Қош бол сүйікті Әліппем

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәрбие сағатының тақырыбы: Қош бол, сүйікті әліппем!

Тәрбие сағатының мақсаты: Оқу тілін дамытып, сөздік қорын молайту. Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау.
Әр оқушының іс- әрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету,шығармашылық мүмкіндіктерін ашу;
Оқушылардың елін, Отанын сүюге,оны қорғай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қазақ әліпбиі, суреттер, нақыл сөздер, «Әліппе», «Ана тілі» оқулықтарының мұқабасы, әріптер таңбалары, шарлар т.б., слайд.
1 - жүргізуші: Ақылы дария, ойы аспан
Қариялар, армысың!
2 - жүргізуші: Өнегелі сөздері, еркелеткен біздерді

Әжелерім, бармысың!
1 - жүргізуші: Асқар таудай, өрісі кең
Әкелерім, армысың!
2 - жүргізуші: Ақ сүт берген, аялаған
Аналарым, бармысың!
1 - жүргізуші: Білім берген, саясы мол
Ұстаздарым, армысың!
2-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата - аналар бүгін сіздер 1 «ә» сынып шәкірттерінің «Қош бол, сүйікті Әліппем!» атты ертеңгілігіне қош келіпсіздер!

Мұғалім сөзі: Бүгінгі қуанышты күн «Әліппемен қоштасу» мерекесі құтты болсын. Балалардың алдағы шығатын биік белестерінің ең алғашқысы «Әліппемен қоштасу». Білім жолындағы белестерге қанаттары талмай көтеріле берсін деп тілек білдіргім келеді: Әліппені алғаш рет қолға ұстаған сәтте, кітаптың ең бірінші бетінде бірінші сынып оқушыларына арналған Қ. Р. Президентінің арнау құттықтау сөзі жазылған…

Оқушы: Құттықтау сөзін жатқа айтады
«Әліппе» - әлемдегі бар ғылымның тұнық бастауы.
- Дүниенің тылсым құпиясын білуге деген бала құштарлығын оятуға ең алдымен «Әліппені» қалай меңгергені әсер етеді.
Ақын Мұзафар Әлімбаев «Әліппе» туралы былай жырлаған екен:
Жеміске құты тола ма?
Бір - бірлеп теріп алмасаң?
Әп - сәтте шыға қоя ма,
Еккен дәнің ойласаң?
Білім де сондай, қарағым,
Біртіндеп сіңер ойыңа,
Ұғып ал: білім боларың
Шам - шырағың жолында.
Көлге айналған бұлақтың
Қайнар көзін көріп пе ең?
Том - том қалың кітаптың
Басы болар «Әліппең»
Әліппе - білімнің, ғылымның алғашқы жолы
2 - жүргізуші: Бүгінгі ұлы мерекеге
Қош келіпсіз бәріңіз де
Әліппемен қоштасамыз
Ана тілмен достасамыз
1 - жүргізуші: Қазақстан елінің
Балдырғаны боламыз
Мақтанышы болатын
Болашағы ұланбыз.

Ән: Сыныпты таныстыру әні Орындайтын Тохтарбай Айбын
2 - жүргізуші: Оқушылар мен сендерге бір сұрақ қойғым келіп тұр.

Іші толған әріпке
Білімдегі жарық не?
Хор: Болашаққа жол ашар,
Ол сүйікті, Әліппе!
1-жүргізуші: Енді бәрімізге ең қымбат білім патшасы Әліппені ортаға шақырайық.
Бәрі: - Әліппе (2рет)
Әліппе: Армысыздар, жас достар,
Армысыздар ата - ана
Болашаққа жол бастар
Әліппеңіз мен болам
Білім деген ғажаптың
Әліппесін меңгерген
Келешегі қазақтың
Басталады сендерден.
Балалар әліппеге арнап айтатын тақпақтарың бар ма?
Арай:Ең алғаш қолға алғанда Әліппені
Қызығып қарай бердім әріптерді
Мен үшін сырлы жұмбақ бұл кітаптың
Ұстазым маған кілтін алып берді
Талшын:А - ны айтқанда дауысымыз дірілдеді
Ұстазым көз алдымда күлімдеді
Күн сайын әріптердің атын біліп,
Сөз оқимын, айырып буынды енді.

Бақытжан:«Әліппе» деген - алтын жол,
Апарар сені алысқа
Жеңіл емес, ауыр жол
Тырысып бақ намысқа.
Ақпейіл: Ашыла берді алдымнан

Кең дүние есігі

Соғылған сомдар алтыннан

Әліппе - білім бесігі!

Аружан: Барлық әріп бағалы
Айттық әділ бағаны
Әріпсіз сөз болмайды
Буын онсыз толмайды
Адам барлық тәртіпті
Ардақтайды қолдайды

Омар: «Білім» деген бар жүгім,
«Беске» толы қоржыным.
Осылай мен меңгердім
Әліппенің бір жылың.
Ә.Айерке:Қош бол, құтты «Әліппем»
Көп нәрсені үйреттің
Таныстырып әріппен
Тақылдатып сөйлеттің
Өнер:Таныстырған 42 әріппен
Қош бол менің қасиетті әліппем
Сенің арқылы оқи жаза білгенім
Сауатты адам санатына кіргенім

Ш.Айерке:«Әліппем», менің «Әліппем»,
Сені қолға алып мен,
Есігін аштым мектептің
Ертеңгі сәуле жарықпен

Әліппе:- Ал достар, бүгін сендер енді менің жолымды әрі қарай жалғастыратын ана тілі пәнімен танысасыңдар. Ана тілін ортаға шақырайық.
Ана тілі:
-Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Туған елдің тілімін,
Ақылымен танылам.
Түсіндірер бәріне
Ана тілі мен болам.
Балалар мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарына сенемін.
Әліппе: Ал, енді мен сендермен қоштасамын. Қош болыңдар, балалар! Сабақты жақсы оқыңдар!
«5» болсын алар бағамыз,
Біліммен бақыт табамыз,
Өнер-білім көп тоқып,
Өсе берсін санамыз!

Хор: Қош бол,қош бол , құтты Әліппе!

Ана тілі: - Балалар ана сүтімен бойымызға дарыған тіліміз қалай аталады?

Хор: ана тілі
Ана тілі: - Осы ана тілі - қазақ тілдерің туралы жаттаған өлеңдерің бар ма?
Елдар: Ана тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте!

Ақерке: Ана тілім - болашақ келешегім,

Сен арқылы биікпен теңесемін.

Өлең жазып,ой толғап өз тілімде,

Шыңға қадам басамын мен өсемін

Айбын: Әріптерді жаттаймыз

Есте мықты сақтаймыз

Ұмытпаймыз бәрін де

Атын, затын, түрінде

Сабина: Бар кітапқа бас болған

Әліппе-ғылым анасы

Әліппеден басталған

Даналықтың данасы

Айда: Әліппе деген алтын жол

Апарар сені алысқа

Жеңіл емес ауыр жол

Тырысып бақ намысқа.

Бейбарыс: Енді біз жаза білеміз

Әріпті қосып әріпке

Риза боп саған жүреміз

Сүйікті біздің Әліппе!

Алуа: Күндерге күн ұласты,

Жылжып-жылжып жыл асты.

Ойдағыдай оқимын

Мен бірінші класты. Балым: Оқуды көп ойладық Қызығына тоймадық. Әріптерді үйреніп, Сауат аштық, тойладық. Балғын:Әліппемен қош айтысып қаламыз Енді қолға Ана тілін аламыз, Ата-ана қуанышқа ортақ боп Сауатты боп міне шықты балаңыз. 1-жүргізуші:Шалқытып мерекеде би билейік, Өнерпаз өрендерге тамсанайық Аңыз-ертегідей бірге жеткен, Құрметті өнерпаздарды қарсы алайық. 2-жүргізуші: Ендігі кезекті сіздерге дайындаған концерттік нөмірлерге берейік:

  1. Ән: Хор Әліппе

  2. Би. Вальс

  3. Би: Мамба Қыздар тобы

  4. Би: Үнді биі Омарғазы Ұлпан

  5. Ән: Ұстаз Орындайтын Байтурова Балғын

  6. Ән:Шамшырақ. Орындайтын Талшын мен Сабина

  7. Ән: Әліппе Орындайтын: Ақпейіл

2-жүргізуші: Осымен «Қош бол сүйікті Әліппем» атты қоштасу ертеңгілігіміз аяқталды. Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет. Қош сау болыңыздар.





«Головацкий атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі













Қош бол, сүйікті Әліппе

Бастауыш сынып мұғалімі: Кажытаева А.Н







2015-2016 оқу жылы






© 2010-2022