Матеметика 4 кл Тест

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тест Математика 4класс ll-тоқсан l-нұсқа Аты-жөні:___________________________________

1.Төрт бұрышқа жататын фигураны тап; а) бұрыш ә) шеңбер б) шаршы 2.Туристік фирма шілде айында 54 жолдама,ал тамыз айында 12 жолдама кем сатты.Шілде және тамыз айларында неше жолдама сатты? а) 42 ә) 96 б) 12 3.Ғасыр қай бірлікке жатады? а) ұзындық ә) уақыт б) сыйымдылық 4.Қосындысының да мәні көбейтіндісінің де мәні 6-ға тең болатын тізбектес үш натурал санды тап. а) 1,2,3 ә) 1,3,4 б) 2,3,4 5.Қай санды қойғанда тура теңдік шығады? (812-404):□=102 а) 7 ә) 4 б) 3 6.Екі қаладан бір мезгілде екі машина бір-біріне қарама-қарсы шықты.Бірінші машина 80км/сағ,ал екінші машина 70км/сағ жылдамдықпен жүріп,4сағат өткен соң кездесті.Екі қаланың арасы қанша километр? а) 782км ә) 549км б) 600км 7.Ұзындығы 6см,ені 3см тік төртбұрыштың ауданын тап. а) 18см ә) 9см б) 2см 8.42126:Х=7 теңдеуінің шешуін белгіле. а) 618 ә) 294882 б) 6018 9.5678 бен 2748 сандарының қосындысының мәнін белгіле. а) 7326 ә) 8426 б) 7416 10.Екінші кластың 23және бірінші кластың 203 бірлігінен тұратын санды белгіле. а) 23 ә) 203 б) 23203 11.4528 бен 7сандарының көбейтіндісі неге тең? а) 30696 ә)31696 б)31546 12.720027:9 бөліндіні тап. а) 80003 ә) 8003 б) 803 13.Теңсіздікті тап. а) 65-5=60 ә) 47+7>47 б) 288+а=546 14.Егер бүркіт 1секундта 30м ұшса,1минутта қанша метр ұшады? а) 180 ә) 1800 б) 18000 15.Қалдықпен бөлуді тап. а) 40028:5 ә) 8005:5 б) 555025:5

Тест Математика 4класс ll-тоқсан ll-нұсқа Аты-жөні___________________________

1.Екі жүз үш мың он тоғыз санының цифрлармен дұрыс жазылуын белгіле: а) 20319 ә) 230019 б)200319 в) 203019 2. Төмендегі жазулардың қайсысы дұрыс? а) 3м8см=38см ә) 3м8см=308см б) 3м8см=380м в) 3м8см=83см 3.817299 бен 9сандарының бөліндісі неге тең? а) 90811 ә) 9811 б)9801 в)9810 4.Екі ауылдан бір мезгілде бір-біріне қарама-қарсы шыққан екі салт 3сағаттан кейін кездесті.Біріншісінің жылдамдығы 12км/сағ,ал екіншісінікі 15км/сағ.Екі ауылдың ара қашықтығы неге тең? а) 51км ә) 36км б) 45км в) 81км 5.Ұзындығы 7см,ені 6см тіктөртбұрыштың ауданы неге тең? а) 13см² ә) 42см² б) 26см² в) 40см² 6.Сыйымдылық өлшем бірлігі. а) литр ә) килограмм б) сантиметр 7.Жыл қай бірлікке жатады? а) ұзындық ә) сыйымдылық в) уақыт 8.Өрнектің мәнін тап (2400+180+48):6 а) 438 ә) 4038 б) 40038 9.Өрнектің дұрыс жазылуын көрсет.697 мен 482сандарының айырмасы 5есе көбейт. а) 697-482*5 ә) 697+482*5 б) (697-482)*5 10.Қыста үйде тұрған 3 сиырға 30кг жем берілді.Осындай мөлшермен 8 сиырға қанша жем берілді? а) 80кг ә) 50кг б) 70кг 11.Теңдеуді шеш: 419+Х=209·4 а) 417 ә) 416 б) 400 12.Қосындысының да мәні көбейтіндісінің де мәні 6-ға тең болатын тізбектес үш натурал санды тап: а) 1,2,3 ә) 1,3,4 б) 2,3,4 13.17апта 2тәулікте неше тәулік бар? а) 122 ә) 121 б) 221 14.Үшбұрыштың бір қабырғасы 2см,ал екіншісі одан 2есе ұзын,үшіншісі екіншісінен 1см қысқа.Периметрін тап. а) 4см ә) 3см б) 9см 15.Қалдықпен бөл: 59:3 а) 19 (2қ) ә) 25 (8қ) б) 125 (5қ)

© 2010-2022