Урок на теме Үркер

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Урок на теме Үркер

Әбіш Кекілбаев 1939 жылы 6 желтоқсанда Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Онды ауылында дүниеге келген.

Ол - көрнекті қазақ жазушысы, қоғам және мемлекет қайраткері ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;

«Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.

Алғашқы өлеңдер жинағы «Алтын шуақ» 1962 жылы жарық көрді. Содан бері проза, әдеби сын саласында көптеген жинақтар шығарды. Шығармаларының негізгі арқауы- белгілі бір тарихи жағдай, халық ахуалы, тағдыры, олардың бір-біріне ықпалы, бүгінгі күн тұрғысының берер бағасы.

Негізгі шығармаларының қатарында «Бір шөкім бұлт», «Дала балладалары», «Тырау-тырау тырналар», «Бір уыс топырақ » т.б. бар.

Урок на теме Үркер





Әйтеке жарып айтады. Қазыбек қазып айтады. Төле тауып айтады. Үш арыс қазақ оларды сөйлетіп қойып, қақаған қаңтарда арқар сорпасын ішкендей бусанып, тал бойы түгел еріп, балбырап отырар еді-ау! Тіпті қаралар дау қаралып, шешілер түйін шешіліп біткесін де, тарағылары келмей үш бидің аузына қарап тамсанып бағар-ды.

Осы жолы да әз Тәукені күллі қазаққа ортақ хан сайлап, сұпы Әжіні күллі қазаққа пір сайлап, жеті жарғының жосығын қабылдаған ұлы жиын аяқталғасын да жиылған жұрт.

  • Жұрт: «Ертең елге барғанда айта баралық. Үш би бізге не дейді екен? Соны естіп кеткіміз келеді».

  • Тәуке хан: Сонда үш биден не сұрайсыздар?

  • Жұрт:

  • Үш би бізге ең әуелі заман құлқынан үш ауыз сөз айтсын!

Сонда төбенің басына қамшысын ұстап Төле би:

  • О, әлеумет, қалай осы, жылқы біткен көп кісінесіп кеткен жоқ па, әйел біткен көп кісімсініп кеткен жоқ па?

Одан кейін төбеге Қазыбек би көтеріліп, сонау мұнарытқан көкжиекке қарап тұрып:

  • Жылқы біткен көп кісінесе, ел шетіне бір дүбір жетейін деп жүргені болмасын, әйелдер көп кісімсінсе, қадірлерінің өтейін деп жүргені болмасын! - дейді.

Әйтеке би қамшысын көкке көтеріп:

Урок на теме Үркер





  • Ел шетіне дүбір жетсе, атыңның жалы панаң болар, көк сауытың - қатын, көк найзаң балаң болар !

Қарақұрым халық үн-түнсіз бастарын шұлғыған-ды.

  • Тәуке хан:

  • Енді не сұрайсыңдар?

  • Жұрт:

  • Енді үш биге бізге кәрілік пен жастық қақында не мәслихат қосады екен? - деген жиылған көп.

  • Төле би:

  • Үй сыртында төбең болса - ерттеулі тұрған атың ғой, ел ішінде қарияң болса - жазулы тұрған хатың ғой.

  • Қазыбек би:

  • Жалтылдайды екен деп жастықты сөкпе - бәріңнің шыққан тегің сол; қалтылдайды екен деп қарттықты сөкпе - ертеңгі жетер шегің сол!

  • Әйтеке би:

  • Ар сатып алған атақтан тер сатып алған мал артық, сақалын тосқан кәріден еңбегін тосқан бала артық!

  • Тәуке хан:

  • Тағы не білгілерің келеді?

  • Жұрт:

  • Енді бізге үш би: жомарттықтың қандайы жаман, сараңдықтың қандайы жақсы- соны айтсын.

  • Төле би:

  • Жомарттықта суайттың куәге жомарттығы , молданың дуаға жомарттығы жаман.

  • Қазыбек би :

  • Жомарттықтың және бір жаман түрі: еркектің жетекке көңілшектігі. Урок на теме Үркер Урок на теме Үркер

Әйтеке би:

  • Дуаға жомарт молда малынан қағылар, куәге жомарт суайт абырой-арынан қағылар, жігіттің көңілшектігі - атының соры, ең жаман жомарттық - уәдеге жомарттық.

  • Төле би қамшысын қолына қайта алып.

  • Ең жақсы сараңдық: қасын сұрағанда «барға» сараңдық, досың сұрағанда «жоққа сараңдық»

  • Қазыбек көп алдына қайта шығып :

  • Көрсе қызардың алдында - жарына сараңдық, айналдырған аурудың алдында жаныңа сараңдық лазым.

  • Әйтеке би :

  • Тамыр мен тамырдың арасында боқшаға сараңдық, дос пен достың арасында бопсаға сараңдық.

Урок на теме ҮркерУрок на теме Үркер

Жұрт бұл жолы бір-біріне бас изесіп желпінісіп қалысты.

- Тәуке хан:

- Тағы қояр сұрақтарың бар ма?

  • Жұрт:

  • Енді үш би бізге ұл мен қыз қақында не айтар екен?

  • Төле би :

  • Ұл өссе - ұрпақ, қыз өссе - өріс.

  • Қазыбек би:

  • Ұл бала аптыққаннан өлсін, қыз бала тұншыққаннан өлсін.

  • Әйтеке би:

  • Дәулетіңнің қадірін ұлың өскенде білерсің, абыройыңның қадірін қызың өскенде білерсің.

  • Жұрт:

  • Енді үш жорға ерлі-зайыпты екеу туралы бірдеңе айтсын.

  • Төле би:

  • Жарақтыдан құтқарса - атың мұра, жалғыздықтан құтқарса - қатын мұра.

  • Әйтеке би:

  • Азынаған айғырды үйірінде көр, аңқылдаған жігітті үйінде көр .

Қарақұрым халық тағы да гу-гулей жөнелді.

  • Тәуке хан:

  • Енді де сұрақтарың бар ма? .

  • Жұрт:

  • Үш би бізге енді бізге адам құлқынан үш ауыз сөз айтсын!

Қамшысын алып Төле би қайта ортаға шығып:

  • Биікке шықсаң - көңілің ашылар, жақсымен тілдессең - зейінің ашылар.

Қазыбек қамшысын ұстап тұрып:

  • Аты жаманның арманы кетер, баласы жаманның дәрмені кетер.

Әйтеке жұртқа қарап:

  • Ниеті жаманның иманы кетер, әйелі жаманның мейманы кетер, алланың сүйгені - азан, халықтың сүйгені - қазан. Күлтөбеге жақын ауыл біздікі екен. Жиналған көп әлеумет, жүріп дәм татыңдар!

Бұл жолы жұрт гуілдесіп ала жөнелді.

Жұрт:

  • Оу, жамағат, не байқадыңдар? Қазақтың игі жақсысын жиып, батасын алып, исі Алаштың ырыс-несібесін Жанарысқа қалдырп кетсін деп тұр ғой бұл сығыр!

  • Қазыбек би:

  • Төке, жол үлкеннен, қызмет кішіден деген ғой. Жолымыздан қалмайық! - деп төбе басынан түсе берді.

Өтес орта мектебі ММ

«Үркер»

Әбіш Кекілбайұлы - 75 жыл!

«Тығырық» әңгімесінен үзінді

2014-2015 оқу жылы

Көріністі қойғандар:



  1. Тәуке хан - Бердімұрат Сұлтан

  2. Төле би - Төреғалиұлы Расул

  3. Қазыбек би - Нұрланұлы Жандос

  4. Әйтеке би - Жанайс Ербұлан

  5. Ауыл адамдары: 1.Бердібек Мадияр

2.Қыстаубайқызы Аяжан

3. Біржанұлы Жангелді



© 2010-2022