Тәуелсіз елдің ұланы сынып сағаты 3 сынып

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәуелсіз елдің ұланы сынып сағаты 3 сынып.Тәуелсіз елдің ұланы сынып сағаты 3 сынып.Тәуелсіз елдің ұланы сынып сағаты 3 сынып.Тәуелсіз елдің ұланы сынып сағаты 3 сынып.Тәуелсіз елдің ұланы сынып сағаты 3 сынып.Тәуелсіз елдің ұланы сынып сағаты 3 сынып.Тәуелсіз елдің ұланы сынып сағаты 3 сынып.Тәуелсіз елдің ұланымыз

Сабақтың мақсаты: оқушыларға тәуелсіздік туралы ұғындыру,туған жерін, елін құрметтеуге тәрбиелеу,патриоттық сезімдерін ояту.

Көрнекілігі: КР-ның рәміздері,елбасы суреті, Астана, Алтын адам, Хан шатыры, Бәйтерек, суреттері.

  1. Гимнді орындау.

  2. Сұрақтар қою:

  • Отан дегеніміз не? Оны қалай түсінесіңдер?

  • Біз қандай ұлтпыз?

  • Қандай Республикамыз?

  • Біздің ана тіліміз қандай тіл?

  • Елбасымыз кім?

  • Сонымен қатар біздің рәміздеріміз бар. Кәне, рәміздерді атап шығайықшы.

  • Тәуелсіздігіміздің басты белгілеріеліміздің рәміздері туралы не айтасыңдар?

1.Гимн біздің Отанымыздың салтанатты үні. Өр үні.Оның қалықтай көтерілген әуенінде туған жердің рухы мен сазы шымырлай шалқиды. Кеудені мейірлі мақтанышқа бөлейді, арманыңды аялай самғатады.

2.Елтаңбам қандай тамаша!

Елтаңбасы елімнің неткен әйбат, әдемі!

Тұнығындай көңілдің, ортада аспан әлемі.

3.Жалауыма қарасам көңілімді мақтаныш кернейді.Ол шарықтаййды,көңіл қалықтайды.

Жарасқан байрақтың мәні бар,көк аспан, күн, қыран сәні бар.

Көк байрақ ашық күн, кеңістік, алтын күн - белгісі жеңістің.

4.Еліміздің еркесі, ару қала - Астана. 1997 жылы 20 қазанда Ақмола ел астанасы болып жарияланды. КР-ның астанасы Астана қаласы болып аталды Келбетіне көрік қосып, келешегіне сенім әкеледі. Шаңырағы биіктеп, шаттығы әуеленген қала күннен-күнге өсіп келеді. Оған Хан шатыры, Бәйтерек дәлел бола алады.

Заман жаңа,ел жаңа, күлімдейді кең дала.

Өз Астанам - өз Ордам, сүйенерім сен ғана!

Бабалардың көзіндей, даналардың сөзіндей

Ұлы дала тұрғызды ұлы қала өзіндей.

Отанымыздың төрінде, Сарыарқаның өрінде

Ту ұстаған Астанам әсем қалам, бас қалам.

(Астана қаласының бейнекөрінісін бейнетаспадан тамашалау)

7. Арайлап атқан бейбіт таны бар, асу бермес асқар-асқар тауы бар кең жазиралы мекенді, қонақжай, жомарт халқы бар менің елім - Қазақстан. Біз 24 жылда үнемі даму, қарқындау үстіндеміз.

«Отан» әні.

«Қазақстан» сөзінен туындайтын ассоциация (сызба)

Атамекен Астана Қазақ елі

Елбасы Қазақстан Бейбітшілік

Халықтар достығы туған жер

Қорытынды: Сонымен, балалар, бүгін біздің дербес ел болып, уығымызды қадап, шаңырағымызды көтеріп, ерікті еркін мемлекетімізді құрып, Қазақстан Республикасы атанып, көк байрақ туымызды желбіретіп әлемге әйгілі болуымыздың өзі - осы тәуелсіздікке қол жеткізуіміздің арқасы.Олай болса тәуелсіздігімізге шаң жұқтырмай оны ең қымбат бұйымымыздай етіп құрметтеп, келер ұрпақтар қолына аманаттап тапсыруға тиіспіз. Елімізді ішкі-сыртқы дұшпандардан қорғауға міндеттіміз. Сонда ғана тәуелсіздігіміз мәңгілікке мирас болмақ.





© 2010-2022