Ашық сабақ. 2-сынып. Даңғой

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Е. ЕРБОТИН. «ДАҢҒОЙ»
Ашық сабақ. 2-сынып. ДаңғойБақтыгүл САБИРОВА, Манашы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Мақсаты:Мысалмен таныса отырып, тапсырмаларды орындайды, өз білімдерін толықтыруға тырысады. Міндеті: Білімділік:Мысалды мәнерлеп, түсініп және ролге бөліп оқиды. Топтық тапсырмалар орындайды. Дамытушылық:.Сөздік қорын, тіл байлығын, ойлау қабілеттерін дамытады. Шығармашылық деңгейі артады. Тәрбиелік: топ мүшелері сабаққа белсене қатысады, «Жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге» үйренеді. Оқытудың нәтижелері: 1.Өз пікірін жеткізу арқылы тапсырманы орындай алады. 2.Оқушы ойын еркін түрде жеткізеді және талдайды. 3.Кейбір оқушылар топтың көмегімен тапсырманы орындай алады. Қамтылатын модульдер: 1-модуль - оқыту мен оқудағы жаңа тәсіл (топтық жұмыс), 2-модуль - сыни тұрғыдан ойлауға үйрету (миға шабуыл) 3-модуль -бағалау, 4-модуль-АКТ пайдалану, 7-модуль-көшбасшылық (топты басқару және белсенділікпен қатысу) Сабақтың барысы: Мұғалімнің іс-әрекеті: Ұйымдастыру; Үйге тапсырманы сұрау; Топқа бөлу; Топтық тапсырмалар беру. Оқушының іс-әрекеті:

Ұйымдастыру

Бір Аллаға сиынып,

Кел, балалар, оқылық!

Оқығанды көңілге,

Ықыласпен тоқылық! 1-тапсырма: Үйге тапсырманы сұрау. «Амандасу салты» мәтіні мазмұны бойынш 1-топ - Амандасқанда айтылатын сөздерді айт. Амандасудың түрлерін көрсет. 2-топ - Амандасу туралы мақал-мәтелдер айт. 3-топ -Сәлемдесудің мәні не деп ойлайсың? Мағынасын түсіндір 4-топ - Сәлемдесу неліктен әдептілікке жатады деп ойлайсың? Топтық бағалау. 2-тапсырма. Жаңа сабаққа қызығушылығын ояту. Модуль СТО. Әдісі: Ой қозғау(миға шабуыл). Жұмбақ шешу Әр желінің асты толған көк қоян, Жаз болғанда көк қоянды жеп қоям. (Қияр) -Бүгінгі сабағымыз қияр туралы болмақ, бірақ қандай қияр екенін мысалды оқыған соң, түсініп аламыз. Мысалды оқудан алдын, авторы туралы мәліметтерді біліп алайық. Есентай Ерботин (1940 - 1992) Павлодар облысы, Баянауыл ауданында туған. «Өрнек», «Өнеге», «Серік пен Берік», «Менің досым», «Балалар бал болғанда», «Далаға саяхат» атты кітаптары жарық көрген. Бүгін біз «Даңғой» деген мысалымен танысамыз. 3-тапсырма. «Даңғой» мысалын түсініп, мәнерлеп оқу. 4-тапсырма. 1-топ - Мысалдан қиярдың сөзін тауып, мәнерлеп оқы. 2-топ - Мақтанған қияр қандай күйге ұшырады? 3-топ - Мысалда қорытынды ой айтылған жолдарды тауып оқы 4-топ - «Даңғой» өлеңі неге мысал ретінде берілді, деп ойлайсың? Сергіту сәті 5-тапсырма. Дәптермен жұмыс. Сызбаны дәптеріңе толтыр.
Мысалда берілген сөздер Мағынасы ... мақтаншақ Даңғойланды мақтанды ... үлкен болам ... таса жерде ... керекке, қажетке, пайдаға
6-тапсырма. Постер қорғау. «Даңғой қиярға айтарым». 7-тапсырма. «Ойланып жауап бер» Базарға 1 кг қияр алуға келдің. Қолыңда 80 теңге ақша бар. Бір жерде біркелкі қияр сатылып жатыр. Бағасы 100 теңге. Екінші жерде үлкен-үлкен қияр сатылуда. Бағасы - 70 теңге. Қайсысын аласың? Неліктен? Кері байланыс. «Мен бүгін не үйрендім?». Оқушылар пікірлерін білдіре отырып, қолындағы стикер-алмаларын ағаш бұтағына барып іледі.
Рефлексия. Венн диаграммасы



Даңғой

Амандасу салты

Бағалау.

Үйге тапсырма. «Мақтаншақтық туралы» шығарма жазу

Маңғыстау облысы,

Бейнеу ауданы

Ашық сабақ. 2-сынып. Даңғой

© 2010-2022