Сабақтың тақырыбы: Дүкенде 3 сынып

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Сабақтың тақырыбы: Дүкенде 3 сыныпСабақтың тақырыбы: Дүкенде 3 сыныпСабақтың тақырыбы: Дүкенде 3 сыныпСабақтың тақырыбы: Дүкенде 3 сынып

Павлодар қаласындағы

дарынды балаларға арналған

№8 лицей- мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Аятова Күмісай Шапайқызы

Сабақтың тақырыбы: Дүкенде

Сынып: 3

Мерзімі: 4 сәуір

Сабақтың мақсаттары: Білімділік: Оқушыларды дүкен тақырыбына байланысты сөздермен таныстыру, өз ойларын жүйелі түрде жеткізуге үйрету. Дамытушылық: Рөлдік ойын арқылы оқушылардың ауызекі сөйлеу тілдерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: Топпен жұмыс жасау барысында бір-бірін сыйлауға, татулыққа баулу. Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Құралдар: А4 форматты 12дана ақ қағаз, түрлі - түсті маркерлер, 3қайшы, қолдан жасалған ақша, аудиотаспа, интербелсенді тақта,стикерлер,бағдаршам.

Әдіс-тәсілдер: Жұппен, топпен жұмыс Оқыту нәтижесі: «Дүкен» тақырыбы бойынша сөздерді меңгеру, өмірде қолдана алу. Сілтеме: 3- сынып Қазақ тілі,Қайырбекова А. «Атамұра» 2010ж.


Сабақ кезеңдері Уақыт Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі 4мин

Сәлемдесу.Оқушыларға үш түрлі тақырыптағы қиылған суреттер ұсынылады,фигураларды таңдау арқылы балалар бір суреттерді жинап топ болып құрылу керек.

Суреттерді құрастыру арқылы топқа бөлу ( ұн, сүт, ет тағамдары).

Суреттерді жинақтау арқылы өз тобына отырады. Бағалау парағы таратылады.

Мозайка әдісі Білу 5 мин Мектептен кейін күнделікті әдеті бойынша Оксана әжесінің нан, сүтке деп қалдырған ақшасын алып, дүкенге қарай жүгірді. Дүкенге келісімен, ақшасын санамастан бірден сатушыға ұсынып, тез нан, сүт керек екенін айтты да, ұялы телефонмен сөйлесе кетті. Нан мен сүтін сөмкесіне салайын десе, сатушы ақшасының жетпейтіндігін айтты...........(мұғалім оқушыларға ақшаның неліктен жетпегені туралы өз ойларын жазуды сұрады).

Аудиотаспа арқылы әңгімені 2 рет тыңдайды да, өз ойларын дәптерге жалғастырады. Топта әр оқушының ойы тыңдалып, қорытынды тұжырымдарын оқиды.

АКТ,СТО,дилогтік оқыту,ТжДБО, ОмОЖТ, ОүБОБ,

Бағалау: топтық бағалау Түсіну 5 мин

Жаңа сөздермен жұмыс

Кезек- очередь

Түтікше -трубочка

Өткізілген ет - фарш

Қамыр- тесто

Оқтау-скалка

Маған беріңізші!- Дайте мне пожалуйста!

Ұсынды -предложил (-и; -а), отдал ( -а; -и)

Төледі-заплатил (-а; и)

Тұшпара-пельмени

Тыңдайды. Оқиды.Сөздікке жазады. Сөз тіркестерін құрастыру. Сыныптастарының оқыған сөз тіркестерін қайталамай айтып шығу.

АКТ,жұппен,топпен жұмыс ,ОЖЕСО, ОүБОБ

Қолдану


10 мин

Топтарға әр топтың 1сатушысы,2 сатып алушысы, 1 бақылаушысы болатындығын айтады.Мұғалім балаларға ақ парақтар, қайшылар, маркерлер, қолдан жасалған теңгелерді таратады. Сонымен қатар суреттің келесі бетінде тақырып бойынша 1 тапсырма болу керектігін, яғни әр топта 4 тапсырма және әр азық-түлік бағасы ұпай болып саналатындығын айтады.Баға мөлшері 1000теңгеге дейін.

«2» -100-200 теңге

«3» -300-500 теңге

«4» -500-700 теңге

«5» -800- 1000 теңге

Әр топта1 сатушы, 2 сатып алушы,1 бақылаушы тағайындалады.

« Дүкен» ойыны ұйымдастырылады. Ақ қағазға өз тобына байланысты азық-түліктердің суреттерін салып қияды, бағасын және келесі бетке тапсырма жазып қояды. Әр сатушы әр топтан келген 1 сатып алушыға азық- түліктерді сатады.


3 - топ

«Сүт тағамдары»

2 - топ

«Ет тағамдары»

1-топ

«Ұн тағамдары


СТО,диалогтік оқыту,көшбасшылық, ОүБОБ, ББжК, ОмОЖТ

Талдау 7 мин

Сурет бойынша әңгіме құрастыру.Балаларға суреттер беріледі.

Топтар өз әңгімелерін оқиды.Әр топ бір-бірін бағалайды.

СТО,дарынды балалармен жұмыс

ТжДБО, ОБжК

Сергіту сәті 2 мин

Интербелсенді тақта арқылы сергіту сәтін орындатамын.

Балалар орындарынан тұрып жаттығуды мұғаліммен бірге орындайды.

Жинақтау 5мин

Тақырып бойынша постер жасатқызу.Балаларға стикерлер,фломастерлер,А3 қағазын таратып беремін.

Балалар тақырып бойынша білгендерін постерға салып көрсетеді.Топ басшысы өз спикерін және таймгиперді сайлайды.Спикерлер постерді қорғайды.Топтар бағалайды.

СТО,көшбасшылық,ТжДБО, ОБжК

Бағалау 3 мин

Білемін,білдім,білгім келеді кестесін толтыртқызу,сөздерді жұпта тексерткізу.

Балалар кестені толтырады.Сабақта өтілген сөздерді бір-біріне айтып шығады.

СТО,ОүБ

Бағалау 3мин

Бағалау парағын жинап алып, бақылаушының сөзін тыңдау ,бағалау.

Басқа топтың тағамдарын айту, мысалдар келтіру.


© 2010-2022