Дүниетану сабақ жоспары Үгілу

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Үгілу

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Үгілу туралы ақпарат беру. Үгілудің неден пайда болатынын ұғындыру. Ой-өрісін кеңейту, әңгімелеп ойын толық жеткізуге дағдыландыру. Қоршаған ортаны әрқашан қорғай білуге ,табиғат жанашыры болуға тәрбиелеу.

Сабақ типі: Аралас сабақ. Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу. Көрнекілігі:Суреттер, үлестірмелер.

Психологиялық ахуал

Табиғат - біздің анамыз

Табиғатқа баламыз.
Табиғатты қорғайтын,
Біз әдепті баламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Дүниетану сабақ жоспары ҮгілуДүниетану сабақ жоспары Үгілу

Мағынаны тану

Мұғалемнің түсіндірмесі : Үгілу деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?(өздеріне білгенін айтқызу) Оқулық бойынша жаңа сабаққа мұғалімнің түсіндірмесі. Суық шыны ыдысқа ыстық су құйғанда ол сынып кетеді.Себебі оның көлемі суынғанда кішірейіп, қызғанда кенет үлкейеді. Осы сияқты тау жыныстары да суынғанда көлемі кішірейіп,жылынғанда ұлғаяды. Ауа температурасы тәулік ішінде ауытқып тұрады. Тау жыныстары да күндіз қызып, түнде салқындайды.Мұндай өзгеріс тәулік ішінде ғана емес,жыл мезгілдерінде де жүріп жатады.Температураның тәулік және жыл ішіндегі өзгерістерінің әсерінен қатты тау жыныстарының көлемі бірде ұлғайып, бірде кішірейеді.Соның әсерінен оларға жарықшақтар пайда болады.Сол жарықшақтарға су толып, күзде,көктемде түнге қарай қатады. Мұзға айналғанда су көлемі ұлғаяды. Тау жыныстарындағы жарықшақтар осылай үлкейіп кетеді. Өсімдіктер де тау жыныстарының бұзылуына әсер етеді. Тас бетінде қына өскенін көргенсіңдер,жел осы қына тұқымын айдап жарықшақтарға тығады. Ол өзіне қажет қоректік заттарды тастан ылғалмен бірге сорып алады.Нәтижесінде тастағы жарықшақ кеңи түседі. Енді ол жерге майда қоқымдар толады. Сол араға шөп,бұта, бара-бара ағаш ұрығының өсуіне жағдай туады. Ағаш тамыры жыл сайын үлкейіп,жарықшаққа тереңдей ді, жуандайды.Жылдар өткен сайын тау жыныстары бірте-бірте бұзыла береді. Қатты тау жыныстарының бөлшектеніп,ұсақталуын ү г і л у деп атайды.

Сергіту сәті

Бірім артық екіден,
Аздығыма өкінем,
Кедерлі аттай тұсалып,
Жүр біреулер, «үш» алып.

Ой толғаныс

Сарамандық жұмыс. Оқулықта берілген сарамандық жұмысты орындау. Оқулықпен жұмыс. Тізбектей дауыстап оқыту.

Үйге тапсырма

Күн ретін ,ауа райын жазу. Дәптерге үгілудің анықтамасын жазып келу .

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Дүниетану сабақ жоспары Үгілу

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



© 2010-2022