Сабақтың тақырыбы: Көбейтудің терімділік, қасиеті және оны қолдану

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, ЖББ Кузнецов негізгі мектебі.

Бастауыш сынып мұғалімі: Г.Н.Хаирмухамбетова

Күні:12.01.2016 жыл. Пәні: Математика Сыныбы: 3 «А» Сабақтың тақырыбы: Көбейтудің терімділік, қасиеті және оны қолдану

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Түрлі ойындар ойнату арқылы көбейткіштерді санға көбейту, қосындыны санға көбейту тәсілдерін пысықтауға жағдай туғызу.

Дамытушылық: логикалық ойлау қабілетін, оқушының белсенділігін арттыру, өзін-өзі бақылауы, бағалауды үйрету.

Тәрбиелік білімге деген қызығушылығын арттыру, оқушыларды шапшаңдыққа, өздігінен жұмыс істеуге, Отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: пысықтау.

Сабақтың көрнекілігі: карташалар.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық тренинг: «Жүректен жүрекке».

ІІ. Өтілген тақырыпты қайталау.

- Көбейтудің қандай қасиеттері бар?

- Көбейтудің терімділік қасиеті дегеніміз не?

- Көбейтудің үлестірімділік қасиеті дегеніміз не?

1) Тақтаға жазылған есептерді шығару:

6 х 2 х 5 = ; ( 3 + 5 ) х 6 =

2) Дидактикалық ойын: " Компьютер"

3 * 3 * 2 / 3 * 4 / 8=

2 * 6 / 4 *7 / 3 * 6 =

Сандарды ретімен көбейту,бөлу.

3) Электрондық оқулықпен жұмыс.

3 минутқа берілген тапсырманы орындау.

Көбейту, бөлу кестесін қайталау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

21 ғасырды елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев білім кезеңі деп белгілеген. Білімге көп назар аударылған.Өйткені еліміздің даму деңгейі біліммен өлшенеді. Мемелекеттің негізгі тірегі - білімді, білікті, дарынды адамдар.Олай болса, еліміздің экономикасын көтеруге бар күшімізді жұмсайық! Болашаққа қадам жасау күнделікті сабақ үстінде алған білімдеріңнен басталады.

- Бүгінгі сабағымызда "Білім шыңына" көтерілуіміз керек. Оған көтерілу үшін тапсырмаларды орындау керекпіз. Ол үшін екі қатарға бөліндік. Сол жақта отырған оқушылар сол баспалдақпен көтеріледі ( яғни сол жақтағы есептерді шығарады). Оң жақтағы оқушылар оң баспалдақпен өрлейді.

Ғылымның сырын ұғына,

Шығыңдар білім шыңына!

Ұқыптылық пен зеректік,

Жеткізеді сіздерді

Математика сырына!

Жолға шығарып салайық,

Ал сайысты бастайық!

-тапсырмасы. Үлестірімділік қасиетін пайдаланып, өрнектердің мәндерін тап:

( 4+5 ) * 5=

( 10+3 ) * 3=

(30+4 ) * 2 =

2- топқа арналған есеп:

( 6+3)*4=

( 40+2 ) * 2=

(30+4) * 5=

- тапсырмасы.

тиімді тәсілмен шығар:

5*3*10=

2*4*9=

30*1*6=

2- топ:

3*4*10=

2*5*9=

40*0*6=

Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрайық,

Алақанды соғайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Сәл демалып алайық!

- тапсырмасы."Достық" тобына - сөз еспті қолайлы тәсілмен шығар.

Мерекеге әрқайсысы 7 теңгеден тұратын 20 қызыл шар және 30 көк шар сатып алынды. Барлық шарға қанша ақша төленді?

Шешуі: (20+30)*7=350 немесе 20*7+30*7 =350

Жауабы: барлығы 350 теңге төленді.

"Шырақ" тобының сөз есебі.

Анасы 3 баласының әрқайсысына 6 ұзынжол және 7 төркөз дәптерден сатып алды. Анасы барлығы неше дәптер сатып алды?

Шешуі: (6+7)*3 6*3+7*3= 39

Жауабы: барлығы 39 дәптер

- тапсырмасы. Тиісті таңбаны қою.

23 3 4 = 80

5 6 8 = 22

2-топ:

46 1 9 = 5

7 6 5 = 47

- тапсырмасы.

Өзіндік жұмыс.

Карташа тарату.

( 40+30)*4

2*14*5

(20+40)*3

3*10*4

ІІІ. Қорытынды.

Біз бүгін біліміміздің арқасында "білім шыңына"көтерілдік.Білім - қолдағы шырақ. Ендеше, шырақтарың әрқашан нұрын шашсын!

ІҮ.Бағалау.

Ү. Рефлексия.

Әр оқушы алдындағы дөңгелекке өзінің көңіл-күйін, сабақтан алған әсерін, білімін сурет арқылы білдіреді.



© 2010-2022