Ашық сабақ тақырыбы: «Гүлді көгал» - мозаика

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

КММ «Кұлыншақ» балалар үйі

Қарағанды обласының білім басқармасы



Ашық сабақ

Тақырыбы: «Гүлді көгал» - мозаика

Тәрбиеші Тохжан Айтхалиевна Таушкина

Дидактикалық ойын

Ашық сабақ: тақырыбы: «Гүлді көгал» -мозаика

Білімділік міндеттері: Балаларды мозайкамен жұмыс істеуге үйрету. Белгілі тәртіп бойынша мозайканың тесіктеріне түймешіктерді кіргізе отырып, әр түрлі түстерден белгілі бір тәртіппен гүл құрастыру. Негізгі түстерді айыра білуге және атауға үйрету.

Коррекциялық міндеттері: Саусақтардың уақ моторикасын жетілдіру. Назарын есте сақтау қабілетің, тіл белсенділігін жетілдіру.

Тәрбиелік міндеттері: Өздігімен жұмыс жасауға, шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Ұйымдастыру кезеңі:

-Балалар бізге қонақтар келді, олар біздің сабақты көргісі келеді, балалар қараңдаршы менің қолымда қандай әдемі гүлдер ендеше бәріміз шеңберге тұрып сергіту сәтін өткізейік.

Гүлдер, гүлдер көп гүлдер

Қызыл гүлдер, көк гүлдер.

Таңмен бірге оянып,

Күн нұрына боянып,

Көрік берді балаға.

Таңғаларлық сәт: Терезенің алдына көбелек ұшып келді.

Тәрбиеші: Ой балалар терезенің алдына біреу отырған сияқты, барып қарайыншы, (тәрбиеші көбелекті қолына алып, балалардың жанына келіп, көбелек туралы жұмбақ жасырады)

Жұмбақ: Көк майсалы шалғында

Бала қуып ойнайтын

Гүлге қонып қоймайтын

Бұл жәндіктің қай түрі?

- Бұл не балалар?

- Көбелек!

- Дұрыс.

- Көбелектің қанаттарының түсі қандай? (негізгі түстерді қолдану)

Тәрбиеші: - Әдемі көбелек сен неге көңілсізсің?

Тәрбиеші: Балалар маған көбелек былай деді. Гүлді көгалда гүлзарда әдемі гүлдерде ұшқанын жақсы көреді. Жұпар иісті иіскегенді жақсы көреді.Көбелек гүлдің үстінде отырып демалғанды ұнатады. Бірақ гүлдер әлі гүлдеген жоқ. Гүлзарда гүлдер әлі өскен жоқ, ендеше балалар көгалды мозайкадан құрастырайық. Ал енді көбелектің көңіл - күйін көтерейік. Ол үшін көбелекке мозайкадан жасайтын гүлді көрсетеміз. Әр гүлдің ортасы мен гүлжапырақтары (желегі) бар. Мен мозайканы аламын.

-Түсі қандай?

Балалар: Жауаптары

Тәрбиеші: Гүлдің ортасын қойдым, ортасының түсі (Ақ)

Ал енді гүлжапырақтарын құрастырам.

Түсі қандай?

Балалар: Жауаптары (Қызыл)

Тәрбиеші: Ортасының жанына қызыл түсті мозайканы қойдым, енді дөңгелетіп гүлжапырақтарын құрастырамыз.

-Ал енді балалар әдемі гүл болды.

Балалар орындарыңа отырыңдар. Дұрыс отырып аяқтарыңды біріктіріп, арқаларыңды тік ұстап, отырыңдар.

Үстел үстінде түрлі - түсті мозайкалар тұр.

Тәрбиеші: Балалар жұмысқа кіріспес бұрын,гүлдеріңнің ортасы қандай түсті және гүлжапырақтарыңныңтүстері қандай болатының ойланыңдар.

БАЛАЛАРДЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ

(Жұмыс жасау барысында әуен ойнап тұрады)

Бірінші гүлді жасап болғаннан кейін саусақ жаттығуы:

Бала, бала, балақан

Кәне, қайсы алақан

Саусақтарым әйбәт

Былай, былай ойнап.

Балалар жұмыстарымызды аяқтаймыз.

Тәрбиеші: Артур сен не жасадың?

Жауап: Көгалдағы гүлді құрастырдым.

Тәрбиеші:Түсі қандай?

Жауап:

Тәрбиеші: Көгалда қандай гүлдер өсіп тұр?

Жауап: Түрлі-түсті гүлдер.

Тәрбиеші: Ал енді балалар сендер жасаған гүлдерден үлкен көгал жинайық. Қараңдаршы қандай үлкен, әдемі көгал болды.

Тәрбиеші: Көбелек, саған балалардың жасаған гүлдері, көгалы ұнады ма?

(Қанаттарын қағып, көбелек қуанып тұр. Гүлді көгалдың үстінде ұшқысы келеді.)

Балалар көбелек туралы не айтасыңдар.

Тақпақ: Көбелек-ау, көбелек

Әдемісің керемет

Гүлге келіп қона ғой

Өзіңді гүл бола ғой!

Тақпақ: Сен де қудың көбелек

Мен де қудым көбелек

Жүйрік екен керемет

Ұстатпады не кереек

Тәрбиеші: Көбелек саған балалардың тақпақтары ұнады ма?

Көбелекке ұнаған екен.

Тәрбиеші: Көбелек қанаттарын қағып, ұшып келіп шаршаған болар, мына біздің гүлді көгалға дем алып отырсың.

Балалар сендер сабаққа жақсы қатыстыңдар, жарайсыңдар. Көбелектің көңіл-күйін көтердіңдер. Көбелек сендерге риза. Көбелекпен қоштасайық:Сау бол көбелек. Ал қонақтарға рахметімізді білдірейік.

-Рахмет сау болыңыздар!

© 2010-2022