Әдебиеттік оқу Таза бұлақ

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Таза бұлақ» Ы.Алтынсарин

Сабақтың мақсаты Адамзат пен табиғат арасындағы байланысты айқындауды үйрену.

Сабақтың міндеттері:1.Әңгіменің мазмұнын түсіну,бұлақ сөзінің мағынасын білу.

2.Нақыл сөздерді тауып,жаза алу.

3.Мәтіндегі үш жолаушының ойын бағалай алуы.

4.Топтық жұмыс кезінде өз ойын жүйелі жеткізу.

Күтілетін нәтиже: -Әңгіменің мазмұнын аша біледі.

-Оқушылар өз ойларын,пікірлерін ашық айта біледі.

-Нақыл сөздерді тауып,жаза алады.

-Жаңа сөздерді меңгереді.

Бағалау критерийі: (Оқушылардың алдына кесте тарату.)

-Мәтінді сауатты,мәнерлеп оқуы.

-Мәтінге жоспар құруы.

-Жоспар бойынша мәтінді түсінуі.

Сабақтың типі жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың түрі аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер топтастыру,сұрақ-жауап,бағытталған сұрақ,автобус аялдамасы,

Көрнекілігі тақырыпқа байланысты суреттер,карточкалар,қосымша материалдар.

Сабақ барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық дайындық.(Өлңді хормен айтады.)

Табиғатым тамаша,

Көз тоймайды қараса.

Табиғатты аялап,

Жүрейікші жараса.

2.Топқа бөлу Оқушыларға көлдердің,өзендердің,мұхиттардың аттары жазылған қағаздар алғызу.Сол бойынша топқа бөлу.

3.Ой қозғау. Тақырыпты ашуға бағытталған сұрақтар

-Топ аттары қалай аталады?

- Олар нені білдіреді?

-Қалай ойлайсыңдар неліктен топ аттары осылай аталды?

-Қалай пайда болады ?

-Бұлақ дегеніміз не?

-Бұлақ қандай болады?

-Бұлақтың,судың пайдасы қандай?

-Судың зияны бар ма? т.б

Оқушылар су сөзінің мағынасын ашады.СУ-жаңбыр,қар,бұршақ,бұлақ,өзен,көл,мұхит,теңіз,таза,мөлдір,салқын,түссіз т.

4.Жаңа сабақ:.Таза бұлақ.Ы.Алтынсарин кім?

Таза бұлақ әңгімесін оқыту.Мәтінді бөліктерге бөліп үш топқа оқыту. Әр топ өз оқығандарын айтып береді. Толық мәтінді түсінгенін білу үшін сұрақтарға жауап алу.

-Үш жолаушы бұлақ басынан қандай жазуды оқыды?

-Бірінші жолаушының бұлақ басындағы жазу туралы пікірі қандай болды?

-Екінші жолаушының бұлақ басындағы жазу туралы пікірі қандай болды?

-Сіз қай жолаушының пікіріне қосыласыз?

-Үш жолаушы неге бірдей ойламады?

-Егер де сіз сол жолаушылардың орнында болсаңыз бұлақ басындағы жазуды қалай түсіндірер едіңіз?

-Судың қандай қасиеттерін білдік?

5.Сергіту сәті:. Тамшы болып тамайық (бір орында секіреді)

Арықпен бірге ағайық (екі-екіден бірігеді)

Көлшік болып жиналып (төрт-төрттен бірігеді)

Күнге қолды бұлғайық(қолдарын жоғары көтереді)

Күн көзімен тұрайық ( жеке-жеке тарай бастайды)

Әңгімеге жоспар құру.1. Бұлақ басы

2. Тастағы жазу

3.1-ші жолаушының сөзі.

4. 2-ші жолаушының сөзі

5. 3-ші жолаушының сөзі

Осы жоспар бойынша тағы мазмұнын әңгімелету.

Ой толғау кезеңі

Тапсырма 1.Мәтіннен ағып жатқан бұлақты суреттейтін тұсты тауып оқы.

2.Мәтіндегі үш жолаушының пікірлеріндегі нақыл сөздерді тауып,дәптерге жазыңдар.

Сен де адам ,тынбай қызмет қыл,еш уақытта жалқауланып тоқтап қалма,сөйтсең ақырында сен де зорайып мұратыңа жетесің.

Біреуге жақсылық етсең ,ол жақсылығыңды ешкімге міндет етпе.

Көңіліңді,бойыңды осы бұлақтай таза сақта

Тапсырма 2.Автобус аялдамасы.(Оқушыларға сұрақтар жазылған қағаз тарату.

1-ші топқа .Өзен, көл, мұхит,теңіз аттарын жаз.

2-ші топқа.

3-ші топқа.

6.Бекіту : .Мен сендердің бұлақтың суындай мөлдір тап-таза болып өскендеріңді тілеймін.Жаны таза адам тек жақсылыққа ұмтылады.Жақсы адам болуға ұмтылыңыздар.

7.Үйренуге тапсырма: «Су тіршілік көзі» тақырыбына эссе

8. Бағалау.Критерилер бойынша оқушылар әр этап бойы бағалап отырады.

.

© 2010-2022