План урок Бекзат (2 класс)

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Рудный қаласы әкімдігінің «№15 орта мектебі»КММ
















Пәні: Әдебиеттік оқу

Тақырыбы: Қыдырбек Рысбекұлы «Бекзат»






Капышева Гүлшат Сайрановна

№15 орта мектептің

бастауыш сынып мұғалімі























2015 ж

Пәні: Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Қыдырбек Рысбекұлы « Бекзат»
Сабақтың мақсаты:Оқушыларға тақырыптың мазмұнын түсініп оқуға үйрету.

Сабақтың міндеті:

1.Оқушыларды мәнерлеп оқуға жаттықтыру, негізгі ойды анықтай білуге, түсінгенін жүйелі түрде баяндауға үйрету;

2.Ой - өрісін, тіл байлығын дамыту, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру;

3.Салауатты өмір сүруге, спортты сүюге, еліміздің әйгілі спортшыларын құрмет тұтуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың көрнектілігі: Қыдырбек Рысбекұлының портреттері, қосымша әр түрлі суреттер, сюжетті таблицалар, бокс қолғабы, ватман қағаз, презентация, АКҚ, үлестірмелі материалдар.
Сабақтың әдісі: СТО стратегиялары, негізгі идеяны суреттеу, салыстыру, талдау,жинақтау, проблемалық сұрақтар,бейне фильм, Себет идеясы, жеке тұлғаға бағытталған оқыту технологиясының деңгейлеп оқыту әдісі.
Пәнаралық байланыс: Денешынықтыру.

Сабақ барысы


Сабақ кезеңі, міндеті

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

Оқушының оқу жетістігі

І.Ұйымдастыру (Оқушыларды еркін және көңілді түрде оқу қызметіне ұйымдастыру).

Таңдап алынған түстері арқылы 3 топқа: «Бокс», «Спорт», «Спортшы» 8 оқушыдан бөлу.

Топтардың атап өту.

Топ басшысы,топ сарапшысы

Топпен жұмыстың ережесі

Тыңдау,сыйлау,көмектесу

Балалар еркін сүйікті түстерін таңдау арқылы топтарға бөлінді.

Топтық қарым-қатынасты құруды үйренеді.

ІІ. Психологиялық дайындық (Жаңа сабаққа бағыттау мақсатында оқушылардың қызығушылығын ояту,оқу мақсатын қою)

Уа, халқым назар аудар денсаулыққа!
Өмірде бақыттысың денің сау да.
Денсаулық терең бақыт деген сөзді
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да

Спорт туралы презентацияны тамашалайды,жаңа тақырыпқа назар аударады.

Тақырыпқа қызығу, ойын тақырып аясында бағыттайды.

ІІІ.Үй тапсырмасы (Өткенді қайталау мақсатында дара суреттерді көрсету арқылы, шығарманың атын,кейіпкерін білетінін тексеру)

«Суреттер сөйлейді.....»

«Алып бала»,

«Бала Мұхтар мен Абай»,

«Бала Тұрар».Осындай тақырыптардың суреттері көрсетіледі.

Шығарма туралы мәлімет айтады және кейіпкерлерін еске түсіреді.

Өткен тақырыпты есте сақтап, жадын жаңартын отырады.

Қызығушылықты ояту кезеңі. «Ой қозғау»

Жаңа тақырыпқа бейне баян арқылы көшу, өмірмен байланыстыру

(оқушылардың танымдық қабілеттерін мен функционалдық сауаттылықтарын дамыту)

Бекзат Саттарханов туралы бейне баян тамашалау

1-сұрақ Бейне кім жөнінде?

2-сұрақ Бекзат нені армандаған?

3-сұрақ Бекзат жеңіске жеткенде қандай көңіл күйде тұр?

Өте жақсы.Осы бейне баянды есімізде сақтаймыз.Ол алда бізге сабақта керек болады.

Оқушылар өмірмен байланыс ретінде, Бекзатты жаңалықтардан көрген білімдерін еске түсереді, сұраққа жауап береді:

1.Бекзат Саттарханов

2.Спортшы болуды армандаған.

3.Өте қатты қуанып, бақытты болды.

Әр түрлі пәндермен жаңа ақпаратты ұштастыруға үйренеді.

Дәптермен жұмыс

Жаңа тақырыптың авторын іздестіру (жаңа мәліметті өмірде қолдану)

Енді дәптерімізді ашып.Бүгінгі күнді жазамыз.

Оқушылардан мәтіннің авторын табу үшін әдебиеттік диктант аламын. Бір әріп тастай отырып тез, шапшаң жазып шығу.

ЫҚЙЫВДУЫЦРЕБЛЕНК ШРЕЫАСВБАЕИКРҰПЛАЫ

Тексереміз: Қыдырбек Рысбекұлы спорт журналисі. Бүгін Қыдырбек Рысбекұлының шығармасымен танысамыз.

Оқушылар жоба технологиясы арқылы алдын ала дайындап келген мәліметін айтады.2005 жылы Қыдырбек Рысбекұлы «Бекзат» атты кітап жазды. Қазақстандағы спорт саласының тағдырына терең бойлап, жанашырына айналған ағамыз.

Алған білімдерін өмірде қолдануға үйренеді.


Мақсат қою

Тақтаға ілінген сөздердің жанына:

менің қалауым деп

Танысқым келеді

Оқығым келеді

Білгім келеді

Оқушылар өз ойларын жаптырады.

Мақсат қою арқылы өз бетімен жұмыс істеуге үйренеді.

Ендеше балалар алдымызға мақсат қойып алайық бүгін біз нені қалаймыз.Тақтаға мынадай сөздер ілінген соның жанына өз тілектерін ілеміз.

Менің қалауым:

Танысқым келеді

Оқығым келеді

Білгім келеді

Өз ойларыңды жазып жапыстырамыз

Мағынаны тану кезеңі

(жаңа тақырыпты менгерту)

Мәтінмен жұмыс:

Оқулықпен жұмыс.225-бетті ашып мәтінге қараймыз.

Іштей орнынан оқыттыру.

Түртіп алу әдісі: Мәтінді мәнерлеп бөлікпен оқыттыру.

Әр бөліктің мазмұның талдату,
пікір алмасу.

іштей оқып мазмұнымен танысады, мәнерлеп оқуға машықтанады, мәтіннің әр бөлігін талдау арқылы түсініп оқиды.

Мәнерлеп,түсініп оқуға, мазмұның талдауға үйренеді.

Проблемалық сұрақ қою

1-с Кім туралы айтылған?

2-с Рикардоға қандай сипаттама берілген?

3-с Бұл жерде кімнің ұрыс тәсілін баяндаған?

4-с Рикардо ойы

5-с Рикардоның шабуылы?

6-с Бекзаттың кездесулері?

7-с Атаның ғана ұлы емес,халқының ұлы дегенді қалай түсінесіңдер?

Бекзат туралы жаңа мәліметпен танысады.

Білімдерін қайталау арқылы жинақтайды, жауаптарын мысал келтіру дәлелдеуге үйренеді, теориялық білімдерін іс-тәжірибеде қолдануға үйренеді.

Тіл дамыту (дәптермен жұмыс)

Сөз тіркесі мен жаңа сөзбен лексикалық жұмысты ұйымдастыру: тақтаға жазу, түсіндіру. Баһадүр-батыр

Дәптерге жазады, мағынасын түсінеді

Тілдік қорын дамытады.

Жаңа білімді, білікті пысықтау, бекіту. ( алған білімдерін жинақтау, топтық жұмыс барысында коммуникативті құзыреттіліктерін дамыту, өзін-өзі реттеуге мүмкіндік жасау).



Сергіту сәті

Мәтін бойынша тапсырмаларды топ бойынша ұйымдастыру: «Бокс» тобы

«Спорт»тобы

«Спортшы» тобы

І. Топтың сұрағы оқулықтағы 5 тапсырма.

ІІ. Топтың сұрағы оқулаықтағы 6 тапсырма

ІІІ. Топтың сұрағы оқулықтағы 7 тапсырма

Топпен жұмыс жүргізіліп, топ мүшелері жауап береді.

«Газет шығару»

Оқушылар бүгінгі мәтіннің кейіпкерлерін кім атап өтеді?Енді соларға арнап газет шығарайық.Мына мәліметтерді пайдалану арқылы.

Өте жақсы

- Кімнің ойы бар осы газет жайлы?

Тапсырмаларды топта, топ мүшелерімен орындайды.

«Газет шығару» Оқушылар алған білімдерін ватманға суреттерін жаптырып алдарына берілген мәліметтерден өздері газет шығарады.Содан кейін топ басшылары өз газеттерін қорғайды.

- Қалған оқушылар газет туралы өз ойларын айтады.

Алған білімдерін іс-тәжірибеде қолдануға үйренеді, өзгелермен қарым-қатынас жасауға арқылы біліктерін пысықтайды. Өз беттерімен мәліметпен жұмыс жасап оны қорғауды үйренеді.

Қолды белге қояйық,

Басты оңға бұрайық,

Басты солға бұрайық,

1,2,3,4 Оңға солға

Бір отырып, бір тұрып,

Біз демалып алайық.

Денемізді шынықтырып алсақ сабағымыды әрі қарай жалғастырамыз.

Оқушылар іс қимылды жасайды.

Сергейді, сабаққа құлшынысы артады.

Сабақты қорытындылау Проблемалық сұрақ қою.

-Әлемге танылған Қазақстанның спортшыларын білесіңдер ме?

(Сабақтың тәрбиелік мақсаты осы кезеңде жүзеге асырылады.)

-Балалар өте жақсы ҚР презеденті атап өткендей « Саламатты ұлт - Қазақстанның табысының басты кепілі.»Біз ең алдымен спортқа жеңіс үшін емес, денсаулығымызды нығайту үшін барамыз.Ал жеңіске жету үшін көптеген жылдар бойы ерінбей еңбек етіп,көп тер төгуіміз керек.Сонда ғана әлем чемпионын бағындыруға болады. Бізде оған мемлекетімізде барлық жағдайды жасаған.Көптеген спорт мектептері бар.

Серік Қонақбаев, Жақсылық Үшкемпіров, Дәулет Тұрлыханов, Бекзат Саттарханов

Өз бетімен ізденуді үйренеді,өз ойын жүйелеуге, қорытындылауға үйренеді.шығармашылық қабілеттерін жетілдіреді, тілдік қорын дамытады.

Үйге тапсырма

«Спорт» тақырыбына сурет салу.

Бекзат мәтінін мазмұндап,спорт туралы сурет салу.

Білімдерін пысықтайды, танымдық қабілеттерін дамытады.

Бағалау

Топ сарапшылары әрбір баланың жинаған балын атап өтеді.Оларды балына байланысты медальдармен мараппаттаймын.

4с-«5»

3с-«4»

2с-«3»

Топ сарапшылары әр бір топ мүшесін бағалайды.

- Топ сарапшылар тыңдауға, әділ бағалауға талпынады.

Рефлексия

(іс-әрекетті талдау). «Идеялар себеті»

Жарайды балалар Біз көздеген мақсатымызға жеттікпе?Не білдік,не оқыдық? Қазір соны идеялар себетіне жазып толтырайық.

Сабақ басында таңдап алынған түстеріне берілген сөйлемдерді аяқтау арқылы өзінің оқу қызметін талдайды:

Маған ұнаған жұмыс түрлері.....

Маған қиын болған,түсінбеген жұмыс түрлері,себебін жаз:

Мені қызықтырған мәлімет........

Сабақ барысындағы өздерінің оқу-қызметін бағалайды.

Өз ісін реттеуге, бағалауға үйренеді.



© 2010-2022