Табиғатым - тал бесігім

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы :Табиғатым -тал бесігім

Сабақтың мақсаты: 1.Табиғатты қорғау , оқушыларды туған жер табиғатымен таныстыру .

2 .Табиғатқа деген қызығушылығын арттырып , ой -өрісін дамыту .

3.Қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу , туған жердің экологиясын қорғауға үлес қосуға тәрбиелеу .

Көрнекілігі : Плакатқа жазылған өсиет сөздер . Табиғат туралы суреттер , буклеттер .

Сабақтың барысы : І . Ұйымдастыру

ІІ .Негезгі бөлім

Табиғат -тіршілік атаулының құтты қоныс -мекені ,тіршіліктің өсіуіне қажетті нәрі , жер бетіне көрік берген сәні . Табиғаттсыз өмір жоқ . Бұл даусыз шындық . Ол - бар байлықтың көзі ,адам өмірінің неғізі .Айналадағы өзімізді қоршап тұрған дүние , жер , күн , су , аспан , өсімдік , жан -жануар , жәндік атаулының бәрі -табиғат .

  • Жылдың төрт мезгілі бар . Олар : көктем , жаз ,күз , қыс .

  • Қазіргі кезде барлық адамзат алдында тұрған киелі де күрделі міндеттердің бірі -табиғатты қорғау , оның байлықтарын ұқыптты пайдалану . Табиғат - адамға баға жетпес байлық .

1 - оқушы :

Табиғат әсемдіктің төркінісің ,

Ән саламын бір сенің көркің үшін .

Жан - жануар табынып бір өзіңе ,

Сеннен алып тұрғандай бар тынысын .

2 - оқушы :

Табиғатты қорғау ншін бәріміз ,

Күресейік , бір -бір ағаш егейік .

Текке отырмай жасымыз бен кәріміз ,

Таза ауа үшін терімізді төгейік .

Өзендер мен көлдерді ластауға болмайды , өйткені оларда өмір сүретін барлық жаратылыс құрылады .

Кейбір адамдар әрқашан өзендерді , көлдерді , теңіздерді қалдықтармен және қоқыстармен ластап отырады . Не істеу керек ?

Адам табиғатсыз өмір сүре алмайды .Адамдар табиғат байлықтарын есепсіз пайдаланып , экологиялық ойсырауға ұшыратады . Елді мекен маңындағы ағаштардың кесілуі , бұлақ көздері мен өзендердің ластануы , қоқыстардың көбеюі ,кейбір аңдар мен құстардың жойылуы -бұл экологиялық мәсәле .

Мен - Жермін ,

Мен -Ғаламшармын .

Мен қажыдым , шаршадым .

Осы менің жайымнан ,

Боласыңдар хабардар .

Мақал -мәтелдер .

1 . Орман -ел дәулеті ,жер сәулеті .

2 . Ағаш ексең аялап , басыңда болар саябақ.

3 .Ақыл дария алсаң да таусылмайды ,Жер қазына саусаң да таусылмайды .

3 -оқушы :

О , дариға алтын бесік туған жер ,

Қадіріңді келсем білмей кеше гөр .

Сүйсем сені туған ел -атамекен ,

Абзал анам сенсің ғой құшағың кең .

Қазақ халқы -табиғатты аялаған халық ,

Ата -бабаларымыз арттарында табиғатты қорғау туралы әр түрлі өсиет сөздер қалдырып кеткен .

1 . Көкті жұлса , < көктей соласың > деп жамандыққа жориды .

2 .Суға түкірмейді , өйткені бұл суды қайта ішуге тура келеді .

3 .Құстардың ұясын бұзуға болмайды . Қарғаса ,үй -ішіне кесапаты тиеді .

Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз ,

Жер бетінің ажары -ол сәніміз .

Туған өлке табиғатты аялап ,

Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз .

Қастерлейік оның байлық -ырысын ,

Ей ,адамдар ,арың қалай шыдайды ,

Табиғат анаң ,ал сен оның ұлысың .

Сұлу табиғатымызды аялай білейік ,табиғатты сүю -парыз , сүю үшін қорғау -парыз .

© 2010-2022