Әдебиеттік оқу. Амандасу салты

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Амандасу салты

Сабақтың мақсаты:

І.Білімділік: Оқушыларды мақалды, мәтінді түсініп оқуға үйрету.Сәлемдесудің әдептілікке жататынын түсіндіру.

ІІ.Дамытушылық: Амандасудың түрлерімен таныстыру.Топпен және жұппен жұмыс істеуге дағдыландыру.Рөлдік ойындарға бейімдеу.

ІІІ.Тәрбиелік: Алған білімдерін күнделікті өмірде пайдалана білуге, өз пікірін еркін айтуға,өзгенің пікірін тыңдауға баулу; адамгершілігін арттыру, еңбекті сүйе білуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта,

слайдтар,видеороликтер,дыбыс жазбалар,жаңылтпаштар, мақалдар,кесте,сурет,ойын, үлестірмелі парақшалар,бағалау парақшасы.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, тест,ойын,түсіндірмелі - иллюстративті.

Сабақтың түрі: Саяхат сабағы

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасып , түгелдеу.

2.Ғажайыпстанға саяхат ( Үй тапсырмасы сұралады.)

Кішкентай саяхатшылар Елдос пен Аяжан 2 сынып оқушыларын саяхатқа ертіп шығады.Олар желаяқ мінеді де,сынып оқушыларын 3 топқа бөлініп, «Әдеп»,«Парыз» , «Өнеге» вагондарына мінеді.Хормен ән айтады.

Кел ,балалар, кәнекей,

Парақтайық әліппи,

Талай қызық күтуде.

Бәрімізді әлемде.

Жалықпа сен, жалықпа

Оқы, тоқы, арманда

Бәрін білген балаға

Жақын болар алыс та.

  • Достар, біз Ұмай ананың ауылына келдік.

Ұмай ананың сөзі: - Саламатсыңдар ма, кішкентай саяхатшылар.

Аяжан мен Елдос бүгін көп достарын ертіп келіпті ғой.

Балалар, сендер ертегі білесіңдер ме? Ендеше маған ертегі оқып беріңдер. (Балалар О.Әубәкіровтың Сүт қалай ұйықтады? ертегісін оқиды.)

1934-1986 жылдары қазақ жазушысы, белгілі сатирик Оспанхан Әубәкіров дүниеге келді. Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Үшбұлақ ауылында туған.

Оспанхан Әубәкіров - әзіл-сықақ жазудың асқан шебері,Ол мысал өлеңдерді де көп жазған. Онда ақылсыздарды,қызғанышақтар мен мақтаншақтарды сынайды.Оның "Бөдене", "Күлкіңіз келді ме?", "Қоңырау", "Ұзын сөздің қысқасы", т.б. жинақ кітаптары бар.

Ертегіні 3 топ алма- кезек оқиды. Ертегі мазмұнын қара сөзбен әңгімелейді.Суретпен жұмыс жүргізіледі. Сүттен не және қалай жасалатыны жөнінде жазғандарын дәптерлерінен оқыту.

Ұмай ана:

-Балалар, сендер тест тапсырмасын орындай аласыңдар ма?

Ендеше менің дайындаған тест сұрақтарым мынадай:

1.Оспанхан Әубәкіров кім?

А)суретші Ә)жазушы Б)әзіл-сықақ жазушы

2.Ертегінің неше түрі бар?

А)2 Ә) 3 Б)4

3.Сүт қалай ұйықтайды? Е ртегінің қай түріне жатады?

А)Жан- жануарлар туралы ертегі

Ә)Қиял- ғажайып ертегілергілері

Б)Шыншыл ертегілер

4.Ұйқышылдық жандай қасиет?

А)жақсы Ә)жаман Б) ұнамды

5.Әдепті елдің баласы

А)Ибалы Ә)сыпайы болады Б)Алыстан сәлем береді

-Балалар, енді жаңылтпаш пен мақал айтайық.

Ұйқышыл кісіні ұйқы қысты,

Ұйқышыл кісінің ұйқысы күшті .

Сәлем беру де - парыз,

Сәлем алу да - парыз.

Әдепті елдің баласы

Алыстан сәлем береді . Жақсы, жаман қасиеттер туралы әңгімелесіп, Ұмай анамен қоштасамыз. Желаяққа мініп әрі қарай саяхаттаймыз.

  1. Негізгі кезең. (Жаңа сабақ Амандасу салты)

Елдос пен Аяжанға қосылып ән шырқаймыз.

Балалар, балалар ,

Балдай тәтті болыңдар.

Достық деген бұл байлық

Достарыңды сыйлаңдар.

-Балалар, Білімпаз атаның ауылына да жеттік.Ендеше Білімпаз атамен амандасайық. Және ол кісінің тапсырмаларын орындайық.

Білімпаз ата:

-Саламатсыңдар ма,балалар.3 топқа мәтін жазылған парақшалар таратамын. Парақшадағы мәтінді өз беттерінше оқып және мазмұнын талдаңдар.

Интерактивті тақтадан әр топ өз мәтіндерін оқиды. Дауыстап, жүргізіп және түсініп оқыту. Топпен жұмыс:

1.Топ мүшелері берілген мәтіннің бөлімдерін өз беттерінше оқиды.

2.Мәтіннің мазмұнын топта талқылайды.

3.Мәтін мазмұны бойынша көріністер көрсетеді

Әр топ өз мәтіндеріне байланысты көріністер көрсетеді.

Мәтіндегі амандасу сөзіне байланысты ,сөйлемдерді толықтыр:

Мұсылман халқында амандасу "………………………. ………………….." деген сөзден басталады.Ол"Сізге……………………………………." деген сөз екен.Жасы кіші адам жасы үлкен адамға қос қолын ұсынып,алдымен сәлем береді.Ал сәлем алушы"………………………………."деп оң қолын

береді.Ол"……………………………………." дегені екен.

Аяжанның сұрағы: -Білімпаз ата, басқа елдердің амандасу түрлері туралы білгіміз келеді.

Білімпаз ата:- Жарайды ,менің кішкентай білімқұмарларым, тыңдаңдар.

  • Күншығыс елі жапондықтар бір - біріне иіліп, екі қолын қусырып,басын шұлғып, белін бүгіп жымия күледі.

  • Гректер «қуаныңыз» деп сәлемдессе, тибеттіктерде тіпті қызық, бір- бірімен амандасқанда оң қолымен бас киімін алып, сол қолымен құлағының артын ұстап, тілдерін шығарады.

  • Ауғандар алдымен қолын маңдайына тигізіп, иба жасап, иіліп сәлем береді.Бұл «Басымыз аман болсын» дегені.

  • Ертедегі қытайлар өз қолын қысып амандасқан. Қазір «Бүгін тамақтандыңыз ба? Қарныңыз тоқ па?» деп сұрайды.

Сызбаны толтыр.

Амандасу түрлері

Кімдерге арналған?

Ассалаумағалейкүм!Сәлеметсіз бе?

Сәлем!

Сәлем бердік!

Сәлеметсіңдер ме?

Елдос: достар, мұхият тыңдап, ойланып жауап беріңдер.

Айгүлдің ауырып сабаққа келмегеніне бір жұмадай уақыт болып еді.Оның мектепке келгеніне ерекше қуанғандардың бірі - өз құрбысы Жанар.Айгүлді көрген бетте құрбысы оның бетінен сүйіп амандасты.Осы амандасу түріне өз көзқарасыңды білдір.

Елдостың тапсырмасын әр топ топта талқылап, ортақ шешімдерін білдірді.

4.Жаңа сабақты пысықтау.

Білімпаз атаның сұрақтарына жауап беріңдер.

1."Сәлем" сөзінің мәні қандай?

2.Сәлемдесу неліктен әдептілікке жатады?

3.Төс қағыстырып амандасудың мәнісі неде?

-Балалар, Білімпаз атамен қоштасайық. Сау болыңыз, Білімпаз ата,бізге берген біліміңіз үшін рахмет.

Балалар желаяққа мініп, әндетіп, сыныпқа оралады.

Көп қызық бар әлемде Құштар бол сен білімге,

Ізден, оқы, жалықпа, Білмегенді анықта.

Ойланайық, ойлайық, Кітаптан оқиық,

Жеңістерге әрдайым Біліммен жетейік.

Балалар, саяхаттан сыныбымызға оралдық.

5.Сабақты қорытындылау.

Ойын шарты:Оқушылар тақтаның алдына шеңбер құрып тұрады.Қоңырауды бір-біріне ұсыну арқылы бүгінгі сабақта алған жаңа мәліметін бір ғана сөйлем арқылы жеткізеді немесе мына сұрақтарға жауап береді.

Сәлемді алдымен кім береді?

Жастардың амандасу түрлері қандай?

"Амандасуға да жарамады" деп қай кезде айтылады?

Сәлем сөзі қайдан шыққан?

Сәлем беру туралы мақал айту.

"Жол болсын" деп қай кезде айтылады?

-Балалар, Елдос пен Аяжанға рахмет бізді өздерімен бірге саяхатқа алып шықты. Сонымен бүгінгі сабақтан біз нені үйрендік? Қане қай топтың ұпайы көп екен? Оқушыларды бағалау парақшасы арқылы бағалап, үйге тапсырма берілді.Амандасу салты мәтінін түсініп оқу.Сәлемдесу түрлеріне мысалдар жазып келу.Әдептілік туралы мақал-мәтел жаттау



Әдебиеттік оқу. Амандасу салты

Әдебиеттік оқу. Амандасу салтыӘдебиеттік оқу. Амандасу салтыӘдебиеттік оқу. Амандасу салтыӘдебиеттік оқу. Амандасу салтыӘдебиеттік оқу. Амандасу салтыӘдебиеттік оқу. Амандасу салтыӘдебиеттік оқу. Амандасу салтыӘдебиеттік оқу. Амандасу салтыӘдебиеттік оқу. Амандасу салтыӘдебиеттік оқу. Амандасу салтыӘдебиеттік оқу. Амандасу салтыӘдебиеттік оқу. Амандасу салтыӘдебиеттік оқу. Амандасу салтыӘдебиеттік оқу. Амандасу салтыӘдебиеттік оқу. Амандасу салтыӘдебиеттік оқу. Амандасу салтыӘдебиеттік оқу. Амандасу салтыӘдебиеттік оқу. Амандасу салтыӘдебиеттік оқу. Амандасу салты

© 2010-2022