Қазақ тілінен ашық сабақ Қаратпа сөз

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пән атауы: Қазақ тілі Мерзімі:15.12.2015 Сыныбы: 3«Ә»


Сабақтың тақырыбы:

Қаратпа сөз

Сабақтың жалпы мақсаты:

Қаратпа сөз туралы түсінік беру

Сабақтың міндеті:

1. Қаратпа сөз және қаратпа сөздің тыныс белгілері туралы алған білімдерін пысықтау.

2. Диалогтік сөйлеу дағдыларын дамыту.

3.Шапшаңдыққа және уақытты үнемді пайдалануға тәрбиелеу.

Оқыту нәтижелері:

Қаратпа сөз туралы түсінік алады; қаратпа сөздің тыныс белгілерін ажырата алады; қиялы, шығармашылығы дамиды; тілдік қоры молаяды, өз ойларын айта білу дағдысы қалыптасады.

Қолданылған модуль:

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, АКТ, Оқыту үшін бағалау және оқудағы бағалау, Дарынды және талантты балаларды оқыту, Жас ерекшеліктеріне қарай оқыту, Көшбасшылық

Сабақ кезеңдері уақыты

Кезеңнің мазмұны

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

Кіріспе

3минут

Тұсаукесер

5минут

Негізгі

бөлім

30минут








Қорытынды

2 мин

Рефлексия

2мин

Бағалау

3мин

Кейінгі тапсырма

1.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

1.Қызығушылы-ғын ояту.Ой шақыру

Мағынаны тану



Ой-толғаныс

Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

2. Психологиялықдайындық.


Парақшалар арқылы 3 топқа бөлу

Тақырыпқа ену «Ой шақыру»

Плакатка І.Жансүгіровтың «Шәркей» әңгімесінен үзінді жазып, тақтаға іліп қою.

Ақ қозы үлкен марқа болды. Кішкене күніндегі әдемі ақ бұйра жүндері ұзыннан-ұзын болып кетіпті. Шәутен де өсті... Жамаулы жаман шәркейі кішкене болып, аяғына сыймай қалды.

- Апа, шәркейім аяғыма сыймай қалды, - деді.

- Ендеше, ақ марқаңды қырықтырып әкеле ғой, балам, - деді апасы.

Шәутен Сансызбайға марқасын қырықтырды.

Шәутен апасына:

- Апа, марқаны қырықтырып, жүнін әкелдім. Енді шәркейім дайын болды ма? - деді.

Апасы:

- Жоқ, балам, жүнді сабаймын, - деді...

Сөйлемнің басында, ортасында және соңында келген қаратпа сөздерді табу.

- Қаратпа сөз дегеніміз не?

- Қаратпа сөз сөйлем ішінде қандай тыныс белгісімен ажыратылып жазылады?

Жаңа сабақ

Оқулықпен жұмыс

Ереже: Тілде біреудің назарын аудару үшін қолданылатын сөздер болады. Ондай сөздерді қаратпа сөз дейді: Шынар, сен сабаққа дайындалдың ба?

1-жаттығу. Сөйлемдерді мәнерлеп оқы. Кімдерге қаратылып айтылғанын тап.

«Ұқсастық пен айырмашылық»

2-жаттығу. Бағанның екі жағындағы сөйлемдерді салыстырып оқы. Мазмұнына, тыныс белгілеріне назар аудар. Не байқадың?

«Миға шабуыл» әдісі

3-жаттығу. Мәтінді тиісті дауыс ырғағымен оқы. Қаратпа сөздерді тап. Қаратпа сөзі бар сөйлемдер айтылу мақсатына қарай сөйлемнің қай түрлеріне жатады?

Сергіту сәті

«Ойлан, топтас, талқыла»

4-жаттығу. Өлеңді тиісті дауыс ырғағымен оқы. Қаратпа сөзді тап.


6-жаттығу. Диалог түрінде оқы. Қаратпа сөзі бар сөйлем айтылу мақсатына қарай қандай сөйлем? Екінші сөйлемді өаратпа сөзі бар сөйлемге айналдыр. Сұраққа жауап бер.

Шығармашылық тапсырма

Қаратпа сөзі бар үш сөйлем ойлап жаз.

Сұрақ-жауап арқылы қорытындылау

Рефлексия

Смайликтер арқылы кері байланыс орнату

5-жаттығу 97-бет

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Мәтінді талдау арқылы жаңа тақырыпты шығарып алады



Слайд арқылы талдайды

Оқулықпен жұмыс жүргізіледі

Дәптермен жұмыс жүргізеді

Ұқсастық пен айырмашылығын табады

Оқушылар қимыл жасайды

Топ ішінде талқылап орындайды

Топ ішінде талдап, тапсырманы орындайды.

Шығармашылық тапсырманы орындайды

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

Оқулық, әдістеме, нұсқаулық, плакаттар, АКТ, маркерлер,

түрлі-түсті қағаздар

АКТ слайд


АКТ

Слайд




АКТ



Смайликтер

Бағалау парақшала-ры



© 2010-2022