Конспект классного часа на тему «Еліміздің еркіндігі - Тәуелсіздік»

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«№44 жалпы негізгі білім беретін мектеп» КММ

Бекітемін

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

_______ Ш.А.Сапанова

«___» ________ 2013ж.

Ашық тәрбие сағаты


Тақырыбы: «Еліміздің еркіндігі - Тәуелсіздік»

(5-сынып)





Сынып жетекшісі: Сыздыкова С.С.








Семей қаласы

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Еліміздің еркіндігі - Тәуелсіздік»

Сабақ мақсаты: оқушыларды отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға дұрыс бағыт-бағдар беру, өз елінің тарихын сыйлауға үйрету, оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: ҚР 1991-2010 жылға дейінгі тарихынан үзінділер бейнеленген слайдтар, үн қағаздар, буклеттер, үнтаспа.

Тәрбие сағатының түрі: таным сағаты

Барысы:

«Көңіл толқыны» күйі орындалып тұрады.

І-жүргізуші : Ел болып жатқан шақта қосып тілек,

Ойламан бақыт құсы кешікті деп.

«Тербелді Тәуелсіз күн,тал бесігі»

Бұл күнді жүруші еді -ау тосып жүрек.

2-жүргізуші : Кезегі келді міне,тосқан күннің,

Қар жауып,қайта ашылды аспан бүгін.

Қарашы,ақша бұлтқа кетті айналып,

Еңсемізді қашаннан басқан мұңым.

І-ж : Қайырлы күн,қымбатты ұстаздар, оқушылар !.

2-ж: Армысыздар, қымбатты көрермендер ! «Еліміздің еркіндігі - Тәуелсіздік» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер !

Әнұран орындалады.

(Қайрат рухы сахнаға шығады.Үсті-басы жырым-жырым,қолында кісен)

Қайрат(Темірлан) : Күнәдан таза басым бар,

Жиырма бірде жасым бар.

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай жаным бар,

Алам десең,алыңдар!

Мен не етермін,не етермін.

Мен келмеске кетермін,

Көрмеген қош бол таңдарым,

Көре алмай мен өтермін.

Қайрат деген атым бар

Қазақ деген затым бар.

«Еркек тоқты - құрбандық»

Атам десең,атыңдар!

(Қайрат рухы кісенін сылдыратып сахнадан баяу шығып кетеді)

1-жүргізуші: Сол Желтоқсан оқиғасы қанша ызғарлы естілсе де жанымызға нұр септі. Мәңгілік егемендікті алып келгенінің арқасында дүние жүзіне танымал ел болдық. Желбіреген көк байрағымыз, айбынды әнұранымыз, жарқыраған елтаңбамыз төрімізде ілулі тұр.

Хор: «Желтоқсан желі».

Арайлым: 1986 жыл, 16-желтоқсан. Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жақын, әрі қаралы да, қасіретті күн еді.

Мұз жастанып азаттықтын жолында,

Тәуелсіздік туы тұрды қолында.

Сойыл таяқ ойнаса да жанында.

Отан үшін жанын қиды ұлдарың,

Аз болған жоқ азап шеккен қыздарың,

Күйініштен ауырады жүрегім,

Естігенде желтоқсанның ызғарын.

Желтоқсан-ау, ұмытылмайсың жүректе,

Ұрпақ өсер айналатын тірекке,

Егемендік тиді бүгін еншіме,

Желтоқсаным,жеткіздің ақ тілекке.

1-жүргізуші: Желтоқсан көтерілісінің арқасында 1991 жылы еліміз өз алдына егемендік алып, тұңғыш Тәуелсіз ел дүниеге келді.

Махаббат: Егемендік иесі мен деген сөз,

Көптеген бері естілмеген ерен сөз,

Екі тізгін, бір шылбырын өзі алған

Көркем жігіт болып өссе көрген сөз.

Егемендік ел болудың белгісі,

Басқа жұртпен тең жұлдызы,тең күші.

«Егемендік» деген сөзден естілер

Ата жұрттың арысы мен бергісі.

2-жүргізуші: 1991 жылы желтоқсанның 1-де Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республиканың Президенті етіп сайлады.

Әділ: Шықты тарап ой данадан,

Бері қарады жұлдыз беті. Өзі қалап сайлап алған, Елімнің бар Президенті. Шырақ етіп өмір нұрын, Алыс жатты алдағы жол. Ел намысын, елдің жүгін, Арқалаған ардағым - ол.

Оразай: 1999 жылы тұңғыш Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев қайта сайлайды, ал 2005 жылы желтоқсан айының төртінші жұлдызында болған сайлауда ел қалауымен Н.Ә.Назарбаев тағы жеті жылға сайланды.

Аяжан: Күнісіз қазақ көгінің,

Шуағын шашқан халқына.

Қазығы бостандығымның,

Қажымас қайсар нар тұлға,

Ұшырдың алыс айға адам

Халқымның мақсат арманын,

Түсінер сіздей қайда адам?!

Бес қару белге буынып,

Қол бастар көсем өзіңсің,

Жаныңды қиып бересің,

Қазақтың байтақ жері үшін.

Балерке: 1992 жылы 4 -маусымда Президент «Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы, Елтаңбасы, Әнұраны» туралы Заңға қол қойды.

Рәмізім-елдігімнің белгісі,

Білу керек бала дағы ең кіші.

Рәміздерім-әнұран, ту, елтаңба,

Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.

Қазақстан Туы (Төлеген)

Көк аспандай көкпеңбек

Қазақстан жалауы.

Көк емес ол тектен-тек-

Елдің ашық қабығы.

Ақ ниеті - алтын күн,

Асқақ арман-қыраны.

Жалауы бұл-халқымның,

Мәртебесі, мақтаны.

Елтаңбасы елімнің (Мәдина Қ)

Елтаңбасы елімнің

Неткен әйбәт, әдемі!

Тұнығындай көңілдің

Ортада-аспан әлемі.

Құт, береке, шаңырақ,

Орын алған ол төрден.

Қанатты қос арғымақ.

Екі жақтан көмкеркен.

Тәуелсіздік жолында

Талай-талай тер тамған...

Билігім өз қолымда,

Еркіндігім-Елтаңбам.

Әнұран (Бауыржан)

Әнұраным-жанұраным,

Айтар әнім-сөйлер сөзім.

Туған жерім-сағынарым -

Мың қайталап айтам мұны.

Бекзат: 1991 жылы қазан айында тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты.

Архат: 1994 жылы 30-маусымда қазақ халқының екінші қыраны-ғарышкер Талғат Мұсабаев ағамыздың аспан көгіне 6 айлық сапарға аттанғанын мақтанышпен айта аламыз.

Айым: 1993 жылы, 13-қарашада төл теңгеміз дүниеге келді. Ал,2006 жылы қарашада қолданысқа жаңа үлгідегі теңгелер енгізілді.

Ақнұр: 1995 жылы ақыл - ойдың данышпаны, қазақ халқының дана ақыны Абай Құнанбаевтың туғанына 150 жыл толғанын ЮНЕСКО көлемінде атап өттік.

Досымжан: 1995 жылы 30-тамызда Ата Заңымыз қабылданды.

Ерасыл: 1996 жылы 16 желтоқсанда Алматыда Тәуелсіздік ескерткіші ашылды. Ал, 2001 жылы Тәуелсіздіктің 10 жылдық мерекесі атап өтілді.

Досхан: 1997 жылы Астана Ақмола қаласына көшірілді.

Аяулым: 1998 жылы мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту туралы үкімет қаулысы шықты.

Дильназ: 1997 жылы «Жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы» болып белдгіленді

Шыңғыс: 1998 жыл «Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы» болды.

Ерзат: 1999 жыл «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы» болып белгіленді.

Айнұр: 2000 жыл «Мәдениетті қолдау жылы» болды.

Нұрбол: 2002 жыл «Денсаулық жылы»деп белгіленді.

Айсұлу: 2003-2004 жыл «Ауыл жылы» болып саналды.

Мәдина Ф: 2005 жыл Дүниежүзі қазақтары үшін құрылтай болды.

Темірлан: 2006 жыл Қазақстандағы Пушкин жылы болды. Ресейдегі Абай жылы деп саналды.

Балерке: 2006 жылы 6-қаңтарда әнін Шәмші Қалдаяқов, сөзін Н.Ә.Назарбаев жазған «Менің Қазақстаным» атты ҚР жаңа мемлекеттік әнұраны бекітілді.

Аяжан: 2010 жылы ҚР ҰҚЫҰ Саммитіне төрағалық етті. Осы саммитте Астана декларациясы қабылданды.

2-жүргізуші: Бүгінгі өз келешегіне бет алған Тәуелсіз Қазақстан -бұл біздің ортақ мақтанышымыз.

Хормен : Ең асыл мұрат-еңселі ел болу

Хор: Атамекен

Мұғалім:

Сұрақ-жауап сайысы

1. Қазақстан қандай ел?

2. Қазақстанның қанша халқы бар?

3. Еліміздің табиғаты туралы не білесіңдер?

4. Біздің еліміздің астанасы қай қала?

5. Біздің еліміздің басшысы кім?

6. Еліміздің Президенті кім бола алады?

Мақал-мәтелдер сайысы.

«Жалғастыр»

1. Еңбек түбі береке,

(Көптің түбі мереке)

2. Елінен безген - ер оңбас,

(Көлінен безген - қаз оңбас)

3. Ер бір рет өледі,

(Қорқақ мың рет өледі)

4. Сөз атасы - құлақ,

Жол атасы - тұяқ,

(Су атасы - бұлақ)

5. Өлеңді жерде

Өгіз семіреді.

Өлімді жерде

(Молда семіреді)

І-жүргізуші: Жер бетінде әрқашан достық пен келісім орнап, еліміздің болашағы жарқын болсын !

ІІ-жүргізуші: Тәуелсіздік күнінің қарсаңында біз барша Қазақстан халқын қазақ жеріндегі бейбітшілік пен тыныштықтың белгісі болып отырған айрықша мерекемен құттықтаймыз! Назарларыңызға көп рахмет! Сау болыңыздар!


© 2010-2022