Математика 7 санының құрамы (1 класс)

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Математика 7 санының құрамы (1 класс)Математика 7 санының құрамы (1 класс)Математика 7 санының құрамы (1 класс)Математика 7 санының құрамы (1 класс)Математика 7 санының құрамы (1 класс)Математика 7 санының құрамы (1 класс)Математика 7 санының құрамы (1 класс)Математика 7 санының құрамы (1 класс)Математика 7 санының құрамы (1 класс)Математика 7 санының құрамы (1 класс)Математика 7 санының құрамы (1 класс)Математика 7 санының құрамы (1 класс)Математика 7 санының құрамы (1 класс)Математика 7 санының құрамы (1 класс)Математика 7 санының құрамы (1 класс)Математика 7 санының құрамы (1 класс)Математика 7 санының құрамы (1 класс)Математика 7 санының құрамы (1 класс)Математика 7 санының құрамы (1 класс)Мерзімі: 18.11.2015 жыл Математика 1-сынып

Сабақтың тақырыбы

7 санының құрамы

Сабақтың мақсаты

7 санының құрамын ажырата білуге, 7-ні 0,1,2,...,6 сандарымен салыстыруға, суреттің сюжеті бойынша сәйкес амалды дұрыс таңдауға үйрету.

Әдіс-тәсілдер

АКТ, СТО әдістері ( «Мен саған, сен маған», «Топтастыру», «Кубизм » әдістері, топпен жұмыс, жеке оқушымен жұмыс.

Құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер

Оқулық, дәптер, қаламсап, суреттер, қима қағаздар, интерактивті тақта.

Күтілетін нәтиже

Балалар 7 санының құрамын түсінді.

Барысы

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Кіріспе



Топтастыру

Психологиялық дайындық

Қайырлы күн деп айтамыз,

Бір болып үйге қайтамыз.

Отанның біз гүліміз,

Көңілді жақсы өтер күніміз.

Топқа бөлу

- Балалар түстің өзі негізгі жеті түстен тұрады. Жеті түске байланысты топқа бөлінеміз.

Өткен 7 санын бекіту

- Өткен сабақта қандай санмен таныстық?

- 7 саны туралы не білеміз?

7 ата 7 апта 7 қазына

Жеті

7 қарақшы 7 нан

Шеңберге тұрады, өлеңді айтады, өлеңге сәйкес қимыл жасайды.

Оқушылар түске байланысты топқа бөлінді.

1-топ - сары түс

2-топ - көк түс

3-топ - қызыл түс

7 санына қатысты ұғымдарды айтады.

Дарындымен жұмыс

Негізгі бөлім





Топпен жұмыс

Сергіту сәті

Топтық тапсырма

Жеке жұмыс

Өзіндік жұмыс

«Ыстық картоп» әдісі

Топпен жұмыс

«Кубизм» әдісі


Топ басшысын анықтау

1-топ Аулада жүрген бұзаулар мен тауықтардың аяқтарының саны - он. Аулада неше тауық, неше бұзау болуы мүмкін?

2-топ Аулада тұрған әртүрлі көліктердің (жеңіл машина, мотоцикл,велосипед) дөңгелектерінің саны он болды. Аулада неше жеңіл машина, мотоцикл, велосипед тұр?

3-топ Ағаш басында 2 балық отыр еді. Оларға тағы 2 балық ұшып келді. Барлығы неше балық болды?

Ой қозғау

-Балалар, өткен сабақта 7 санымен және цифрымен танысқан болатынбыз. Енді бүгінгі сабағымызда осы 7 санының құрамымен, яғни 7 саны қандай сандардың қосындысы екенін білетін боламыз. Біздің қазақ халқында 7 саны киелі сан болып саналады екен, мына өлең жолдарына құлақ салайық.

Жеті саны туралы
Киелі сан жеті деген,
Байланысты жетіменен.
Көп ұғымы халқымыздың,
Белгісіндей салтымыздың.
Жеті қат көк жер үсті,
Жеті қабат жер асты.
Жеті Жарғы - заң жеті,
Қазынамыз бар жеті.
Жеті атамыз тегі жұрт,
Ағайынды жеті жұт.
Қызықтырар құбылыс
Жеті түсті шұғыла.
Жерде бар жеті керемет,
Жеті шелпек берекет.
Жаңа сабақ 7 санының құрамы

Дәптермен жұмыс

7 санын көркем жазу

Оқулықтағы 1-мысал слайд бойынша 7 санының құрамы анықталады.

Сурет бойынша теңдіктер құрып, оларды оқу.


Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Алақанды ашамыз,

Беске бесті қосамыз.

Кел, санайық, ал мұны

Нешеу болды барлығы?

Сандар қатарын еске түсіру үшін тура және кері санау.

1-топ 2-тапсырма

Кесінділердің ұзындығын өлшеп,

салыстыру.

2-топ 5- тапсырма

Кесінділердің ұзындығын өлшеп, теңдіктер құру

3-топ 5- тапсырма

Кесінділердің ұзындығын өлшеп, теңдіктер құру

«Қай сандар жетіспейді?» ойыны

Мұғалім екі санды айтады, оқушы олардың арасындағы санды атауы тиіс.

«1,3», «2,4», «3, 5», «4,6», «5,7»

4-тапсырма Сандарды салыстыру

0 * 7 7 см * 5 см 3 * 7 2 см * 7 см

7 * 7 7 см * 7 см 7 * 6 7 см * 4 см

Әр топ қарсы топтан 7,6,5,4 сандарының құрамын сұрайды.

Шығармашылық тапсырма

Салыстыр. Ұқсастығы неде? Айырмашылығы ше?

«Кім жылдам ?» ойыны

Ойын арқылы 7 санының құрамын табу. Кубиктің әр қырына жазылған жұмбақ есептің жауабын айту.

  1. Санын білмей сәбіздің,

Қоян әбден тосылды.

Көмектесіп жіберші,

Құтқарып сен досыңды.

Оң қолыңда төрт сәбіз,

Сол қолыңда үш сәбіз.

  1. Айболда бес өрік

Нұрболда екі өрік.

Барлығын қосқанда,

Болады неше өрік?

  1. Маратта алты алма,

Саматта бір алма.

Санашы,санашы,

Барлығы неше алма?

Топтағы оқушылар ойланады,алғыры, дарындысы жауап береді.

Топбасшы топтағы балаларды жұлдызшалар арқылы бағалайды.





7 цифрын жазады.

7

7

7

6 1 5 2 4 3

Әр топ өздеріне берілген тапсырманы орындайды.

Балалар жаттығулар жасайды.

Тақтаға орындайды.

7 см > 6 см

5 см + 2 см = см

см + см= см

7 см - 2 см = см

см - см = см

Оқушылар қалып қойған сандарды атайды.

«2», «3», «4», «5», «6»

Тапсырманы дәптерлеріне орындайды.

Әр топ оқушылары сұраққа жауап береді.

Топбасшы постер қорғайды.

Әр топ мүшелері жұмбақ есептің жауабын табады.


Бағалау

Мұғалім жекелеген оқушыларды ұпай санына қарай мадақтайды.

Топбасшы жұлдызшаларды санайды, топты бағалайды. Ұпай жұлдызшалар арқылы жеңіске жеткен топты қол соғып құттықтау.

Рефлексия

Бүгінгі сабақта мен не меңгердім?

Сабақ барысында мен не жасай алдым?

Бүгінгі сабақта маған не ұнады?

Оқушылар смайликтер арқылы ойларын ауызша білдіреді.



© 2010-2022