Әдебиеттік оқу пәнінен сабақ жоспары Түған өлкем (2) сынып

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Әдебиеттік оқу 2 сынып Тақырыбы Туған өлкем.
Мақсаты:Туған өлкем өлеңін оқып түсндру. Туған өлкенің көркін ұғындыра білу.Өлеңді мәнерлеп оқи білуге баулу.Отанын, туған жерін, елін сүюге тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу,сөзжұмбақ шешу,ойын,өлең құрастыру. Көрнекілігі: Сөзжұмбақ,мақал-мәтелдер, автордың портреті. Түрі: аралас. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару. ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:Отан туралы тақпақты жатқа сұрау. Психологиялық дайындық. Айдай арайлап, Күндей күлімдеп, Жұлдыздай жарқырап, Судай,мөлдір таза көңілмен, Бүгінгі күнімізді бастаймыз. Бүгінгі күнге сәттілік! ІІІ. Өткенді пысықтау: 1 топ Тіл туралы мақал-мәтел айту. 2 топ Туған тілім өлеңін жатқа айту. 3 топ Туған тіл деген тіркестің орнына қазақ тілі деген сөзді қойып мәнерлеп оқиды. 4 топ Туған тілім тақырыбында шығармасын оқиды.
ІҮ.Мақсат қою кезеңі:Туған өлкем тақырыбында сөзжұмбақты шешу арқылы жаңа тақырыпты түсіндіру. Ү. Жаңа сабақ:Автор туралы өмірдерек, өлеңді мұғалімнің оқуы,талдау,сөздік жұмыс ,өлеңді тізбектей оқыту. 1 топ Өлеңдегі ақын сезіміне сай келетін сөздерді табу. 2 топ Ақын туған жердің күні,гүлі туралы не дейді? 3 топ Туған өлке тағы несімен көрікті? 4 топ Алтын дәнді дала,ақ күмістей қала дегенді қалай түсінесің? Ақын сөздерін пайдаланып өлең құрастыру Сергіту сәті
ҮІ. Түсінгендерін тексеру:Туған жердің гүлі, күні туралы дейді?Туған өлке тағы нелерімен көрікті? ҮІІ .Қорыту: «Кім тапқыр» ойыны. Туған жер,Отан туралы мақал-мәтелдерді жалғастыру. ҮІІІ. Үйге тапсырма: Туған өлкем жаттау,сурет салу.


© 2010-2022