Планирования по дүниетану на тему Өсімдіктер мен жануарлардың табиғаттағы байланысы

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Дүниетану 3- сынып

Тақырыбы: Өсімдіктер мен жануарлардың табиғаттағы байланысы.

Мақсаттары: Табиғаттағы жануарлар мен өсімдіктердің байланысы
туралы түсінік беру; табиғаттағы зат айналымымен таныстыру; қоректену тізбегін құруды үйрету.

Қоректену тізбегінің маңызын ұғындыра отырып, оқушылардың есте сақтау, ерікті түрде тұрақты зейін қою, тұжырымдау, салыстыру және қорытындылау біліктілігін дамыту.

Туған жердің табиғатын құрметтеуге, аялауға тәрбиелеу.

Жоспарланатын нәтижелер:

пәндік нәтижелер: өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік ету ортасы және олардың қоректенуі; өсімдіктер мен жануарларды қорғаудағы адамның әрекеті; Қызыл кітапқа енген өсімдіктер мен жануарларды қорғау жолдарын меңгеруі қажет:

тұлғалық нәтижелер: қоршаған ортаны сақтауға және оны қорғауға, оған қамқорлық жасауға ұмтылысынан;

жүйелі-әрекеттік нәтижелер: қосымша ақпаратты жинақтау және олардың қажеттісін іріктеп алу білігін қолдана білуінен; танымдық, зерттеушілік, жобалаушылық, шығармашылық тұрғыдан жұмыс істеу білігінен көрініс табуы тиіс.

Сабақ түрі: жаңа білім беру.

Жұмыс түрі: қабылдау: «Бұрыш», оқулықпен жұмыс.

Қажетті құралдар: «Табиғаттағы зат айналымы» кестесі, оқулық, жұмыс дәптері.

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, еңбекке баулу.

Өзекті сұрақ: Неліктен жануарлар өсімдіктерсіз, ал өсімдіктер жануарларсыз тіршілік ете алмайды?

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.

II.Білімді белсендіру.

•Жануарлар өмірінен алынған қызықты сұрақтарға жауап бер.

Бұлбұл құйрығын үсітіп алуы мүмкін бе? (Жоқ, ол жылы жаққа ұшып кетеді).

Кішкентай, жеңіл, құйрығынан көтере алмайсың. Ол не? (Кесіртке)

Түкті, өзі жасыл, жапырақ арасында жүреді, аяғы көп болса да, жүгіре алмайды. (Жұлдызқұрт )

III.Сабақтың мақсаты мен міндетін қою.

Өзекті сұрақ: Неліктен жануарлар өсімдіктерсіз, ал өсімдіктер жануарларсыз тіршілік ете алмайды?

IV. Жаңа материалды оқу.
І.Қабылдау: «Бұрыш»

-Жануарлар мен өсімдіктердің қайсысы маңызды?
Сынып екі топқа бөлінеді. Бірінші топ жануарлардың маңыздылығын дәлелдейді, екінші топ өсімдіктердің маңыздылығын дәлелдейді. Сосын бәрі бірге қорытынды шығарады. (Табиғатта бәрі маңызды, бір-бірімен тығыз байланыста тіршілік етеді).

2.Мұғалім «Табиғаттағы зат айналымы» туралы әңгімелейді:

-Өсімдік - жер бетіндегі тіршілік негізі. Ол табиғаттағыоттегіні молайтады. Өсімдік өздері өсуі үшін қажетті заттарды түзеді. Жануарлар дайын қоректік заттармен қоректенеді. Кейбір жануарлар өсімдіктерді жейді, ал жыртқыш аңдар басқа жануарларды аулайды. Егер жыртқыш аңдар болмаса,жер бетінде өсімдікпен қоректенетін жануарлар көбейіп кетер еді де, өсімдіктер жойылып кетер еді. Ерте ме, кеш пе,өсімдіктер тірішілігін тоқтатып жануарлар қартаяды, өледі.
Олардың қалдықтары топырақ бетіне түседі. Топырақтағы өте ұсақ организмдер микробтар және бактериялар өсімдіктер мен жануарлар қалдығын минералдық тұздарға айналдырады. Қорыта келгенде, олар өсімдіктер үшін жаңа пайдалы қоректік затқа айналады. Осылайша табиғаттағы зат айналымы жүреді.

3.Оқулықпен жұмыс. (Табиғаттағы зат айналымына дейін).

-Егер табиғаттағы зат айналымының бірі жоғалып кетсе, не болады? Ойлан.

(Өсімдік -> шөпқоректі жануарлар -> аңдар).

4.Топта талқылау.

1-топ. Өсімдіктер. (Егер барлық өсімдіктер жойылса, шөпқоректілер қорексіз және оттегісіз қалар еді).

2-топ. Шөпқоректі жануарлар. (Егер шөпқоректілер жойылса, өсімдіктер көп мөлшерде көбейіп, жыртқыш аңдар қорексіз қырылып қалар еді).

3-топ. Жыртқыштар. (Егер жыртқыштар жойылса, шөпқоректілер көп мөлшерде көбейіп, олар өсімдіктердің барлығын жеп қояр еді).

4-топ. Топырақтағы ұсақ организмдер. (Егер топырақтағы ұсақ организмдер жойылса, қалдықтар қарашірікке айналмас еді, жануарлар мен өсімдік қалдықтары жер бетінде көбейіп кетер еді).

5. Оқулықпен жұмыс.

- Қоректік тізбек туралы әңгімеле.

V. Білімді бекіту.
Дәптермен жұмыс.

- Оқулықтағы сурет бойынша қоректік тізбек құруға тырысыңдар және дәптерге жазыңдар.

VI.Сабақты қорыту.

Шығармашылық жұмыс. Табиғаттағы зат айналымы сызбасының суретін сал.

VII. Рефлексия.

Маған сабақта бәрінен де көп ұнағаны: ...

Бәрінен де қызық болғаны ...

Ал мен білмедім, оның ...

Мен бүгін түсіндім ...

VIII. Үйге тапсырма беру.

Өз мысалыңды келтір және дәптерге қорек тізбегінің суретін сал.



© 2010-2022