Сабақ жоспары әдебиеттік оқу 4 сынып Алдаркөсенің алдауы

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныбы

4 сынып

Мерзімі

16.09.14

Тақырыбы

Алдаркөсенің алдауы

Жалпы мақсаты

Аты аңызға айналған Алдаркөсе туралы қызықты оқиғаларын көріп,оған сиптама беру. Сараңдық пен жомарттықтың арасын ажырата білуге үйрету.

Күтілетін нәтиже

Оқиғаның әрі қарай қалай өрлейтінін болжай алады.Алдаркөсе деп аталуынын себебін түсіндіреді.Қожанасыр мен Алдаркөсенің мінезін,іс-әрекетін салыстырады.Алдаркөсенің жағымды және жағымсыз жақтырын бөліп айта алады.Қазіргі заманғы Алдаркөселерді мысалға келтіреді.Бүгінгі сабақтан өздеріне қорытынды жасай алады.

Тапсырмалар /Wiki материалдары/

бейнежазба материалдары, Интернет сайты: Google.

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Уақыты

Бағалау

Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу, бір біріне жақсы тілектер айтып, пазлдар арқылы топқа бөлу, оқушылардың бар назарын сабаққа бағыттау.

Амандасады. Шенберге тұрып бір біріне жылы сөздер айтады. Топқа бөліну сабаққа дайындық, зейіндерін аударып, ден қою

3 мин


Білу

1.Күннің суретін сал.Ортасыны Қожанасыр деп жаз. Әрбір сәулесіне мәтіндегі қызыл түспен ерекшеленген сөздерді теріп жаз.Күнге тағы қандай сәуле қосар едің?

Миға шабуыл. Сұрақтар қойылады

Күннін суретин салып, саулелеріне мәтіннен алынған сөздерді жазып, өз ойларын қосады.

5 мин


Түсіну

және

қолдану

- Кеше біз қай кейіпкермен таныстық?

-Бүгін аты аңызға айналған тағы да бір кейіпкермен танысамыз.

Интерактивті тақтадан «Дүлей жын» атты мультфильм көреміз.

Мұқият қарап отырыңыздар,мен сіздерге болжау сұрақтарын қоямын.

Мультфильмді 7 үзіндіге бөліп тастаймын.

СҰРАҚТАР:

1)Құмыраның ішінде не бар деп ойлайсыңдар?

2)Жақсылықты зұлымдықпен өтеуге бола ма?

3)Ағаш не деп жауап береді?

4)Сиырдың жауабы қандай болады деп ойлайсыңдар?

5)Енді жын адамды өлтіреді ме екен?

6)Бұл кім?

7)Алдаркөсе енді не істейді деп ойлайсыңдар?

-Қожанасыр

Мультфильмді мұқияттап қарайды.

Сұрақтарға жауап береді

10 мин

Критериалды бағалау

Талдау


1- тапсырма:(5-минут)

Алдаркөсе деп аталуының себебі неде екенін білесіңдер ме? Тек алдар демей, көсені неліктен қосты екен?

2-тапсырма(5-минут)

Қожанасыр мен Алдаркөсенің мінезін,іс-әрекетін салыстырыңыздар.

«Алты ойлау қалпағы» әдісімен жұмыс жасаймыз.

Ақ калпақ тобы:Мәтіннен түсінгендеріңді айтасыздар.

Сары қалпақ тобы: Алдаркөсенің жағымды жақтарын,жетістіктерін,жақсылықтарын айтасыңдар.

Қара қалпақ тобы:

Жағымсыз жақтарын айтасыздар

Қызыл қалпақ тобы:

Шығайбайды алдағанына көзқарастарың қандай?

Жасыл қалпақ тобы:Қазіргі Алдар көселер қандай?

Көк қалпақ тобы: Ойлау

үдерісін басқарасыңдар


Жеке отырып, дәптеріне жазады. Дәптерлерін көршісі екеуі алмастырып,толықтырулар жасайды.Топта талқылайды.

«Венн диаграммасын » толтырады. Топтық жұмыс

Мәтіннің ішінен қажеттісіне назар аударады.

Барлық қалпақтар тобының жұмысын бақылап,бағалайды.

6 мин










10 мин

Бірін-бірі бағалау


Жинақтау

Қожанасыр мен Алдар көседен нені өзімізге қабылдауға болады, ал нені қабылдауға болмайды?

Қабылдаймын

Қабылдамаймын



5 мин

Стикерлер арқылы бағалау

Бағалау

Үйге тапсырма

Топ басшы өз тобының мүшесін бағалайды.

Жетістіктерді бағалайды

Үйге тапсырма береді

Өзін-өзі бағалауды жүргізеді

Үй тапсырмасын күнделікке жазып алады

3 мин

Формативті бағалау

Рефлексия

3 мин



© 2010-2022