағашы мен жауқазынның қажеттілігі. 3-топ: шырша мен гүлдің қажеттілігі.

4-топ шие ағашы мен гүлдің қажеттілігі.

5-топ: пальма ағашы мен гүлдің қажеттілігі. 6-топ жаңғақ ағашы мен шиенің қажеттілігі.

1. Оқушылар жеке мәтін бөлігімен танысады.

Әр топ мәтіннің бөлігі бойынша түсінігін ортаға салып, топта талдайды.

2. Сұрақтарға жауап беріп, түртіп алу әдісін талдайды.

3.. Алма суретін таратып, жер бетіндегі құнарлы жерлер қанша екенін белгілеп анықтайды.

4.Экономикамен байланыстыра отырып судың қасиетін, ауа климаты, оттегінің пайдасын, өсімдіктердің табиғаттағы алатын орны туралы бірнеше тапсырмалар бойынша ой түйіндейді.

5. Сөз мағынасын танып, әр қалпақ өз ойын айтады.

6 . Сызбаны толықтырып жазады

Әр топ өз тапсырмаларын топпен бірлесе отырып ой түйіндеп қорғайды.. Әр топ өз тапсырмаларына қарай бір мақалдан айтады.

4. Әр топтағы оқушылар бір біріне шарға тілек жазады.

5. Топ оқушыларының жұмысын топ басшысына бағалату;

6. Берілген бағалау парағына топ басшысының бағалауы бойынша бағаларын қоюын қадағалау.

Шарға тілек жазу.. Кері байланыс ББҮ әдісі бойынша алма ағашына жапсырылады.

Топ оқушыларының жұмысын топ басшысы бағалайды;

Берілген бағалау парағына топ басшылары өздерінің бағалауы бойынша бағаларын қояды, айтады.

Бекіту 5мин

3.Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

«Әңгіме кестесі» стратегиясы бойынша мәтінді талдатады.

Мақсаты:оқушылар берілген сұрақтардың жауабын іздейді, талдайды, анықтайды, жазады.

Оқушылар жауабын бағалау;

Оқушылар мәтінді толық талдайды.

Топ басшылары бағалайды.

Қорыту Күтілетін нәтиже

4.Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Кері байланыс

Оқушы өзіне бүгінгі сабақтан алған жаңалығын ,әсерін әр топқа таратылып берілген, үрленген шарды бір-біріне ұластыра отырып, өз лікірін, сабақтан алған әсерін сол шарға жазады.

Бағалау

5.Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сабақ барысында формативті бағалау жүргізу. ( жарайсыңдар, жақсы, өте жақсы, керемет т.б)

Берілген бағалау парағындағы оқушылардың бағаларын қорыту

Бағалау парағындағы өз ұпайларын есептейді, өзін - өзі бағалайды.

Үйге тапсырма

6.Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Тапсырмалар тақтада жазылады.

«Ауаның құрамы» тақтаға жазу.

Күнделікке жазады.

Рефлексия

Дүниетану және экономика пәндерін байланыстыра отырып кіріктірілген сабақты өткізу мақсатымыз: әр - бір дарынды оқушыны және әлі де өз ойын еркін жеткізуге , ашылып сөйлеуге ұялшақтық танытатын, өз ойын сөйлеу арқылы емес, сурет салу арқылы еркін жеткізетін оқушыларды да толық сабаққа қатыстыру мақсатында бұл сабаққа оқу үрдістерінің бірнеше әдістерін енгіздім. Оқушыларға алдымен жаңа сабақпен өз беттерінше танысып келу үшін «Түртіп алу » әдісін пайдалана отырып, өз беттерінше оқыған мәтіннің нәтижесін жұпта, сосын топта талдау арқылы үй тапсырмасы мен экономика пәнін байланыстыра тест, жер шарының сырын алма арқылы талдау, әр топ бір- біріне сұрақ - жауап кезеңін қоя отырып мақал - мәтелдер сайысы жүргізілгені, ерекше әр оқушының сабаққа деген қызығушылығын аша түсті. «Ақылдының алты қалпағы » әдісі әр топ - судың маңызы, ауаның құрамы, экожүйе , экология, табиғатты қорғау және оның тазалығы тақырыптарын топ болып талдап алты қалпақ әдісімен ой түйді. « Дананың кілттері» әдісінде «егер де, керісінше, кемшіліктер, жөнсіздіктер, тағы қандай, жаңа дизайн » кілттерін тақтаға іліп алты топтан әр топ өздері таңдаған оқушыларды шығарды. Олар таңдап алған кілт тақырыбына сай өз арман - тілектерін ортаға салып, өз қаламыз бен өз еліміздің өркендеуіне қалай ат салысу керектігін айтып өтті. Бұл әдіс бойынша сөйлеу, ой қозғау, баланың болашаққа деген қызығушылығын, өз елін, өзінің қала тазалығы мен сұлулығын, экономиканың өркендеп өсуіне ат салысатын азамат болып өсуге тәрбиелеу дер едім. « Венн диограммасы» әдісі бойынша дүниетану және экономика пәндерінің нені зерттейтіні, ұқсастығы, айырмашылығы барысында талданды. Бұл әдістен бала терең ойлауға, пәндерді байланыстыру арқылы салыстыра сөйлеуге машықтанды дер едім. «Постер» қорғау әдісінде алты топқа экономикамен байланыстыра отырып , тірі және өлі табиғаттың байланысын сурет арқылы салу және әр топ қорғау барысында тақырыпқа сай бір мақалдан айту керек болды. Бұл әдісте сабаққа қатыспайтын бала болмайды, себебі кем дегенде суретті салып ,бояуға таласып, өз тобы үшін намысын қорғауға тырысқан бала қуанышын көруге болады.«ББҮ » сызба әдісі білемін, білгім келеді, үйрендім сөздерін үш алма ағашына тақырып етіп ілінді. Әр алма ағашына оқушылар өз ойларын кері байланыс арқылы жазып жапсырды. Сабақ барысында формативті бағалау жүргізілді онда ( жарайсыңдар, жақсы, өте жақсы, керемет т.б).

Әр топқа берілген бағалау парағындағы оқушылардың өз ұпайларын есептеп, өзін - өзі бағалау кезеңі жүргізілді. Оқушылар өздеріне бүгінгі сабақтан алған жаңалығын ,әсерін айту үшін кері байланыс:

«Өз тілегіңді шарға жазу» әдісі бойынша әр топ өз тілектерін шарға жазып бір - біріне ауыстырып отырады. Сол шарға жазған бірер оқушының жазған кері байланысы: .....Мен бұл сабақтарды өте жақсы көремін , әр кез сабақты асыға күтемін. ...Мен бұл сабақтан көп әдістерді қызыға үйрендім. .... Сабақ өте тартымды өтті. ...Бұл сабақ біздің алтыншы топ үшін өте ұнады, сабаққа өте ұйымшыл қатыстық топ басшысы..... сонымен қатар сабаққа қатысқан мұғалімдер де өз тілек , мақсатын шарға жазып кетті. Несіпкүл апай; нағыз кіріктірілген сабақ осы болды. Ауамыз таза , денсаулығымыз мықты болсын! Ұстаздар еңбектеріңіз жана берсін! Жарайсыңдар!!!! Фарида апай; бүгінгі сабақ өз деңгейінде өтті.Балаларға рахмет. Сабақта белсенділік көрсете білді.Келешекте сәттілік тілеймін..... Жамила апай; Бұл саюақ күндегі сабақтан өзгеше екені, әдістерді оқушылардың білімділікпен қолдануы, сабаққа толық қатысуы ұнады.Сабақ өте жақсы өтті.Алдағы уақытта тек сәттілік тілеймін........ Бейсенкүл апай; Бүгінгі сабақ жан жақты жоспарланған, кіріктірілген екі пән өзара тығыз байланысқан, сабақта СТО, АКТ толық қамтылған, сабақ ойын түрінде өте жақсы өтті. Қос ұстаз Забира және Зәуре апайларға көп рахмет........ Гүлнар апай; сабақтағы әдістер, өз ара байланыс, оқушылардың сабаққа деген ынтасы, сөйлеуі, екі ұстаздың сабақ жүргізу әдісі мен үшін үлкен үйренерлік тәжірибе алмасу болды..Сіздерге тек сәттілк, творчествалық табыс тілеймін....... Гүлмира апай; сабақ өте тамаша өтті. Сіздерге сәттілік тілеймін, бүгінгі сабақтан үйренерім көп болды....... Үйге тапсырма «Ауаның құрамы» тақтаға жазып, оқушылар күнделікке жазды және бағаларын қойып шықтым.

Күтілетін нәтиже; мұншалықты әдістерді екі пәнді кіріктіру сабағында пайдаланғандағы күтілетін нәтиже балалар жан- жақтылыққа жаттығады, еркін сөйлей алады, өз ойын түйіп айтады, топтық, жұптық жұмысты меңгеруге машықтанады, тәрбиелі және болашақта өз заманының көшбасшысы бола алады деп үміттенемін.

Ауаның құрамы (Қысқа мерзімді жоспарАуаның құрамы (Қысқа мерзімді жоспар

Ауаның құрамы (Қысқа мерзімді жоспарАуаның құрамы (Қысқа мерзімді жоспар

Ауаның құрамы (Қысқа мерзімді жоспарАуаның құрамы (Қысқа мерзімді жоспар

Ауаның құрамы (Қысқа мерзімді жоспарАуаның құрамы (Қысқа мерзімді жоспар

Ауаның құрамы (Қысқа мерзімді жоспарАуаның құрамы (Қысқа мерзімді жоспар

Ауаның құрамы (Қысқа мерзімді жоспарАуаның құрамы (Қысқа мерзімді жоспар

Ауаның құрамы (Қысқа мерзімді жоспарАуаның құрамы (Қысқа мерзімді жоспар

Ауаның құрамы (Қысқа мерзімді жоспар


© 2010-2022