Қош бол, құтты Әліппем! тәрбие сағаты

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№1Егіндікөл орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Баязова Гүлсім Жұмабайқызы

Қош бол, құтты Әліппем!

Мақсаты: Сауат ашу пәнін оқу барысында оқушылардың алған білімдерін көрсету.

Білімділік: Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін тиянақтау;

Дамыту: оқу тілін дамытып, сөздік қорын молайту, әр оқушының іс- әрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету, шығармашылық мүмкіндіктерін ашу;

Тәрбиелік: эстетикалық талғамдарын тереңдете түсу, өзін өзі басқаруы мен ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қазақ әліпбиі, суреттер, нақыл сөздер, «Әліппе», «Ана тілі», «Математика» оқулықтарының мұқабасы, ауызша есепке көрнекілік, шарлар,оқулықтардың макеттері, ұлы ағартушылардың портреттері, еңбекке баулу сабағында жасалған қолөнер, оқушылардың ұқыпты жазылған үлгі дәптерлері т.б.

Өту барысы:
1. Сынып жетекшісінің кіріспе сөзі:
Құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін сіздер1-ші сынып шәкірттерінің «Әліппемен» қоштасуға арналған ертеңгілігіне келіп отырсыздар. Шәкірттердің қолдарына тұңғыш рет ұстап, бетін ашқан оқулығы - «Әліппе». Ендеше «Әліппемен қоштасу» мерекемізді бастайық!

Ортаға екі оқушы шығады. Қолдарында «Әліппе» оқулығы. Амандасады:
- Қайырлы таң!
- Қайырлы таң!
1. - Рұқсат болса танысуға бола ма?
2. -Әбден болады.
1. -Менің есімім - Дарын.
2. -Өте тамаша есім екен. Есіміңіз болашағыңызға серік болсын! Менің есімім - Дана.
1. -О,о! «Көп қарияның ішінде бір бала дана болады » деген, яғни, ата мен әженің жып-жылы ұясынан шыққан боларсың. Даналығың өміріңмен өріліп жүрсін!
2. -Рахмет, дарындығыңды байқаттың-ау, Дарын!
1. -Ал, жол болсын, Дана!
2. - Әлей болсын, Дарын. Мен № 8 орта мектебіне бара жатырмын.
1.-Таптым,таптым! 1 « В» сыныбының «Әліппемен қоштасу» ертеңгілігіне жол тартқан екенсің-ау, солай ма, Дана?
2. - Дәл солай, қарашы Дарын. Міне құрметті ата-аналарымыз да ертеңгілікке келген екен.
1.- Қадірлі ұстаздарымыз да төрден орын алыпты.
Екеуі бірігіп: Ендеше. 1 «В» сынып оқушыларын құрметтеп шақырып, өнерлерін көрейік.

(Осы кезде барлық оқушылар қолдарына, шар ұстап сахнаға шығады, музыка әуені ойнап тұрады).

1 - оқушы Назым

Біз мектепке барамыз,

Кітап, қалам аламыз

Ақ параққа әріппен

Білім жолын саламыз!

2 - оқушы Анат

Биыл сені мектепке

Бала шағың шақырды

Биыл сені мектепке

Болашағың шақырды.

3 - оқушы Айда

Мектеп - білім бұлағы,

Мейіріңді қандырар,

Мектеп ойдың шырағы,

Ақыл- санаң жаңғырар.

4 - оқушы Жаслан

Көз салып қараңызшы бойымызға,

Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға

Хош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар

Әліппемен қоштасу тойымызға.

5 - оқушы Әсем

Армысыңдар , аналар!

Бармысыңдар ,балалар

Сөзіме құлақ салыңыз!

Бір серпіліп қалыңыз!

Әліппеге арналмақ,

Бүгінгі жыр - әніміз!

6 - оқушы Әдемі

Жетідегі баласың,

Біріншіге барасың

Алғаш рет қолыңа

Әліппені аласың.

Мұғалім:

Олай болса сүйікті әліппемізді ренжітпей ортамызға шақырайық.

Әліппе:

Амансыздар ма, қадірлі ұстаздар, асыл ата-аналар, өнерпаз бүлдіршіндер!
Оқушылар: Хош келдіңіз, сүйікті Әліппеміз!
Әліппе:

Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Әліппесін меңгерген,
Келешегі қазақтың
Басталады сендерден.
Жақсы білім-көрімдік,
Не үйрендік, не білдік?
Хор әні «Әліппе»

7 - оқушыЗарина

Ең алғаш қолға алғанда Әліппені,

Қызығып қарай бердім әріптерді

Мен үшін сыры жұмбақ бұл кітаптың

Ұстазым маған кілтін алып берді.

8 - оқушы Гүлназ

Әліппе деген - алтын жол,

Апарар сені алысқа

Жеңіл емес, ауыр жол,

Тырысып бақ намысқа.

Әліппе:

Менің атым Әліппе,
Мені анаңдай дәріпте.
Мені оқып ержеткен,
Бауыржан да, Мәлік те.
Әліпбилер шығыңдар,
Орындарға тұрыңдар.
Баста, кәне, айтысты,
Жібермеңдер намысты.

Әріптер айтысы:

9 - оқушы Ясмин
«А» Астанам аты астана
Астанам менің Бас қала.

10 - оқушы Нұрмұхан
«Ә» «Әдептілік» дегенің

Әрқашан да керегің.

11 - оқушы Беназир
«Б» Б-дегенің бала ғой

Жұмсаса әжең бара ғой.

12 - оқушы Әділет
«Ғ» Ғалым болар ғылымда
Ғажайыптар ашамын.
Ғарыштың да тыңына,
Ғылым дәнін шашамын.

13 - оқушы Наргиз
«Е» Есті бала ержетіп,

Елдің қамын ойлаған.
Ессіз бала кері кетіп,
Есерлігін қоймаған.

14 - оқушы Диас
«С» Спортпен айналыс,
Сұлулық сыйлаған.
Сол саған пайдалы іс,
Сауық пен кинодан.

15 - оқушыНұрсұлтан
«Ш» Шындықты сақтаймыз,
Шыншылды жақтаймыз.
Шаршы топ алдында,
Шығарып мақтаймыз.

16 - оқушыАнеля
«Т» Тәртіпті бала-сүйініш,
Төбең көкке жетеді.
Тәртіпсіз бала-күйініш,
Төмендеп басың кетеді.

17 - оқушы Арсен
«І» Інілерін ағалар,
Ісіменен бағалар.

Мұғалім: -Ал балалар, сендер әліппеден не үйреніп, не білдіңдер? Сондықтан қазір осы уақытқа дейін алған білімдеріңді көрсетіп, санамыздың өскенін, сөз байлығымыздың молайғанын көрсету үшін « Білім еліне саяхат жасайық» - Бірінші сұраққа жауап беріңдер? - Олай болса, алғашқы мектепті ашқан кім? Бәрі хормен: Ыбырай Атамыз!

18 - оқушы Беназир

Жырын жаттап жатамыз

Жалықпастан қыс - жазы

Ұлы Ыбырай атамыз

Ұстаздардың ұстазы

Ұран тастар көп елге,

« Кел, балалар, оқылық!

Деген сөзін көңілге

Ықыласпен тоқылық!

Мұғалім:

Ал келесі сұрақты тыңдаңдар:

- Ең алғаш Әліпбидің атасы кім?

Бәрі хормен: Ахмет Байтұрсынов атамыз!

19 - оқушы Наргиз

Алфавитті біліңдер

Онда жүйе қалып бар,

Біздің қазақ тілінде

Қырық екі әріп бар.

20 - оқушы Ясмин

Алфавиттің А тұрады басында

Әрқашанда Ә тұрады қасында

Байқадың ба Б тұрады үшінші

Ал осының сыры неде түсінші

21 - оқушыАқбота

А деген ол аналар ғой ардақты,

Ә деген ол әкелер ғой салмақты,

Б деген ол балалар ғой әдемі

Біздің елде үшеуі де кәделі.

Мұғалім: Ойын « Кім жылдам» Қыздар арасында өткізіледі.

Мұғалім: Балалар енді « Білім еліне саяхатымызды әрі қарай жалғастырайық. Келесі сұрақ.

Мектепке келгенде алғаш рет қолға ұстаған кітаптың аты қалай?

Бәрі Әліппе

22 - оқушы Зарина

Әліппем менің әліппем

Сені қолға алып мен

Есігін аштым білімнің

23 - оқушы Ақерке

Іші толы әріпке

Мынау әйбәт әліппе

Барлық ілім -білімнің

Әжесі осы Әліппе

Хор .Әліппе

Мұғалім:

- Балалар біз білім еліне шыққан саяхатымызда ертегілер еліне де келіп жеттік. Қандай ертегілер білеміз?

Мақта қыз бен мысық, Әке мен бала, Жеті лақ, Бауырсақ

Қазір біз « Бауырсақ» ертегісін қояйық!

Мұғалім

Ерте заманда бір ата мен апа өмір сүріпті. Апа бір күні бауырсақ пісіреді. Бауырсақты суысын деп терезенің алдына қойып қойса, жата - жата жалыққан бауырсақ домалай жөнеледі.

Бауырсақ

Апамнан да қаштым,

Атамнан да қаштым,

Алдынан қоян шығады

Қоян бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін!

Бауырсақ: Жемеші, жемеші мен саған өлең айтып беремін .Атамнан да қаштым, апамнан да қаштым, енді сенен қашу оп- оңай!

Қоян - Жоқ, сен маған тапсырманы орындап бер, сонда ғана жіберемін!

( Кітап сөзіне дыбыстық талдау жасау).

Қасқыр шығады:

Қасқыр: Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін.

Бауырсақ: Жемеші, жемеші мен саған өлең айтып беремін.Атамнан дақаштым, апамнан дақаштым, қояннан да қаштым, енді сенен де қашу оп- оңай!

Қасқыр - Жоқ, сен маған тапсырманы орындап бер, сонда ғана жіберемін!

(Математика пәнінен өрнектердің мәнін табу 9-5=4).

Аю: Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін

Бауырсақ: Жемеші, жемеші мен саған өлең айтып беремін. Атамнан да қаштым, апамнан да қаштым, қояннан да қаштым, қасқырдан да қаштым ,енді сенен қашу оңай.

Аю - Жоқ, сен маған тапсырманы орындап бер, сонда ғана жіберемін!

(Не артық? Не себепті?).

Түлкі : Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін

Бауырсақ: Жемеші, жемеші мен саған өлең айтып беремін. Атамнан да қаштым, апамнан да қаштым, қояннан да қаштым, қасқырдан да қаштым, аюдан да қаштым, енді сенен де қашу оңай.

Түлкі: менің құлағым естімейді тұмсығыма тұрып айтшы.

Түлкі ап - деп, жеп қояды.

Әліппе: Балалар, сендер менімен ғана достасып қана қойған жоқсыңдар?

Сонымен бірге тағы қандай пәндермен дос болып жүрсіңдер?

Балалар; Математика, дүнитану, сурет, еңбек, дене шынықтыру,

Хор : Сурет сабағы.

Әліппе:

Ал математика сабағынан не білесіңде? Ортаға математика пәнін шақырайық.

Математика:

Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,

Математикаға орын берсең басыңнан.

Барлық ғылым саған үйір болады,

Досың солар- табылатын қасыңнан.

Балалар мен сендерге санауды, есеп құрастырып шығаруды, көптеген қызықты математикалық жұмбақ шешуді үйреттім. Сендер енді мені қалай меңгергендіктеріңді сынап көрейін деп, сендерге аздап біраз математикалық жұмбақтар әкеп отырмын. Енді тыңдап, сол жасыратын жұмбақтарымды шешіп берсеңдер.

1.Көлден ұшты жеті қаз,

Қайтып қонды екі қаз.

Қонбады енді нешеуі,

Қане, кім шешеді? ( жауабы: 5)

2.Табақта үш алма,

Қолымда екі алма,

Қосқанда барлығы,

Болады неше алма?

Бір алма атама,

Бір алма апама,

Нешеуін алады?

Нешеуі қалады? ( жауабы: 3)

Жарайсыңдар, сендерге рахмет, сабақты жақсы оқитын оқушы болыңдар.

Әліппе

Оқуға зейінді болыңдар,

Еңбекке бейімді болыңдар.

Кір шалмасын қабақты,

Ақ жол болсын балалар.

Оқығандарың есте болсын

Күнделіктерің беске толсын

25 - оқушы Әсем

Әліппемен қош айтысып қаламыз,

Енді қолға басқа кітап аламыз.

Ата - ана қуанышқа ортақ бол,

Сауатты боп шықты міне балаңыз

26 - оқушы Назерке

Қош құтты Әліппем

Көп нәрсені үйреттің

Таныстырдың әріппен

Тақылдатып сөйлеттің

Хор:

Мың -мың алғыс,

Бізге білім

Кілтін бердің

Кілтін бердің, Әліппе

Әліппе

Ал, достар бүгін сендер енді менің жолымды әрі қарай жалғастыратын ана тілі пәнімен танысасыңдар.

Ортаға ана тілі шығады

Әліппе: Сендерге айтар тілегім, жаңа достарыңды да мендей сүйіп, мендей күтіп құрметтеңдер. Енді қош сау болыңдар!

Хормен: Қош бол құтты Әліппем?

Ана тілі

Ақыл-ойы дананың,

Ана тілі боламын,

Ана тілі ардақты,

Ақ сүтіндей ананың.

Өсірген ой білімді,

Мәнін терең білуде.

Мейірімі мол балаға,

Барлық, барлық анаға.

Мен әліппеден оқып білгендеріңді ары қарай жалғастырамын. Бәрің өнерлі, білімді шәкірт екенсіңдер. Мені де солай оқыңдар.

27-оқушыНазым

Ана тілін білмеген,

Ақылы жоқ желікбас.

Ана тілін сүймеген,

Халқын сүйіп жарытпас.

28-оқушы:Арсен

Ана тілі біздің туған анамыз,

Анамыздай сыйлап, бағып қағамыз.

Ана тілін сүйеміз,

Басымызды иеміз.

29-оқушы:

Бүкіл қазақ баласы дәріптеген,

Қоштаспақпыз сүйікті -Әліппемен.

Ризамыз бәрімізді таныстырған,

Сөз бен дыбыс әр түрлі әріптермен.

30-оқушы:Райымбек

Әліппе даңғыл жол ашты,

Жаңадан пәндер.жалғасты

Әліппе сырын ұқтырған,

Рахмет, ұстаз алғашқы!


31-оқушы:Анеля

Біз жазамыз ана деп,

Біз жазамыз дана деп.

Біз жазамыз бала деп,

Біз жазамыз қала деп.

Биік-биік таулар деп,

Қызыл-жасыл баулар деп.

Қаһарман ел қазақ деп,

Болашағы ғажап деп.

Мұғалім: Әліппе біздің білім есігін ашқан алғаш оқулығымыз болса, Ана тілі сөз сырын ұқтыратын сырласымыз болары анық. Олай болса «Етікші ата» әні

Мұғалім:

Қымбатты балалар! Сендердің зейін қойғыштықтарың, еңбек сүйгіштіктерің және білімге құштарлықтарының арқасында мектептегі алғашқы жеткен жеңістеріңмен құттықтаймын. Сендер әліпбидің бүкіл әріптерін жаттап алдыңдар, әрі өздеріңнің тұңғыш оқулықтарың - «Әліппе» бойынша оқуға үйрендіңдер. Бірақ «Әліппе» сендерді тек әріптермен таныстырып қойған жоқ, оның беттері сендердің бір-бірімен достыққа, мектеп ережелерін орындайтын тәртіпті оқушы болуға да үйретті. Білім баспалдағына өрлеген сапарларың құтты болсын!

Бүгінгі кеш әр үйдің той басы деп саналар

Балалардың есімі әулеттерге таралар


© 2010-2022