Разработка урока на тему «Құстардың қысқы тіршілігі!»

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Құстардың қысқы тіршілігі!»


Мақсаты: 1.Құстардың қысқы тіршілігі және қыстайтын құстар туралы түсінік беру.

а/ Білімділігі: Құстар туралы білімдерін қалыптастыру.

б/ Дамытушылық:Балалардың логикалы ойлауын, тілін, сөздік қорын, есте сақтау қабілетін дамыту.

в/Тәрбиелік:Құстарды қорғауға, ұясын бұзбауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта.

Барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.
Қайырлы күн!

Біз көңілді баламыз

Қайырлы күн!

Сәлемдесіп аламыз

Мақсатымыз білім алу

Міндетіміз еңбектену

Еңбектену арқылы

5-ке қолды жеткізу.

Өткен сабақты шолып шығу.

- Құстар табиғатқа қандай пайда келтіретінін білеміз бе?
Қазақстанда 500 - ге тарта құстың түрлері бар. Оның ішінде «Қызыл кітапқа» құстың 49 түрі қорғау үшін енгізілді.
Құстар- көлдің сәні. Орман, бау - бақшаның көркі.
Табиғаттың емшісі, әні, сәні.
Құстардың пайдасы көп. Олар орман мен егінді қорғайды. Өсімдіктердің тұқымын басқа жерге тарату арқылы адамға көмектеседі.
Құстар - біздің досымыз.
Құстарға қамқорлық жаса, қорға. Көктемде құстарға ұяшық жасауды ұмытпайық. Құстарға арнап жасаған ұяға құстар көп қонады. Оларға жемшашып, бақылап, қамқорлық жасаймыз.
Есіңде болсын!
- Құстардың ұясын бұзба, жұмыртқасын жарма.

Өздеріне таныс құстарды атау.

Тәрбиеші: Шанамен зырғып желетін,
Коньки, шаңғы тебетін,
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсыңдар балалар?
Балалар: Қыс мезгілі.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, қыс мезгілінің белгілерін білеміз бе?
Балалар: Қар жауады, аяз болып, боран соғады.

Жарайсыңдар балалар! Енді қыс мезгілінің айларын атайықшы.
Балалар: Желтоқсан, қаңтар, ақпан

Мұғалім: - Қыс мезгілінің ерекшеліктері қандай? Балалар, біз тоңбас үшін үстімізге қандай киімдер киеміз?
Қане, іс - қимылмен көрсетейікші (Балалар іс - қимылмен көрсетеді)
Балалар: Бас киім, үстімізге тон, аяғымызға етік, қолымызға қолғап киеміз!

Тәрбиеші: Қандай ойындар ойнайсыңдар?
Балалар: Қар лақтырып, аққала жасап, шанамен сырғанақ тебеміз.
Тәрбиеші: Балалар, қыста ауа таза болады. Сондықтан да сендер ауырмау үшін, денсаулықтарың мықты болу үшін таза ауада ойнауларың керек. Ойын арқылы денелерің шынығады.

- Жыл құстарын ата?

Отырықшы құстарды ата?

Құстар немен қоркетенеді?
Мұғалім: Өте жақсы балалар, енді «Жақсы, жаман» деген ойын ойнайық.

Мұғалім: - Ағаштың бұтағын сындыру жақсы ма?
- Гүлдерге су құю жаман ба?
- Достарыңды ренжіткен жақсы ма?

- Үлкенге көмектесу жақсы ма?
- Құстарға ұя жасау жаман ба?

Жаңа сабақ.

Мұғалім:Міне тамаша, балалар, ненің жақсы, ненің жаман екенін дұрыс айттыңдар.Бүгінгі сабағымызда құстардың қысқы тіршілігі туралы әңгімелесеміз.
Құстар екі топқа бөлінеді: дала құстары және отырықшы құстар.Құстардың табиғатқа келтіретін пайдасы көп. Олар өсімдіктерді, ағаштарды зиянды жәндіктерден, құрттардан тазартады.Қыс мезгілінде көп құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Ал кейбір құстар қыстап қалады.Құстар әр түрлі болады. Бірақ олардың ұқсастығы ұшады қанаттары, мамықтарды, тұмсықтары бар жұмыртқалайды.Пайдасы. Бау-бақшаларды, егінді қорғайды. Торғай, сауысқан, тоқылдақ, шымшық, алақарға- қыстап қалатын құстар. Оларды суықтан мамығымен қауырсыны сақтайды. Қыста азық табу қиын сондықтан құстар қыс кезінде адамға жақын жүреді. Құстарға жем шашуды ұпытпандар!

Құстар туралы кім қандай тақпақ біледі?

Дарын. Қос қанатын иіп ап,

Жарға келіп қонады

Қара киім киіп ап

Балшықтан үй соғады.

Ильяс. Жылы жаққа ұшпайтын

Біздің жақта қыстайтын

Құстар жүрсе жуықта

Жем шашуды ұмытпа.

Аружан: Білгің келсе көп жайды,

Бақылап жүр торғайды

Кіп-кішкентай сол құстар

Табиғатты қорғайды.

Аяжан: Қарға, қарға, қарғалар

Қар үстінде жорғалар.

Екі шоқып, бір қарап

Қара басын қорғалар.

Аруна: Қашаудай мықты тұмсығым

Бәсеке тігем бұл шыным

Құрт, қоңыз аулап жарысам

Орман дәрігері болып табыламын.


Дәптермен жұмыс.

1.Суретпен жұмыс

2. Ертегімен таныстыру «Құстар қалай қыстайды ?»

3. Сұрақ қою арқылы ертегі мазмұнын ашу

Сергіту сәті; Қарға біздің қар, қар,
Сауысқаны саңқ, саңқ.
Торғайларым шиқ, шиқ,
Жапалағым ух, ух.
Ұшады екен желпілдеп

Құстарға қамқорлық жасау.( Суретпен жұмыс. Слаид)

Ойын «Не артық» (слаид)

Құстар туралы мақал-мәтелдер:


1. Гауһар Сауысқан шиқылдаса, жақсы хабар естиміз.

2. Әсем .Құсқа тас лақтырма.

3.Ильяс. Құстардың жұмыртқасын жарма.

4.Нұрай .Аққуды атуға болмайды,

Досыңды сатуға болмайды.

Тыйым сөздер:

Ернар. Құстың ұясын бұзба, қарғысқа қаласың.

Жаңылтпаш айтып үйренейік:

Асқар. Көк тырна, көп тырна.

Тыраулап тек, көп тұрма.

ҚАРҒА - қара қауырсынды тамақ талғамайтын, еті арам құс. Кез келген тамақты қорек ететін құстардың бірі. Қар астында қатып қалған төгінділерді өткір тырнақтарымен тырнап босатып, мықты үшкір тұмсығымен шоқып қоректенеді.
ТОҚЫЛДАҚ - Қазақстанның тұрғылықты құсы. Түсі шұбар, өте жылдам қимылдайтын еңбекқор құс. Ағаштардың қабықтарының арасындағы құрт құмырсқалармен қоректенеді. Қар үстіне түскен қалдығын торғайлар теріп жейді. Осылай өзге құстарға да жемін табуына көмектеседі. Өте суық, аязды күні адам тұрағына жақын келеді.

САУЫСҚАН - ала қанатты, ұзын құйрықты құс. Ол өте сақ. Ерекшелігі - жалтыр, әшекейлі заттарға әуес. Кез келген тамақты қорек етеді.

КЕПТЕР - басы кішкентай, тұмсығы түзу, сирағы қысқа құс. Кептердің қолға үйретілген түрін халық арасында "көгершін" деп атайды. Өсімдік тұқымымен, астық тұқымдарының дәнімен қоректенеді.
- Бұл құстардың көбі суықтан қорықпайды. Суықтан олардың қалың мамықтары
сақтайды. Қыс кезінде құс үшін қауіпті жағдай жемнің табылмайтындығы. Қыстап қалатын құстардың түрі, түсі, дене пішіні, жемдерін қар астынан тауып жеуге икемделген.

Қорытынды:

  1. Біздің өлкемізде қандай құстар қыстап қалады?

  2. Қыстап қалатын құстарға адамдар қандай көмек көрсетеді?

  3. Балаларды мадақтау.



© 2010-2022