Қоршаған орта Бағдаршам және көлік түрлері

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Бағдаршам және көлік түрлері»

Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларды жол жүру ережесімен таныстыру.

2. Оқушыларды жол қауіпсіздігін есте сақтауға,білуге үйрету.

3.Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақатуға тәрбиелеу.

4.Көлік туралы түсініктерін бекіту, көлік түрлерін салыстырып, ортақ белгілеріне мен айырмашылықтарын тауып, жерде,ауада,суда жүретін түрлеріне қарай жіктеуге үйрету.

Көрнекілігі: Бағдаршам, жол белгілері салынған суреттер, жол ережесіне арналған буклет.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

-Сәлемдесу.

Үй тапсырмасын сұрау. Қыс мезгіліне орай «Қыс» туралы тақпақ жаттау.

3-4 баладан сұрап өту.

2.Жаңа сабақ.

Жұмбақ шешу арқылы ашу.

  • Көзін ашып жұмады,

  • Бағыт сілтеп тұрады.

Шешуі: бағдаршам

Қоршаған орта Бағдаршам және көлік түрлері

-Бүгінгі тақырыбымыз «Бағдаршам және көлік түрлері»

-Бағдаршамның неше көзі бар?

-Үш көзі.

-Олар нені білдіреді?

-Кім айтады?

-Қызыл-Тоқта!

-Сары-Күт!

-Жасыл-Жүр! дегенді білдіреді.

-Өте жақсы.

-Балалар сендер көшеде жүру ережесін білесіңдер ме?

-Онда оқушыларды тыңдайық.

(Ортаға оқушылар шығады)

Бақытжан,Рамазан,Ислам,Жанболат,Қарақат,Зере,Бекболат.

1.Қала мен оның көшесінде,

Жүрмейді тек алаңсыз.

Ережесін білмесеңіз,

Түседі қайғы амалсыз.

2. Сақтық ойлар әрдайым,

Кеудесінде жаны бар.

Жүргінші мен жүргізушінің

Өзіне тән заңы бар.

3. Қызыл көзі жанса,

Мейлі көлік жоқта.

Қатып қалған жанша,

Қыбыр етпе, тоқта!

4. Сары көзі жанса,

Сен мынаны аңғар.

Тұрып қалмай онша,

Қозғалуға қамдал.

5. Жанса көзі жасыл,

Жолың айдай ашық.

Жүре бергін батыл,

Керегі жоқ сасып.

6. Оң жақ жасыл жанса,

Бұрыласың оңғ,а.

Сол жақ жасыл жанса,

Бұрыласың солға.

7.Ала таяқ ұстаған,

Жол тәртібің нұсқаған.

Өміріңді күзеткен,

Милиционер күшті адам.

Хормен: Жолда жүру ережесін,

Білгенің жөн бес саусақтай.

Сонда ған жүре аласың,

Сен өзіңді сау сақтап.

-Ал енді тәртіп сақшысының сауалдарына жауап берейік .

1. Жиек жол деген не?

(Адам жүретін көше жиегіндегі тар жол)

2. Жаяуға қай жермен жүруге болмайды?

(көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді)

3.Көшеде жүру тәртібін не басқарады? (бағдаршамның қызметі туралы айтады)

4.Көше қиылыстарында қай жерлерден өтуге болады?

(Көшенің екінші көшемен қиылысқан жерінде ақ жолақтармен өтеміз)

5. Бағдаршам жоқ көшеден қалай өтеміз?

(Сол жаққа, оң жаққа қараймыз) (Оқушы көрсетеді)

-Өте жақсы балалар.

Балалар сонымен бірге көшеде нелер жүреді?

-Көліктер. Көлік дегеніміз не? (адамдар және жүктерді тасымалдайды) оларды біз 3 топқа бөлеміз. Ауадағы, судағы, жердегі.

Ауадағы көліктерге нелер жатады?

Ұшақ,тікұшақ, әуе шары.

Судағы көліктер: Кеме,қайық.

Жердегі көліктер: мәшине, жүк мәшинесі, трактор, автобус, трамвай т.б

Балалар осы жердегі көліктердің ұқсастықтары бар ма?

-Дөңгелектері. Ал оларға дөңгелек не үшін керек? (Жүру үшін)

Ал егер біз алыс елге баратын болсақ қандай көлікпен барамыз? (Ұшақпен)

Олар қайда ұшады? (Аспанда)

Мына көліктердің ортақ белгілері суда жүзеді.

Ал қазір бойымызды сергітіп «Өз орнын тап» деген ойын ойнайық.

Тақтада орындары ауысқан суреттерді өз орнына орналастырамыз.

(Көліктерді өз орнына қою)

-Жақсы .

Балалар әртүлі көлік түрлері болған адамдарға қолайлы ма? Өте қолайлы.

-Ал мұндай көліктер бұрыннан бар ма?

Ертеде көлік болмаған кезде қалай жүрген? (Атпен,есекпен,түйемен)

Қорытынды: бүгінгі сабақты қорыта келе жұмбақтар шешейік.

1.Ұзын өзен,

Суы жоқ. (Жол)

2. Гүрілдеп жүреді,

Жердің бетін сүреді. (Трактор)

3. Қанаты бар қақпайды,

Аспанда тыныш таппайды. (Самолет)

4. Суда-көлік,

Құмда-өлік. (Қайық)

5.Көше бойлап аяңдайды,

Адам тасып аялдайды. (Автобус)

6. Бір-біріне қарап үйлер тіркесіп,

Қара тұлпар жүр әрі-бері көшіп. ( Пойыз)

7. Сымға асылып,

Жүр асығып.

Дыз-дыз етіп жүрегі,

Сымнан ұстап жүреді.

Өзіне адам мінеді,

Ол не,ал кім біледі? (Троллейбус)

-Сабаққа қатысқан балаларды мадақтау.




"Приозерск қаласының №2 МББК"КММ



Ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы:

"Бағдаршам және көлік түрлері"

Өткізген: Ауесбаева А.С

Даярлық сыныбы 0"в"


2013- 2014 оқу жылы

© 2010-2022