«Сый, тый» сөздерінің жазылуы

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: «Сый, тый» сөздерінің жазылуы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға сый, тый және бұлардан тараған сөздерге (ый) жазылатынын түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын молайту, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.
Типі: Аралас
Әдіс-тәсілдері: Әңгімелеу, сұрақ-жауап, түсіндіру, салыстыру, көрнекілікпен жұмыс.

Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
- Балалар, сендердің үйлеріңе қонақ келе ме?
- Сендер қонаққа бардыңдар ма?
- Қонақты қалай күту керек?
Оларға сый-сияпат, құрмет көрсетуіміз керек.
Ендеше, біз бүгінгі қонағымызға қандай сый-сияпат көрсетеміз. Бұл кісілерді жақсылап күтуіміз керек.
- Ол үшін сендер не істеулерің керек?
- Сабаққа жақсы қатысып, жақсы оқуымыз керек.
- Жарайсыңдар.
«Сыйласаң сыйлы боларсың» деген сөздің мағынасын сұрау.

ІІ. Жаңа сабақ.
Бүгінгі тақырыбымыз: «Сый - тый және бұлардан тараған сөздерге тек ый жазылады.
лық
лы
ым
ла
- Қане, ендеше қандай тыйым сөздерді білеміз?
«Жалғыстыр» ойынын ойнаймыз.
Не істеуге болмайды?
1. Үлкендердің алдынан кесіп өтуге болмайды.
2. Кішкене баланы жылатуға болмайды.
3. Құстарды атуға болмайды.
4. Сабақтан кешігуге болмайды
5. Сыныпта айғайлауға болмайды.
Не істеу керек?
1. Үлкен кісіні сыйлау керек.
2. Үлкеннің тілін алу керек.
3. Үлкендерге сәлем беру керек.
4. Аналарды, апаларды сыйлау керек.
5. Оқу құралдарын күтіп ұстау керек.

ІІІ. Кітаппен жұмыс.
52 - жаттығу. «Сыйға - сый» өлеңін оқу, қарамен жазылған сыйлайды, жинайды сөздерін салыстыру.
Дүниетанумен байланыстыру. Сыйға - сый дегенді қалай түсінесің?

ІV. Өз бетімен жұмыс.


53 - жаттығу. Көшіріп жазу, жазылуын есте сақтау.
Сый, сыйлық, сыйла, сыйды.
Тый, тыйым, тыйылды.


54 - жаттығу.

Сыйла, сыйды, тыйым сөздерін қатыстырып сөйлемдер құра.

55-жаттығу. Көп нүктенің орнына и мен ый -дың тиістісін қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.Неліктен солай жазғаныңды дәлелде.

1.Ол маған кітап сыйлады.2.Сиыр өрістен қайтты.3.Мұрат домбыраға тиек жасады.4.Атасы Қанатқа жаман сөз айтуға тыйм салды.


V. Сабақты пысықтау.

VІ. Бағалау
VІІ. Үйге тапсырма.
«Менің сыйлығым» тақырыбына шығарма жазу.

© 2010-2022