Таңғажайып шытырман есеп патшалығында

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ақтөбе қаласы №39 қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Буранбаева Айгүл Алдабергенқызы

«Таңғажайып шытырман есеп патшалығында»

(ойын-сауық кеші, жарыс түрінде)

Кештің мақсаты:

Білімділік: Математика сабақтарында алған білімдерін тереңдету.

Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру.

Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, зейінін дамыту;

Тәбиелік: Ұйымшылыққа, достыққа тәрбиелеу;

Кештің барысы:

Мұғалім: О, жараңдар, жараңдар,

Қызықтаңдар, санаңдар.

Келді бізге қонаққа

«Есеп патшасы» қол соғып, қарсы алыңдар!

Есеп патшасы: Ал, балалар, балалар,

Маған мойын бұрыңдар.

Қане қандай өнер бар,

Ортаға әкеп салыңдар!

Буратино: Әдептен озып аспайын

Үйренуден қашпайын

«Есеп патшасы» өзің айт

Тойды неден бастайын?

Есеп патшасы:

Мектебінің төрінде

Тағы да бір кеш жасайық

«Таңғажайып шытырман

Есеп патшалығына» барайық.

Буратино: - Жарайды.

Мұғалім:

- Жарайды, Есеп патшасы, бүгінгі сайысқа 3 а,ә,б сыныптары қатысып отыр, олардың білімдерін сынағалы отырған әділ-қазылар бар, сіздер де әділ-қазылар алқасы болып отырыңыз, ал Буратино сіздің тапсырмаларыңызды балаларға әкеліп беріп тұрсын, сөйтіп өзі де математикадан көп нәрсе үйреніп кетер, әйтпесе тек 5 тиынын ғана санай алатын еді ғой.

Есеп патшасы: - Рахмет.

Буратино: І- сайысымызды бастаймыз.

Мұғалiм: Сәлемдесе бiлетiн

Бiздiң балдар әдептi

Қарсыласпен танысып,

Эмблемаларын әкептi.

- Ортаға 3 а сынып оқушылары: «Шаршы» тобын шақырамыз.

- Ортаға 3 ә сынып оқушылары: «Дөңгелек» тобын шакырамыз.

- Ортаға 3 б сынып оқушылары: «Қызықты ұшбұрыштар» тобын шақырамыз.

(Буратино эмблемаларды апарып тұрады).

Әдiл-қазы

Буратино: ІІ - сайысымызды бастаймыз.

Мұғалiм: Тойда өнер сынайык:

Өнер жасқа лайық

Есеп шығарғыш балдардың

Өнерiн бiр тамашалайық.

(Буратино әр топқа 1, 2, 3, 4, 5 сандарын апарып бередi).

Тапсырмалар:

«Шаршы» «Дөңгелек» «Қызықты бұрыштар»

350/70=5 450/90=5 300/60=5

18/18=1 12/12=1 15/15=1

36/9=4 24/6=4 32/8=4 12/6=2 16/8=2 14/7=2

3/1=3 6/2=3 3*1=3

Әдiл-қазы

Буратино: ІІІ - сайысымызды бастаймыз.

Мұғалiм: Думандатып мектептi

Қызықты ойын бастайық

Келiңдер ендi бiрiгiп,

«Тiрi цифрлар» жасайық.

- Қазiр тек бiр-бiрлерiннiң көмегiнмен келесi топтың балаларына цифрлар көрсетесiз, ал ол топ оның қандай цифр екенiн тауып айтады.

Әдiл-қазы.

Буратино: ІV - сайысымызды бастаймыз.

Мұғалiм: Қысылып еш саспаңдар.

Қызықты ойын бастаңдар

Қонақтардың көңiлiн,

Бiр көтерiп тастаңдар!

- Тест сұрақтарына жауап беріңіздер.

6

8

7

36

64

49

24

48

?

1. Белгісіз санды тап?

2. Периметрін табуға болады?

а) шеңбердің

ә) бұрыштың

б) шаршының

с) сәуленің

3. 700 + х =0 теңдеудің шешімі

а) бар

ә) жоқ

б) 700

с) 0 - Ал, топтар жазып болғанша 3 а сыныбының оқушыларының орындауында, ән тыңдайық.

Жанкүйерлер де көрiктi,

Кешке бүгiн келiптi.

Шапалақтап қолдайық.

Ән айтқызбай қоймайық.

(Ән бiткен соң Буратино жұмыстарын алып, әділ-қазыларға апарып бередi).

Әділ-қазы.

Буратино: V - сайысымызды бастаймыз.

Мұғалим: Қуанамыз oйнаймыз

Қызыққа бiр тоймаймыз

Қағаздан қиып фигураны

Жасырып, жеңбей қоймаймыз.

(Келесi сайысымыз түрлi-түстi қағаздардан фигуралар қию).

- 3 топ жұмыстарын жасағанша мен жанкүйерлерге сұрақ қойып көрейiн:

(Буратино әр топтың фигураларын әділ-қазыларға апарып бередi).

Әділ-қазы.

Буратино: VІ - сайысымызды бастаймыз.

Мұғалiм: Қандай тату өздерi,

Кулiмдейдi көздерi

Қане, қане келiңдер,

Логикалык есептер шығарып берiңдер!

(а) бос торды толтыру,

(б) неше үшбұрыш, неше төртбұрыш барын жазып беру.

1

2

12

21

11

22

1

2

12

21

11

22

1

2

12

21

11

22

34

45

67

5

6

6

7

8

9

(Буратино жұмыстарын адил-казыларга апарып бередi).

Әділ-қазы.

- Логикалык жаттығуларды щығарып болғанша 3 а сынып оқушыларының орындауында «Бiздiң кластын балалары» әнi.

Бүгiн қызық, бүгiн той

Бiздер үшiн бiлiп қой

Әнге салып би - билеп,

Жалғастырсын ойды - ой.

Буратино: VІІ - сайысымызды бастаймыз.

Мұғалiм: - Математика жалғасы мектепте емес,

Математика уйде, көшеде.

Математика сенi қоршаған

Құбылыс зат денеде.

(Ән айтылып болғанша әр фигураның астына олар неге ұқсайтынын, сол заттардың атауларын жазу).

- Бұ л тапсырманы орындап болғанша 3 б сынып оқушыларының орындауында «Балдырғандар» әнi.

Сырнай тартып, ән айтып,

Кештерiне балалар.

Бағалаймыз еңбегiн әр топтың,

Әдiл - қазы алқалар!

(Буратино жұмыстарын апарып бередi).

Есеп патшасы: -Жарайсыздар балалар есепі бәрің де жақсы

шығарады екенсіздер! Буратино саған да рахмет.

Қалай бірдене үйрендің бе,

Буратино: - Иә, бiр көзiммен сығалап, қарап жүрдiм, бәрін

үйреніп алдым.

Мұғалiм: - Мен де сiздерге көп-көп рахмет айтқым келiп тұр.

Өлең - Бiрге ойнап, бiрге күлген.

Кешiмiздi қыймаймыз

Естелiк болсын бiздерден

Сыйлықтарды сыйлаймыз.

- Сыйлыктарды тапсыру ушiн және орындарды бөлiп беру үшiн сөз кезегi әдiл-қазыларға берiледi.

Әдiл-қазы.

Есеп патшасы: Қош, балалар, сәт-сапар!

Үлгiлi бәрің болыңдар

Жақсы окып әрқашан

Тек «5» -тiктi алыңдар.

Буратино: Сау - болыңыздар!



© 2010-2022