Екі таңбалы санды қосу және азайту тәсілдері

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Екі таңбалы санды қосу және азайту тәсілдері

Сынып: 2 сынып
Сабақ: математика
Сабақтың тақырыбы:«Екі таңбалы санды қосу және азайту тәсілдері».
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: ондықтарды қосу және азайтуға, бірліктерді разрядтан аттау арқылы қосуға негізделген ауызша есептеу тәсілдерімен таныстыру; өтілген есептеу тәсілдерін пысықтау; оларды есеп шығару кезінде қолдана алуға үйрету.
2. Дамытушылық: санның құрамына өрнектер құрастыра білу дағдыларын дамыту, шапшаң есептеу дағдысын, математикалық тіл байлығын дамыту; санның құрамын қайталау, логикалық ойлау қабілетін, зейінін дамыту; есепті шығара алу дағдыларын дамыту.
3. Тәрбиелік: экономикалық тәрбие беру, тазалыққа тәрбиелеу; ептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың өтілу әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, талдау - жинақтау, рефлексия.
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, ойындар, суреттер.

Сабақтың барысы.
І Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды сабаққа дайындау, мақсаты мен міндетін хабарлау.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеріп, зейіндерін сабаққа аудару.

Психологиялық дайындық:
- Бір - бірімізге табыс, сәттілік тілейміз.
Нұрға толы бар аймақ,
Күн шыққанда арайлап.
Ұйқымыздан тұрғанда,
«Қайырлы таң ботам» - деп
Күлімдейді жан анам.
Қайырлы таң ұстазым!
Қайырлы таң достарым!
Қайырлы таң қонақтар!

Сәлеметсіздер ме! Балалар сабақта дұрыс отыру ережелеріне назар аударалық.
Сабақта топтардың ережелерін еске салу.
1 - ереже: Сабақта бір - бірімізді тыңдаймыз!
2 - ереже: Математика пәні нақты ғылымдар болғандықтан нақты, дәл жауап береміз!
3 - ереже: Сабақта өзіміздің тапқырлығымызды, шапшаңдығымызды көрсетеміз!
4 - ереже: Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!
І. Үй тапсырмасын тексеру.
ІI. Қызығушылығын ояту.
«Кім тапқыр?» ойынын ойнату
66+12
45+5
12 - 7
55 - 5
34+6
58+2
34 - 4
58 - 8
33+7
57+3
33 - 3
57 - 7

«Есептеуіш машина» немесе «Компьютер» ойыны:
2 ондықтан 5 бірлікті кеміт;
2 ондықтан 4 бірліктен 9 бірлікті азайт;
8 бірлікті 9 - ға арттыр;
1 онд. 7 бірл. болатын санды көрсет;
17 бірлікпен 3 - тің қосындысынан 6 - ны азайт.
Математикалық диктант

Баған бойынша жазбаша қосу және азайту (тақтамен жұмыс)
63 84 24 89 72
+ - + - +
21 21 65 24 17

Сергіту сәті
Бір, екі, үш,
Бір, екі, үш
Жинап алып күш,
Желдеткішті ашайық,
Шаң тозаңды басайық!

Жаңа сабақ:
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Екі таңбалы санды қосу және азайту тәсілдері». Өткенді қайталау.
Дәптерімізді ашайық,
Салақтықтан қашайық.
Қолға қалам алайық,
Көркем етіп жазайық.
"Кім жылдам?" Семантикалық карта
Мысал ---- 65 ----- 43 ----- 77 ----- 36
85 - 8
56+9
34+9
28+8
Оқулықпен жұмыс. №2. Есепті шығар.
Жазда Аружан теңіз жағасында демалды. Ол 60 кішкентай, ал одан 40 дана кем үлкен ұлу қабыршасын жинады. Аружан барлығы неше ұлу қабыршасын жинады?

Уақытқа есепте
13 - 9=
11 - 3=
6+8 =
14 - 7 =
12 - 8=
5+9=
16 - 7 =
9+8 =
8+3=
17 - 9=

Сабақты қорытындылау:
Үйге тапсырма:
Күнделікті енді алайық,
Үй тапсырмасын жазайық
Математикадан алған білімді
Ұмытпай есте сақтайық.
Бағалау:
«5» - бәрекелді,
«4» - шіркін,
«3» - әттең



© 2010-2022