Ашық сабақ. 3-сынып. Елтаңба

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Сабақтың тақырыбы: Елтаңба
Мақсаты: сөздегі дауысты дыбыстар жуан болса, дауыссыз дыбыстар да жіңішке айтылатынын біледі. Міндеті: Білімділік: өлеңдерді оқып, дауыссыз дыбыстары жуан айтылатын сөздерді табады. Дамытушылық: «Елтаңба» өлеңін түсініп оқиды және елтаңба туралы білгендерін ортаға салады. Тәрбиелік: топ мүшелері сабаққа белсене қатысады, дауысты дыбыстар туралы білімдерін тұжырымдайды.
Оқытудың нәтижелері: 1.Өз пікірін жеткізу арқылы тапсырманы орындай алады. 2.Оқушы ойын еркін түрде жеткізеді және талдайды. 3.Кейбір оқушылар топтың көмегімен тапсырманы орындай алады.
Қамтылатын модульдер: 1-модуль - оқыту мен оқудағы жаңа тәсіл (топтық жұмыс), 2-модуль - сыни тұрғыдан ойлауға үйрету (миға шабуыл, кубизм стратегиясы), 3-модуль -бағалау, 4-модуль-АКТ пайдалану, 7-модуль-көшбасшылық (топты басқару және белсенділікпен қатысып отыру) Сабақтың барысы: Мұғалімнің іс-әрекеті: Ұйымдастыру; Үйге тапсырманы сұрау; Топқа бөлу; Топтық тапсырмалар беру. Оқушының іс-әрекеті: 1-тапсырма: Үйге тапсырманы сұрау. «Біздің ту» өлеңін жатқа айту. Топтық бағалау.
2-тапсырма. Жаңа сабаққа қызығушылығын ояту. Модуль СТО. Әдісі: Ой қозғау(миға шабуыл) 1-топ - Жуан дауыстыларды айт. 2-топ - Жіңішке дауыстыларды айт. 3-топ - Жұп дауыстыларды айт. 4-топ - Тасымалданбайтын сөздерге мысал келтір.

3-тапсырма. Жаңа сабақтың атын келтіріп шығару. АКТ-ны пайдалану. Сөзжұмбақтың шешуі интерактив тақтаға жазылады.
1.Алты санынан төрт санын азайтсақ, неше шығады? 2.Ешкінің төлін ата. 3.Еліміздің рәміздерінің бірі. 4.Біздің мектебіміз қалай аталады? 5.Сиыр малының иесін ата. 6.Біздің ауданымыз қалай аталады? 7. а, о, ы, ұ дыбыстары қандай дауыстылар? «Елтаңба» сөзі келіп шығады.
4-тапсырма: Жаңа сабақтың мағынасын ащу: Модуль СТО, әдісі «Кубизм». Сипатта, баянда, салыстыр, маңызы. Әр топқа тапсырма беріледі. Постер арқылы әр топтың ішінен бір оқушы жауап береді. 1-топ - Оқулықтан «Елтаңба» өлеңін оқу. 2-топ - Елтаңба туралы не білесің? 3-топ - Елтаңбаның суретін салу. 4-топ - Елтаңба рәмізінің маңызын түсіндір. Сергіту сәті
5-тапсырма: Жаңа сабақтың мағынасын түсіну. Дауысты және дауыссыз дыбыстар туралы білімдерін бекіту. 1-топ - 78-жаттығу. «Арғымақ» өлеңін оқу. 2-топ - «Арғымақ» өлеңіндегі дауыссыз дыбыстары жуан айтылған сөздерді табу. 3-топ - Жаңылтпашты оқу. 4-топ - Дауысты және дауыссыз дыбыстарды табу.
Рефлексия «Бүгін мен не үйрендім?». Сабақта не үйренгендерін интерактивті тақтаға жазады. Сабаққа қорытынды жасайды.
Білемін Білгім келеді Үйрендім

Оқушылар білімін бағалау.
Үйге тапсырма: «Елтаңба» өлеңін оқып келу. Жуан дауысты дыбыстары бар сөздерді жазып келу
© 2010-2022