Күз-жомарт дейміз біз

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күз жомарт- дейміз біз»

Музыкалық әуен ойнап тұрады. Балалар сахнаға шығады.

Жүргізуші: Қош келдіңіздер ата-аналар!

Армысыздар ұлағатты ұстаздар!

Бармысыздар жас достар!

Хормен: Берекелі, мерекелі Алтын күз құтты болсын!

Жүргізуші: Мұнда назар салайық Мерекесі халықтың Алтын күзге арналған Ертеңгілікті бастайық

Хормен: Қуан! Шаттан! Алақай! Қуанатын күн келді Күліп шықты күн бүгін Қайырлы таң! Қайырлы күн!

Хор: Ән «Күз келгенде».

Жүргізуші:Туған табиғаттың тамаша бір көрінісі күз мезгілі.Айнала сұлуланып, түрлі-түстерге боялып құлпыра түседі.Ағаштардың және басқа өсімдіктердің жапырақтары қызыл, қоңыр, сары болып өзгереді.Олдай болса, құрметті қонақтар кішкентай балапандар күз мезгілінің ерекшеліктері туралы не айтар екен:

Қарлығаш: Берекесін сыйлауға Өлкемізге күз келді Жемістерін жинауға Шақырады біздерді

Нұрболат: Алтын,сары,қызыл, көк Алуан-алуан жапырақ Күзгі бақтар күлімдеп Көз тартады жалтырап

Мейрамбек: Еңбек қызып қырларда Бидай толды қырманға Алтын таулар секілді Сап-сары боп тұрғанда

Мансұр: Біреу астық түсіріп Біреу бидай ұшырып Жатқан мезгіл күз екен Алдым соны түсініп

Руслан Қыстың жақын қалғанын Жапырақтар білгендей Желмен ұшып барады Жерге қонып үлгермей

Әділбек Ой,балалар,балалар Қоңырқай күз болыпты Қурап жапырақ солыпты Ел егінін орыпты

.

Хор:Ән «Күз -жомарт дейміз біз ».

Әділбек Қызыл қырман басында Ақ бидайды сапырған Диқандардың қасында Күз есепші отырған

Мейрамбек Жайдар күз,алтын күз Аяулы күз,алтын күз Дәнге толып ен далам Дариядай шалқыған

Нұрболат Бұлттанып заңғар аспаным Толтырды жасқа жанарын Құстар да қайта бастады Суықтың сезіп хабарын

Қарлығаш Қамба толды астыққа Алғыс саған Алтын күз! Бір уыс дән шаштық та Қап-қап бидай алдық біз

Жүргізуші: Алқаптан бидайды Қоймаға жинайды Тырнасы тізілген Ұнатам күзді мен!-дегендей бәріміз де күз мезгілін жақсы көреміз.Ендеше қошеметпен қол соғып «Күз» ханшайымын ортаға шақырайық.

Музыкалық әуен ойнап тұрады. Ортаға «Күз» ханшайымы келеді. Күзде табиғат көрінісі жиі өзгереді, аспанды бұлт торлап, ағаш жапырақтары жерге түседі,жаңбыр да жауады. Құстар жылы жаққа қайтады, астық жинаймыз, жемістер мен көкөністер піседі.

«Күз» ханшайымы: Қазір біз сендермен «Күз белгісі неде?» деген ойын ойнаймыз.Мен күз мезгіліне байланысты сөздер айтамын, сендер аяқтайсыңдар

-Күзде жапырақтар ………….(сарғаяды).

-Күзде күн …………………(суып, жаңбыр жауады).

-Күзде құстар …………….(жылы жаққа ұшып кетеді).

-Күзде жемістер мен көкөністер………….(піседі).

Ата-аналармен ойын…………………………

Балалармен ойын……………………………..

«Күз» ханшайымы:- Балалар күз мезгілінің айларын атап беріңдерші?

-Қыркүйек,қазан, қараша.

Жұмбақтар шешу

Бойын жерге жасырған

Бұрымы бар жасылдан

(сәбіз)

Ұзын мұртты сарылар

Қойнында дәні бар

(бидай)

Бақшадан келген ала доп

(қарбыз)

Қалың киім ұнатады

Шешіндірсең жылатады

(пияз)

Ата-аналарға сөз беру

Күзбен қоштасу



© 2010-2022