Дүниетану. Судың қасиеті 2 сынып

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Су. Судың қасиеті.

Сабақтың мақсаты: Су. Судың қасиетімен таныстыру, сарамандық тәжірибелер жасау арқылы жаттығулар жүргізу.

Сабақтың білімділігі: Судың пайдасы, оның өмірде пайдалануын оқушылардың санасына ұғындыру.

Тәрбиелігі: Суды таза ұстауға, ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа, шығармашылықпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Сабақтың дамушылығы: Оқушылардың білімқұмарлығын, байқағыштығын, тіл байлығын дамыту.

Сабақтың пәнаралық байланысы: ана тілі, қазақ тілі, музыка.

Сабақтың түрі: сынақ сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгеру.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, жер шарының картасы, глобус, жапырақтар, «Су - тіршіліктің көзі», «Сулы жер - нулы жер», «Су - атасы, жер - анасы» деген халқымыздың нақыл сөздері бар.

Сабақтың жабдығы: стакандар,пробиркалар,қант, кесе, электр шәйнегі,

Сабақтың барысы: I .Ұйымдастыру.Сәлемдесу.

II.Үй тапсырмасын сұрау.

а) « Ауаның маңызы» әңгімелеу,тексеру.

ә) Сұрақтарға жауап беру.

б) Тірек схемасын пайдалану.( Ауаның қасиетін жазу)

III.Жаңа сабақ.

Мен сендерге жұмбақ жасырамын,сол жұмбақтың жауабы біздің жаңа сабағымыздың тақырыбы.

Жылт-жылт етеді,

Жылғалардан өтеді ( су)

-Сендер қалай ойлайсыңдар?

-Жер бетінде су көп пе,әлде құрлық көп пе?

Ол үшін глобусқа қарайық? Ғарышкерлер ғарыштан жерімізді осындай етіп көреді.Глобусты айналдырсақ,ол көк түстібоп көрінеді.Өйткені су жердің 4\3 бөлігін алады.

Барлық тіршілік иелеріне адамдарға, жан-жануарлар мен жәндіктерге,өсімдіктерге су қажет.

Су - жер бетіндегі таңғажайып жаратылыс. Сусыз өмірімізді
елестетудің өзі қорқынышты. Бірақ, біз суға қандай құпия жасырылғанын білеміз бе? Ол қашаннан бері бар? Бұл сұрақтардың жауабын судың өзінен іздеу керек шығар. Судың о бастағы мөлшері қандай болса, бүгінде сол қалпынан айныған емес. Бір қарасаң, су - сол баяғы біз білетін құрамы мен белгілері бар сұйық зат. Бірақ зерттеу нәтижелері тіпті керемет дүниелерді анықтады.
«Жер бетін қанша шарласаңыз да, су сияқты мөлдір, әрі иіңізге көне беретін жұмсақ зат таппайсыз. Бірақ су, өз жолында қандай қатты, әрі берік зат болса да, егеп, қашап, тесіп өтеді. Оны ешкімде өз ырқына бағындыра алмайды. Кез - келген қаттыны жеңіп кетеді. Жұмсақ болса да берік нәрсені өз ыңғайына көндіре алады. Мұны барлығы біледі, бірақ осылай әрекет етуге ешкімнің де жүрегі дауаламайды», - деп бұдан екі жарым мың жыл бұрын ғұмыр кешкен қытай ғұламасы Лао - Цзы жазған болатын.

-Сендер жаздыгүні күні бойы даладаойнап келгенде ең алдымен аналарыңнан тамақ сұрайсыңдар ма, әлде су ма?

-Әрине су.

Суды ішкенде оның дәмі қандай болатынынына назар аудардыңдар ма? Қазір соны байқап көрейік.

Практикалық іс-әрекет

Су туралы біз не білеміз? Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, судың дәмі бар ма? Сендердің үстелдеріңнің үстінде сумен стақандар тұр, оның дәмін татайықшы. Дәмі қандай ?

1-ші тәжірибе: Судың дәмін анықтау.

Қорытынды: Судың дәмі жоқ.

2-ші тәжірибе: Судың иісі бар ма ?

(балаларға суды иіскеу ұсынылады)

Қорытынды: Судың иісі жоқ.

3-ші тәжірибе: Судың формасы бар ма ?

Суды стақанға құяйық.. Оның формасы өзгерді ме?. Енді, мен суды пробиркаға құямын. Қазір ол қандай болып тұр. Осыдан қандай қорытынды шығаруға болады. Судың формасы бар ма?

Қорытынды: Су оны құйған ыдыстың формасын қабылдайды.

Судың бұл қасиеті- «Ағушылық» деп аталады.Егер суды үстелдің үстіне құйып жіберсек, нені байқауға болады? (ол ағып, формасыз болып жатады)

4-ші тәжірибе: Су кейбір заттарды ерітеді, кейбіреулерін ерітпейді.

Стақанға бір қасық тұз салып,оны былғаңыз. Тұзға не болып қалды, қалай ойлайсыңдар? Оны қалай білдіңдер ? (тұз еріді)

Қорытынды: Су - жақсы еріткіш.

Суда тағы нені ерітуге болады. Басқа стақанға құм салыңыз,не байқадыңыз? Неліктен құм еріген жоқ?

5-ші тәжірибе: Судың түсі бар ма?

Стақандағы таза суға әр түрлі заттар салынады: қасық,тас. Сонымен, судың түсі бар ма ?

Қорытынды: судың түсі жоқ, ол мөлдір.

Егер боялған суға тағы да осындай заттарды салсақ, қандай құбылысты байқауға болады? Неліктен?

- Су әрқашан осындай мөлдір бола ма?

- Көл, тоған, өзендердің сулары қандай?

(ылғи лай)

6-ші тәжірибе:Судың 3 күйде болатыны белгілі жайт.

-судың сұйық күйі ( су)

-газ күйі (бу)

-қатты күйі (қар, мұз,бұршақ)

Француз ұшқышы жазушы соғыс кезінде сахара шөлде біраз уақыт өткізуге мәжбүр болған,сөйтіп бір жұтым судың қадірін білкен Антуан де Сент Экзюперидің « Сенің дәмің де ,түсің де,иісің де жоқ,сені ешкім сипаттап бере алмайды,сенің не екеніңді білмей-ақ сенен рахат табады. Сенің өмір үшін қандай керек екеніңді сөзбен айтып жеткізуге болмайды,себебі сен -өмірдің өзісің»-деген сөзі бар

Сергіту сәті

Ал, балалар тұрайық, мойынымызды бұрайық.

Қолымызды созайық, су ішінде қалықтап,

Кане, жүзіп алайық, оңға, солға бір қарап, денемізді бұрайық.

IV.Табиғаттағы су айналымы туралы әңгімелеу.

V.Тірек схемасымен жұмыс

VI. Дәптермен жұмыс.1-тапсырма

VII . «Сиқыр» Сыныпқа келген сиқыршының сиқырын тамашалау.

VIII.«Су-өмір көзі» видео материалды тамашалау.

VIII. « Мақал-мәтел сайысы»

1.Сулы жер құрақсыз болмас.

2. Су патшасы - мұрап,
Түн патшасы - шырақ.

3. Қыстағы қар - жерге ырыс,
Жердегі ылғал - елге ырыс.

4.Су анасы-бұлақ,су анасы-құлақ.

5.Су - ырыстың көзі,
Еңбек кірістің көзі.

6.Тау кезеңсіз болмас,
Өлке өзенсіз болмас.

7.Алпыс күн тасыған су,
Алты күнде қайтар.

8.Жауынмен жер көгереді,
Батамен ел көгереді.

9.Таумен тасты су бұзар,
Ел арасын қу бұзар.

10.Судың да сұрауы бар.


Қортындылау.

Еркін сөйлеу « Мен сумын »



© 2010-2022