Бастауыш сыныптарға арналған өзіндік жұмыстар

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Бастауыш сыныптарда қазақ тілі пәнінен өзіндік жұмыстарды ойын арқылы ұйымдастыру.
Оқушылардың өзіндік жұмысы- мұғалімнің қажетті нұсқаулары бойынша оқушының оқу жұмысының жеке дара және ұжымдық түрі.Өзіндік тапсырмаларды орындау барысында оқушылардан белсенді ойлау,әртүрлі танымдық жаттығуларды шешу талап етіледі.Осының нәтижесінде оқушылар өздігінен бақылауды үйренеді. Оларда тапсырылған істі орындаудағы жауапкершілік сезім,еңбексүйгіштік, табандылық,ұйымшылдық,бір-біріне деген жолдастық көмек қалыптасады. Өз бетінше жұмыстың түрлері; 1. Жаңа материалды оқып үйренуге дайындық. 2.Жаңа материалды игеру,бекіту. 3.Бақылау. 4.Қайталап-пысықтау. Оқушылардың өз бетінше жұмысының педагогикалық тиімділігі- мұғалімнің жұмысқа жасаған басшылығының сапасымен тікелей байланысты.Егер мұғалім жұмысты дұрыс ұйымдастырса,оқушылардың алдына қойылған мақсат та айқын болса,онда орындалған өздік жұмыстың сапасы да ойдағыдай болады. Бастауыш сыныптарда оқытудың маңызды мақсаттарының бірі- оқушыларда өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру. Бастауыш сыныптардан бастап,оқушылардың өз бетінше жұмыс істей білу іскерліктері де қалыптасады. Жаңа ұғымды,заңдылықты,ережені түсініп, тұжырымдау,жаттығуды талдау,жаңадан өтілген ұғым бойынша өздігінен ой қорыта білу,өзінің оқу іс-әрекетіне бақылау жасай білуі дамиды. Іскерліктерді қалыптастыру- оқу барысында мақсатты түрде ұйымдастырылған жұмыстар және жаттығулар жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Өз бетінше жұмыстың негізгі ерекшелігі- оқушының берілген тапсырманы мұғалімнің көмегінсіз орындауы.Тапсырманы орындауда жақсы нәтижеге жету үшін,мұғалімнің оқушының іскерлік дағдысын,бақылай білу қабілетін,ойлауын,тапсырманы дұрыс таңдай білуін байқап көреді.Егер тапсырманы орындауда қателер жіберілсе, онда мұғалім сол қателерді оқушылардың өздері жөндеуіне мүмкіндік беріп, оқушының іс-әрекетін дұрыс жолға бағыттағаны жөн. Егер өз бетінше жұмыс жаңа білімді игеруге байланысты болса және мұнда оқушының білімді саналы түрде қабылдауы қарастырылса,яғни талдап қорыту,тапсырмаларды шеше білу,логикалық тапсырмаларды орындай білу болса,онда бұл өздік жұмыстың жаңа материалды игеру түріне жатады.. Жаңа материалды өз бетінше игеру тапсырмаларына ерекше көңіл бөлген дұрыс. Осыдан кейін тақырыпта баяндалатын негізгі заңдылықтарды,ережені оқушының өзі табуына,байқауына,тұжырымдамаларына жол ашылады,тек қойылатын сұрақтар жүйесі мұқият құрылуы керек. Оқушылардың жаңа материалды жеке игеруінде оқулықпен жұмыс істей білудің атқарар рөлі ерекше.Оқулықпен тиімді жұмыс істей білу үшін оқушының қажетті іскерлігі мен дағдысы болуы тиіс.Оқулықта берілген тапсырмалар, жаттығулар жүйесі- оқушының ойлау қабілетін дамыту,өздігінен жұмыс істей білу іскерлігін қалыптастыру,білімді өзгеше қабылдау мақсатын көздейді.Оқулықпен жұмыс істеуді ерте бастап,яғни бала мектепке келген күннен бастап дағдыландыруымыз керек. Егер оқушы 1-сыныптан бастап оқулықпен жұмыс істеуді меңгерсе,онда 2-сыныпта тақырыптарды оқушылардың өздері меңгеретін болады. 1-сынып оқушыларында өз бетінше жұмыс істеу дағдылары әлі қалыптаса қоймағандықтан,бұл сыныпта мұғалімнің басшылығымен атқаратын жұмыстар көбірек болады. Ал,2-сыныпта оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу дағдылары біршама қалыптасып қалғандықтан мұнда тапсырмаларды көбірек ұсыну керек. Мұғалім оқушылардың өз бетінше орындайтын жұмысының түрлерін әр пәннің ерекшелігін ескеріп,күні бұрын жоспарлап,әр тақырыптың ауыр-жеңілдігіне қарай ұйымдастыруға болады. Сонда әр сыныпта сабақ жүйелі, ал оқушылар өз бетінше орындайтын жұмысы сапалы болады.Өзіндік жұмыстарды ертегі,кейіпкерлер келу,үлестірмелі қима қағаздар,перфокарталар,ойын ойнау арқылы да жүзеге асыруға болады. 1-сыныпта өзіндік жұмыстар «Әліппе» пәнінен басталады. 1-сыныптың жас ерекшелігіне тоқталатын болсақ; Мектептік кемелге әсер ететін жағдай: 1.Даярлық ерекшелігі. 2.Мектепке дейінгі даярлық. 3.Жас ерекшелігі. Оқушылар әртүрлі дайындықпен келгеннен кейін олардың танымдық қабілеті,ойлауы,оқуға ынтасы,іс-әрекеті,қабылдауы да әртүрлі қалыптасқан болады. Өзіндік жұмыстарды орындауда мынадай жұмыстар алға қойылады: .Педагогикалық - психологиялық материалдарды зерделей отырып, оқушылардың өзіндік жұмыстарды орындай алмау себептерін анықтау;
  • Оқу - тәрбие үрдісінде оқушының өзіндік жұмысты орындай алмау жолдарын қарастыру;
  • Өзіндік жұмыстарды жүзеге асыруға ата - аналарды тартуды жоспарлау;
Оқушының өзіндік жұмысты орындауы- оның оқудағы үлгерімінің жақсаруына ықпал етеді. Ата-аналармен жиналыс өткізіп, оқушылармен жүргізілетін өзіндік жұмыстар түрімен таныстырып,үйге осындай тапсырмалар берітінімді айтамын. .Үйге оқушыға берілген өзіндік жұмыстарды орындауда ата-аналардың көмегі қажет.1-сыныпта дыбыстарды өткенде үйге сыныпта айтылмаған сөздер біліп келуге беремін.Сол кезде оқушы ата-ана көмегіне жүгінеді.Мектепке бару- бала өміріндегі маңызды оқиға,мектепте оқу-баладан дайындықты талап ететін қиын іс.Оны жеңу сіз бен біздің еншімізде. Осындай жадынамалар ата-аналардың баласының оқуына деген жауапкершілікті сезінуіне көмектеседі. 1-сыныпта ойындар ойнау арқылы өзіндік жұмысты орындатқан жеңіл.Әр өтілген дыбыс бойынша мынадай өзіндік жұмыстар өткіземін. «Жоғалған буын» ойыны. Қа- ...,бал- .... «Сөз құра» ойыны. Б,қ,а,а- бақа. «Кім көп біледі?» ойыны. Б дыбысынан басталатын сөздер ойлап,айту. «Жоғалған әріп » ойыны. ...ор,...алық. «Буындардан сөз құра» ойыны. Ба,бо,бұ,ран,қа.та. «Шашылған әріп» ойыны. Б,б,а,ғ,а,р,н-барабан. «Баспалдақ» ойыны. С......... С...... С.... Үйге оқушыларға өткен дыбыстар бойынша айтылмаған сөздер тауып келу берілгенде,оқушылар ата-аналармен дайындалады. Ана тілі пәнінде тақырып бойынша жаттығуларды орындату арқылы өзіндік жұмыстарды жалғастырамын. «Заттың атын білдіретін сөздер» тақырыбы бойынша көп нүктенің орнына заттардың атын жаз. Кім? Не? «Кім?не?» ойыны.Сұраққа жауап беретін 5 сөз айту. «Кім? Кімдер?» ойыны. әнші- ...., биші- ... «Не?Нелер?» ойыны. Орындық-..... «Теріп жаз»ойыны. Егінші, бағбан,қарындаш,бор. «Сөзді ажырат» ойыны. Сөйлем ішінен таба білу.Талдау. 2-сыныпта өзіндік жұмыстар тақырыптарға,жас ерекшеліктеріне сай өзгертіледі. Зат есімнің түрлері; жалқы,жалпы есім,көпше,жекеше түрі. -«Топтап жаз» ойыны. Жалқы,жалпы есімді бөліп жазу. - Жатқа жазу.Өлеңді жатқа жазып,жалқы есімді табу. - Ребус шешу,зат есім қатыстырып сөйлем құрау. -Жаңылтпашты жазып,жалқы есімді табу. -Сурет бойынша әңгіме құра,зат есімді табу. -«Көптік жалғауын жалға!» ойыны. Құжат-...,сабақ- .... -Талдау жасау. 3-сыныпта зат есім;негізгі,туынды,тәуелденуі. - зат есімді сын,сан есімдермен,етістікпен тіркеп жаз. -мақалды толықтырып жаз. -суреттегі заттардың атын жаз,сұрақ қой,сөйлем құра. -негізгі зат есімді туынды зат есімге құрап жаз. -зат есімді тәуелдеп жаз,сөз құрамына талдау жаса. 4-сыныпта зат есімнің септелуі,жіктелуі,тәуелденуі. - «Зат есімді септе» ойыны.септеу. -Кесте бойынша жұмыс. -зат есімді үш жақта тәуелде. -сөздердің байланысын сызбамен көрсет,сөз құрамына талдау,жікте. 4-сыныпта оқушыларды 5-сыныпқа бейімдей отырып,өзіндік жұмыстардың күрделі түрлерін орындатамын. 1-4 сыныптарда «Өлке» баспасынан басылып шыққан өзіндік жұмыстар дәптерін қолданамын.Бұл дәптер бағдарламаға сәйкес құрастырылған.Тапсырмалар оқулықтағы тақырыптар бойынша топтастырылған.Шығармашылық жұмыстар,тесттер берілген.Сабақ үстіндегі өзіндік жұмыс ретінде,сыныптан тыс жұмыстарда,үй тапсырмасы ретінде,өткен материалды қайталау барысында пайдалануға болады.



































№3 орта мектеп












Бастауыш сыныптарға арналған өзіндік жұмыстар





Дайындаған: 3сынып мұғалімі:

Хуандаг Ализа







































© 2010-2022