Ана тілі Ағаштар неге ашуланды қысқа мерзімді жоспар

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бастауыш сынып мұғалімі Г.А. Султанованың қысқа мерзімді жоспары

Күні:

Пәні: ана тілі

Сыныбы:4

Сабақтың тақырыбы:

«Ағаштар неге ашуланды?» Б.Соқпақбаев

Жалпы мақсаты:

Оқушыларға мәтіннің мазмұнымен, мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру. Ағаштар жайындағы білімдерін кеңейту,шығармашылықпен жұмыс істеуге жағдай жасау, талдауда бейімділігін дамыту.

Сілтеме:

Оқулық 148-150 бет.

Оқу нәтижесі:

Әңгіменің негізгі идеясын түсінеді. Топтық жұмыс өз ойларын ортаға салып, пікірлерін тыңдап, қорытынды жасайды. Топпен жұмыс істеуге дағдыланады.

Қолданылатын материалдар:

бағалау парағы, суреттер, презентация power point , түрлі-түсті фломастер, маркерлер, интербелсенді тақта.

Оқыту формасы,әдіс-тәсілдері:

Диалогтік оқыту, топпен жұмыс, «Миға шабуыл», «Ассоцияция» әдісі, топтық , жұптық жұмыс, ой болжау, «Текше» әдісі, «Семантикалық кесте» (АВС оқушыларын ерекше бақылау) Блум таксономиясы

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу.

Сыныпты үш топқа бөлу. Ағаштардың суреттері арқылы топқа бөлу. (терек, қайың, емен) Топ басшыны тағайындау.

Үй тапсырмасын тексеру

«Компас» әңгімесінің мазмұнын айтқызу. Боданға жазған хаттарын оқыту.

І.Білу

5 мин

1.Қызығушылықты ояту. Ребусты шешу. «Ағаш»
2. «Миға шабуыл»
1. Ағаштар туралы не білеміз?
2. Ағаштардың қандай пайдасы бар?

-Қалай ойлайсыңдар, ағаштар адамға не үшін ашулануы мүмкін?

Дәлірек. «Ағаштардың неге ашуланғанын» білу үшін не істейміз? (Әңгімені оқимыз) 1.Оқушылар ребусты шешеді.

2. Топта постер жасап қорғайды.

Топта пікірлеседі, айтады.

-Ағаштарды орынсыз кессе, шапса, бұтағын сындырса, күтпесе ашуланады.

-Оқимыз, түсінеміз, талдаймыз, білеміз, үйренеміз!

ІІ. Түсіну Мәтіннің І бөлімін оқып беру. «...- Ә, бәлем, Алмабек, қолымызға түстің бе?- деген ашулы дауыстар жамырап естілді...» ары қарай не болар екен, өзіміз оқып танысайық.

Ашық сұрақтар беріледі.

- Алмабектің жіберген қателігі неде?
- Ағаштар Алмабекті қалай жазалады?
- Алмабек өзінің кемшілігін қалай түзеді?
- Егер Алмабек ағаштардан кешірім сұрамағанда не болар еді?

Топтар бойынша тізбектей оқиды.

.

Ашық сұрақтарға жауап береді.

ІІІ.Қолдану

Кәрі еменнің сөзін тауып оқып,. топта талдайды.

Автордың негізгі ойын постерге түсіру (Кері байланыс орнату.)

Топпен жұмыс. Зерделей отырып өз ойларын постерге түсіреді.

Бірінің білімін бір толықтырады.

Сергіту сәті:Тыныш, жайлы орман ішіндегі құстардың, судың дауысы шығып тұрады, оқушыларға көздерін жұмып, релаксация жасату

ІУ. Талдау Топпен жұмыс:

І -топ. Мәтінге байланысты мақал-мәтелдерін дайындау
ІІ -топ. Осы мәтіннен сахналық көрініс
ІІІ- топ. «Ағаш пайдасы» тақырыбына эссе жазу

1.Топтар ақылдаса отырып, тапсырманы орындайды.

У.Жинақтау

  1. Текше әдісі бойынша жұмыс жасату

«Сен білесің бе?» қосымша мәлімет беру

І-топ: талда. Әңгімедегі оқиға қандай ретпен баяндалғанына қысқаша талдау жасап айту.

ІІ-топ: бағала. Алмабектің іс-әрекетіне қояр бағаң қандай? (Әңгіменің басында, соңында).

ІІІ-топ: қолдан. Осы әңгімеден нені қолданар едің? (Ағаш отырғызу)

УІ.Бағалау

Топтарды смайлик арқылы бағалау

ОҮБ. Табыс критерийлері бойынша алдын ала құрылған бағалау шкаласымен топ басшысы бағалайды.

Аты-жөні

балл

Баға

Рефлексия

«Қоржынға сал»

«Блоб» ағашы

Қоржынға сөздер жазып салады (қызықты, жақсы, тамаша, кекремет т.б.)

Оқушылар алған білімдерінің қай деңгейде тұрғандарын көрсетеді.

Үй тапсырмасы:

Әңгімені оқып, мазмұнын айтуға дайындалып келу, өзіне ұнаған көріністің суретін салу.



Ағаш

сая қорғаныш

оқу құралы көрік

дәрі - дәрмек

жиһаз

оттегі тірі табиғат

Семантикалық кесте

Мәтіннің аты

Мәтіннің

авторы

Кейіпкер

лері

Негізгі ой

Түйген ой



Семантикалық кесте

Мәтіннің аты

Мәтіннің

авторы

Кейіпкер

лері

Негізгі ой

Түйген ой



Семантикалық кесте

Мәтіннің аты

Мәтіннің

авторы

Кейіпкер

лері

Негізгі ой

Түйген ой





© 2010-2022