Сөйлемдегі сөздердің байланысын қайталау қазақ тілі

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілі

Уақыты:08.12.2015

Сынып:2 «а»

Мұғалім:Касымханова

Сабақтың атауы

Сөйлемдегі сөздердің байланысын қайталау.

Сілтеме

Ғаламтор,қазақ тілін оқыту әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Суреттер,таратпалар

Жалпы мақсаттар

Білімдік: Жаңа тақырыпты ашу арқылы оқушылардың сөйлем және оның тыныс белгілері жайындағы алған ұғымдарын тиянақтау.

Дамытушылық: Дұрыс сөйлеу,сөйлемді дұрыс құрастыра білу қабілеттіліктерін дамыту.

Тәрбиелілік: Табиғатқа деген ізгілікті қарым-қатынасты , таза, ұқыпты жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың байланысы: дүниетану, бейнелеу.

Оқыту нәтижесі

Топқа бөлу

Геометриялық фигуралар арқылы 3-топқа бөлу

Ынтымақтастық атмосферасы

Балалар сәлемдесу туралы қандай мақал - мәтелдерді білесіңдер?

(Сәлем сөздің анасы.Сәлем беру де парыз, сәлем алу да парыз. Алыстан 6 жастағы бала келсе, 60 - тағы қария иіліп сәлем береді.)

- Мінеки, балалар, сәлемдесу де әдептіліктің белгісі. Біз сәлемдесу арқылы бір - бірімізге тек жақсылық пен қуаныш сыйлаймыз.

- Ендеше бәріміз орнымыздан тұрып, сәлемдесейік.

Мағынаны тану

Жаңа сабақ

Ой ашар



Екеуара жұмыс

«Ойлан тап» ойыны.

Ұяшықтар берілген.Оқушылар қалауы бойынша таңдайды. Әр ұяшықтың соңында сұрақтар бар.

1

2

3

4

5

6

1. Хабарлы сөйлем дегеніміз не? 2. Сұраулы сөйлем дегеніміз не? 3. Лепті сөйлем дегеніміз не? 4. Сөйлем дегеніміз не? 5.Жұмбақ . « Өзім сөзден тұрамын, Аяқталған ойды құрамын.» 6. Мәтін деген не?

Ережені түсіндіру.

Интерактивті тақтамен жұмыс.

208-жаттығу.Үлгі бойынша ауызша орындау.

Қоңырау соғылды.Оқушылар сыныпқа кірді. Сабақ басталды. Мұғалім тапсырманы тексерді. Тапсырманы барлық оқушы орындап келіпті.

Мұғалім тапсырманы тексерді.

- Мұғалім не істеді?

- Мұғалім тексерді.

- Нені тексерді?

- Тапсырманы тексерді.

1-топ. Ребусты шеш. Шешуіндегі сөзді қатыстырып сөйлем құрастыру.

Сөйлемдегі сөздердің байланысын қайталау қазақ тілі

2-топ.Сөйлемдегі сөздердің дұрыс байланыспағанын дәлелдеу.

Сиыр өріс (тен ) келді. Нұрбол сиыр ( ды) қораға кіргізді. Апа (м ) сиыр сауды.

-Сиыр қайдан келді?

-Нұрбол нені қораға кіргізді?

-Кім сиыр сауды?

3-топ. Қыстап қалатын құстар туралы әңгіме құра.

-Қандай құстар қыстап қалады?

Сөйлемдегі сөздердің байланысын қайталау қазақ тілі

Оқулықтағы тапсырмаларды топтарда бөліп орындау.

Ой толғаныс

а) «Жұбын тап» ойынын ойнау.

Сөйлемдерді дауыс ырғағымен оқып, тыныс белгісін табу.

- Алақай, әкем келді

- Сенің атың кім

- Оқушылар саяхатқа шықты

ә) Тест тапсырмасы:

Сөйлемдегі сөздердің дұрыс байланысқанын тап.

А) Үйді олар тазалау кірісті.

Ә) Үй олар тазалауға кірісті.

Б) Олар үйді тазалауға кірісті.

Үй тапсырмасы

4-жаттығу

Күнделіктеріне жазады

Бағалау

Кері байланыс

Кері байланыс (оқушылар рефлексиясы) Бүгін мен не үйрендім? Маған не ұнады/ұнамады? Жаңа сабақ бойынша сұрақ немесе пікірің...



© 2010-2022