Внеклассное мероприятие Жұмбақтар елі

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Жұмбақтар елі»

/сыныптан тыс шара/

Мақсаты:

1.Оқушылардың шағын драмалық көрініс көрсете отырып, оқу барысында алған білімдерін нығайту;

2.Сайысқа деген қызығушылықтарын арттырып, ойлау шапшаңдықтарын дамыту;

3.Ұйымшылдыққа, қамқор болуға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер:иллюстративті, драмалық, ойын.

Көрнекілігі: Ханшайым тағы, сөзжұмбақтар, суреттер.

Сабақтың барысы:

Алғашқы ұйымдастыру кезеңі:

Уа, халайық, халайық.

Бәріне жар салайық,

Бүгінгі кеш төрінде

Жұмбақ шешіп, жарысып

Шабыт тасып, шалқысып.

Жұмбақ шеру жасайық,

Көңілді кеш жасайық!

Ханшайым: Балалар, менің бір затым жоғалды. Қалай тапсам екен? Менің сарайым сондай үлкен! Оны табу үшін бірнеше айлар керек болар!

Құрметті оқушылар! Мен өзімді таныстырып өтейін. Мен - Жұмбақтар елінің ханшайымымын. Менің елім, аты айтып тұрғандай, сан қилы жұмбақтарға толы. Бүгін мен өзіме өте қымбат бір затымды жоғалтып отырмын. Оны табуға көптеген білімді оқушылардың көмегі қажет.

1-уәзір: Дат, Ханшайым!

Ханшайым: Датың болса, айт!

1-уәзір: Менің білімді жасағым бар. Олар сіздің кез келген заттарыңызды тауып бере алады.

Ханшайым: Тамаша! Олай болса, ортаға шақыр.

2-уәзір: О,құдіретті Ханшайым! Менің де жасағым кем түспейді.

Ханшайым: Дұрыс -ақ. Бірігіп іздесек, нәтижелі болары хақ.

2-уәзір:Ендеше, жасағымызды ортаға шақырайық.

1-уәзір: «Бүркіт» тобын ортаға шақырайық

2-уәзір: «Сұңқар» тобы ортаға шықсын!

Ханшайым: Құрметті сайыскерлер. Менің ең қасиетті, ғажайып затымды іздеулеріңіз тапсырылады. Ал сайысты қорытындылайтын менің ең қадірлі, ең ақылды ұстаздарым болады. /Әділқазы мүшелерін сайлау/

Ал әр тапсырмалардың дұрыстығын сарайымның ең ақылды көмекшісі - компьютер тексереді. Ендеше, сайыскерлерге «іске сәт» демекпін.

1-кезең: Менің бақшам

Менің бақшамда сиқырлы алма ағашы өседі. Және де алма ағашында өскен әрбір алма құпияларға толы. Алмалар сіздерге өз тапсырмаларын ұсынбақшы

№1 алма

Мейлің қалай лақтыр,

Жерге тимес арқасы,

Төрт аяқпен тақ тұр. /Мысық/

№2 алма

Тегі - тышқан,

Өзі құстан.

Күндіз ұйықтап,

Түнде ұшқан. /Жарқанат/

№3 алма

Тысы - жасыл,

Астары - асыл.

Құйқасы қатты,

Еті тәтті /Қарбыз/

№4 алма

Қанаты бар, ұша алмас,

Құрлықта қаша алмас /Балық/

№5 алма

Мықынын таянып,

Тұрмайды аянып.

Ертемен тұрады,

Қоқысты қуады. /Сыпырғыш/

№6 алма

Білерімнің куәсі,

Білмесімнің куәсі.

Іші толған қолтаңба,

Алып шығым әр таңда. /Күнделік/

№7 алма

Он таңбалы - цифрлы,

Әрекеті сиқырлы.

Керек санды қоссаң сен,

Сөйлесесің достармен. /Телефон/

№8 алма

Тыста арқаңда,

Сыныпта - партаңда /Портфель/

2- кезең: Қарлы ханшайым жұмбақтары

1-уәзір: О,құдіретті Ханшайым! Қар елінен Қарлы ханшайым сізге опасыздық жасауға келіп тұр. Қарлы ханшайыммен шайқасуға рұқсат етіңіз!

Ханшайым: Менің адал уәзірім. Сіздің қызметіңізге шүбәм жоқ. Қарлы ханшайым бұл жолы қандай жұмбақ жасырып сынағалы тұр? Соны білейік.

Қарлы ханшайым: Ха-ха-ха! Менің жұмбағымды ешкім де шеше алмайды. Бұл жолы мен жеңіске жетемін!

Ханшайым: Қателесесің, Қарлы ханшайым. Бұл істі шешетін менің мықты жасақтарым бар. Ерікті соларға берелік.

Қарлы ханшайым: Ендеше, жасағыңның білімдерін сынап көрелік. Бұл жолы мен тағы бір тапсырма алып келдім. Оны шешу қиынға соғады. Кәміл сенемін!

Сөзжұмбақ

1.Білекті бірді жығар, ... мыңды жығар.

2.Елдің ... - елу.

3.Халық айтса, ... айтпайды.

4. ... сүю отбасынан басталады.

5. Ел ... ер ақтар.

6. Ердің атын ... шығарады.

7. Ерлік ... емес, жүректе.

8. Отансыз адам - ормансыз ...

9. Бірлік болмай, ... болмас.

10. Өнер ... - қызыл тіл.

11.Көз ..., қол батыр

Внеклассное мероприятие Жұмбақтар елі

4-кезең:

Ханшайым: Басында айтып кеткендей, менің сарайым құпияға толы. Сол себептен бөлмелерге кіру үшін жұмбақтар шешіп, тапсырмалар орындау қажет. Менің негізгі бөлмеме кіру үшін жасақтың біреуі ғана іріктелді. Ол үшін менің мынадай тапсырмамды орындау қажет.

Тапсырма: Екі топ бір-бірлеріне жұмбақ жасыру. Көп жұмбақтар шешіп, ұтқан топ келесі турға өтеді.

5-кезең: Ақырғы кезең

Ханшайым: Мінекей, менің шартымды орындап, негізгі кезеңге де аяқ бастыңдар. Мына бөлмеде сиқырлы қорапша бар. Ол сиқырлы қорапшада сиқырлы айна жатыр. Бұл айна - жай айна емес. Оның құдіреті шексіз. Бұл айна арқылы барлық жайды бақылауға болады. Келесі тапсырманы сол айнаға берелік.

«Сиқырлы айна»

Тапсырма: жұмбақты шеш

Сандықты ашып көріп ем,

Іші толған маржан екен.

Маржандарын теріп ем,

Білімді болып қалған екем. /Кітап/

Ханшайым: Бәрекелді, менің қадірлі сайыскерлерім. Мен жоғымды таптым, ол - Алтын кітап болатын. Ал оны қолға алу үшін бір сұраққа жауап беру керек.

Тапсырма: Бірде Қаз дауысты Қазыбек би әкесінен рұқсат алып, Төле бидің алдына сәлем бере келеді. Қазыбек әңгіме барысында Төле биден былай деп сұрайды:

-Алысыңыз қандай?

Ал Төле би болса:

-Алысым жақын болды, - деп жауап береді.

-Тәттіңіз қандай?

-Тәттім шырын болды.

-Несиеңіз қандай?

-Несием, шүкір, жүріп жатыр, - деп жауап қатады Төле би.

Қазыбек бидің жолдастары бұл әңгімені түсіне алмапты. Сонда Қаз дауысты Қазыбек әңгімедегі жұмбақ сырын өзі айтып беріпті.

Сұрақ:

Қазыбек би жолдастарына қандай жауап береді?

Ханшайым: Қадірлі қонақтар! Бүгін менің арманым орындалды. Жоғалған Алтын кітабымды тауып, қуанып отырмын. Оны табуға көмектескен жасақтарыма алғысым шексіз. Маған жасаған жақсылықтарыңызға көп-көп рахмет. Ендігі сөз кезегін менің ақылды әділқазыларыма беремін.

Қорытындылау:

Жеңімпазды марапаттау.

© 2010-2022