Сабақ жоспары Ұлт аспаптар оркестрі қалай құрылды? (3 сынып)

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Ұлт аспаптар оркестрі қалай құрылды?
Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Сезімділік, музыканы толғаныспен қабылдау, оны түсіну, шығарманың көркемділігін қабылдау, оны түсіну, музыкалық шығарманы тұтас қабылдау., ән айту, музыка тыңдау, қимыл - ырғақ, сурет салу, ойындар өткізу, оқушыларды музыка өнеріне баулу.
Дамытушылық: Ой қозғау, шығармашылыққа тәрбиелеу.
Тәрбиелік: Ұлттық құндылықтарымызды құрметтеуге,
рухани - танымдық кеңістіктерін молайтуға көмектесу.
Көрнекілігі: Суреттер, музыкалық аспаптар, интерактивті тақта.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі
Сабақтың әдісі: Дамыта отырып оқыту, ойын оқыту технологиясы. Топтастыру.
Пәнаралық байланыс: Әдебиеттік оқу, дүниетану, математика, өзін - өзі тану, қазақ тілі.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі; Балалармен амандасып, олардың сабаққа қатысын тексеру.
II. Үй тапсырмаларын тексеру;
Үрмелі аспаптар, ұрмалы аспаптар, ішекті аспаптар.
Сұрақ жауап:

-Ең алғашқы адамдар ойлап тапқан аспаптар қалай аталады?
-Адамдар ол аспаптарды не үшін пайдаланды?
-Ұрмалы аспаптарды ата.
-Үріп ойнайтын аспаптарды ата.
-Сыбызғыны қалай ойлап тапқан?
-Балаларға арнап қандай музыка аспаптарын жасаған?
Дыбысын аңшылар ғана естіген аспап.
Бұл қандай аспап?- тыңдап, аспаптарды ажырату.
Тыңдау. Қобыздың, сыбызғының, дауылпаздың дыбыстары естіледі.
«Ұйқасын тап» ойыны
1. Менің ағам Сансызбай,
2.Жасады маған.......... /Сазсырнай/
3.Жылаған соң інімді аяп,
4.Жасап бердім.........../Асатаяқ/
5. Тоныма орап кетіп ем
6. Бүлінбепті............. /Жетіген/
III. Жаңа материалды меңгерту.
Көне аспаптар сыр шертеді - қобыз бен скрипка.
«Бұл қандай аспап» ойыны.
Тақтаға бір оқушы шақырылады. Аспаптың суреті отырған балаларға ғана көрсетіледі. Олар аспапты сипаттайды. Тақтадағы оқушы аспапты дәл табуы керек.
Ең соңғы екі аспап қобыз бен скрипка.
Қобыз бен скрипка аспабы - бір - біріне ұқсас аспаптар.
Қобыз ағаштан жасалды.
Ысқышпен ойналады.
Қобыздың атасы Қорқыт ата.
Скрипка қобыз аспабынан кейін Еуропада дүниеге келді. Үні нәзік, әсем сазды. Оны "музыкалық аспаптардың патшайымы" деп атайды. Оны ертеректе тізеге қойып орындаған. Дегенмен, сауықшыл Еуропалықтар билегенді ұнататын. Сөйтіп оны енді иыққа қойып ойнай отырып билеп те үлгерген екен. Содан бері оны скрипканы иыққа қойып ойнайды.
«Табиғат құбылыстары»- ойыны
Мұғалім: « Жай жаңбыр»
Балалар: Саусақтың ұшымен жай тырсылдатады.
Мұғалім: « Қатты жаңбыр»
Балалар: Саусақтың ұшымен тез тырсылдатады.
Мұғалім: «Жел тұрды»
Балалар: Ысылдайды (желдің дыбысын салады)
Мұғалім: «Боран соқты»
Балалар: Гуілдейді
Мұғалім: «Қар жауып кетті»
Балалар: Қол шапалақтайды.
Қыс туралы әңгіме айтылады.
Дауыс жаттығулары
1. Гамма до мажор
2. Ми - и - и - и - а.
Жай бастап, дыбысты күшейтіп, қайтадан бастапқы қалыпқа келу.
Сабақты қорыту.
1. Қобызға ұқсайды.
2. Еуропалық аспап.
3. Оны иыққа қойып ойнайды.
4. Біз білетін 5 түрлі ішекті аспапты ата.
5. Бұл қандай аспап? Аспаптар көрсетіледі.
Қобыз, скрипка, дауылпаз, сыбызғы. т. б
IV. Үйге тапсырма; 41 - 43 бет түсінік, әнді жаттау.
V. Қорытындылау, бағалау




© 2010-2022