Әліппе сабағы С дыбысы мен әрпі

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Әліппе сабағы С дыбысы мен әрпі.Әліппе сабағы С дыбысы мен әрпі.Әліппе сабағы С дыбысы мен әрпі.Әліппе сабағы С дыбысы мен әрпі.Әліппе сабағы С дыбысы мен әрпі.Күні:

Тақырыбы: С дыбысы мен әрпі.

Мақсаты: 1. Оқушыларды С дыбысы және әрпімен таныстыру, дауыссыз,қатаң дыбыс екенін таныту. С дыбысы бар сөзге дыбыстық талдау жасату, дұрыс жазуға,есте сақтауға үйрету.

2. Қол жаттықтыру,С әрпінің баспа және жазба түрімен таныстыру,кіші,бас әрпін жазуды үйрету.

3.Балаларды бағыт-бағдар бере отырып өздіктерінен жұмыс істету,ой-өрісін дамытып,қорытынды шығаруға машықтандыру.

Сабақтың түрі:дамытушылық ойын сабақ.

Көрнекі-құралдар: кеспе әріптер ,суреттер,буындар,баспалдақ ойынының үлгісі,түрлі-түсті бор.

Кезеңдері

Өту барысы

Ұйымдастыру кезеңі

Жылулық шеңбері:

Кәне,шеңбер бойына тұрып,бүгінгі күнмен сәлемдесейік.

Алақанды ашайық,Күннің нұрын алайық Жүрекке жылу салайық,Жиналған жылы шуақты Бір-бірімізге шашайық.

--Өткенге шолу:

-Балалар,біз қандай дыбыспен таныстық-Б дыбысымен.

-Б дыбысына дыбыстық мінездеме беру.

-Сөздерді тізбектеп оқу.

-Орман мәтінін оқу-Орман мәтінін оқу Сөздерге дыбыстық талдау жасау.

Ойын:

«Екінші буыным кайда»ба,ла,та,ба,бо,та,бо,та,бал,қа,ба,бақ,та,ша,ға,бақ,ша,бақ.

Сергіту сәті:

-Бақа,бақа,балпақ,

-Басың неге жалпақ?

-Темір телпек көп киіп,

-Басым содан жалпақ.

-Бақа,бақа,балпақ,

-Бұтың неге талтақ?

-Су бетінде көп жүзіп,

-Бұтым содан талтақ.

-Бақа,бақа,балпақ,

-Көзін неге тоспақ?

-Көрінгенге көп қарап,

-Көзім содан тостақ

Жаңа сабақ:

Ой ашар. Сұрақ-жауап арқылы.

Қыздар құлағына тағады-Сырға.

Қыздар қолына тағады-Сақина.

Ақ,дәрумені көп,пайдалы сусын-Сүт.

Мектепте не оқыймыз-Сабақ.

Қыздар басына киеді-Сәукеле.

Уақытты көрсетеді-Сағат.

Сызуға арналған құрал-Сызғыш.

Кітаптарды қайда саламыз-Сөмкеге.

-Дұрыс,өте жақсы жауап бердіңдер,жарайсыңдар!

-Осы сөздердің барлығының бірінші дыбысы қандай дыбыс?

• С дыбысы калай айтылып тұр? Кедергімен бе,әлде кедергісіз бе?

•Дыбыстар кедергіге ұшырап қысқа айтылып тұр.

•Өте жақсы,олай болса «С»дыбыс қандай дыбыс екен?

•С дыбысы дауыссыз дыбыс болса.онда оны қандай текшемен белгілейміз?

•С дыбысынан басталатын сөздер айту, сөйлем құрау.

-С с дыбысы-дауыссыз дыбыс.С-дыбысына дыбыстық мінездеме беру.

С дыбысы

1.Бұл дауыссыз дыбыс Себебі,бұл дыбысты айтқанда өкпеден шыққан ауа қуысында түрлі кедергілерге ұшырап,,ауа қысылып шығады.

2.Үн мен салдырдың қатысына қарай---қатаң.Себебі,бұл дыбыс тек салдырдан тұрады.

3.Айтылу, жасалу тәссіліне қарай---ызың дауыссыз.Себебі,бұл дыбысты айтқанда дыбыстау мүшелері бір-біріне жуысып,ауа сүзіліп шығады.

4.Жасалу орны мен дыбыстау мүшелерінің қатысына қарай-тіс дауыссызы.

Оқулықпен жұмыс:

--Суретпен жұмыс

--Бағандағы сөздерді оқу.Сөздердің маңынасын түсіндіру..

-- Сөздерді буынға бөлу

Сергіту сәті:

Бас бармақ қойды баға ғой.

Сұқ саусақ,шөпті шаба ғой

Ортан қол,бара ғой.

Аты жоқ қолға жұмыс жоқ

Шұнашақ ұйықтап қала ғой.

Дәптермен жұмыс:

Білезікке қарайық,Ұқсайды оған қай әріп?Шешуі:С әрпі.

С әрпінің жазба түрін тақтаға жазып көрсету. Б әрпінің элементерін ауада жазу.Жазу дәптеріндегі үлгі бойынша С дыбысын бастырып жазу.Дәптерді көлбеу қойып,әдемі,таза жазамыз.

Буын ұйқасын табу. Оқушылардың шешімі:

-са -са -са -ызыңдайды маса.

-із -із -із -бақшадағы сәбіз

-ыс -ыс -ыс -келіп қапты қыс.

Баспалдақ ойыны.

С-

С- -

С - - -

С - - - -

Жауабы:су,саз,сақа,сәбіз.Дыбыстық талдау жасау

Бағалау. Қорытынды:

-Бүгін қандай дыбыспен таныстық?

-С дыбысымен.

-С дыбысы дауыссыз дыбыс.

-Неге дауыссыз дыбыс деп ойлайсыңдар

-Себебі созылмайды.

-С дыбысына дыбыстық мінездеме беру.

Үйге:

Бағандағы сөздерді оқып келу.



© 2010-2022