Дүниетану сабағы бойынша сабақ жоспары Айналадағы дүниені бақылау (1 сынып)

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Айналадағы дүниені бақылау.

Сабақтың мақсаты: 1.

1 Табиғат пен адам өміріндегі байланыс туралы түсінік беру.2 Табиғаттан үйренуге болатын заттарды есте сақтай отырып, логиакалық ойын дамыту.Танымдылық қабілетін таныту 3 Табиғат сырын білудің адам үшін маңызын түсіндіре отырып оны қорғауға тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: суреттер, айналадағы заттар.

Оқыту әдісі: түсіндіру, көрсету,

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:Үйге бірілген тапсырманы мазмұндатып, сұрақтар қою арқылы пысықтау.

ІІІ. Мақсат қою: жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру

ІҮ. Жаңа сабақ: : Айналадағы дүниені бақылау «Табиғаттан үйрене біл» тақырыптарын оқи отырып түсіндіру.Адам жаңбыр жауғанға қарап қолшатыр ойлап тапқан,құстың үшу ерекшелігін зерттеп ұшақ шығарған,балықты зерттеп сүңгір қайық жасаған. Адам жалғыз өмір сүре алмайды .Басқа адамдармен бірлесіп қана өмір сүреді.Біздің білмейтініміз көп,оқыған талаптанған адам көп біледі. «Талаптығы нұр жауар» деген нақыл осыдан шықса керек.Адам өз өміріне қажеттінің бәрін табиғаттан алады. Сондықтан адам табиғатқа қамқорлық жасау керек. Бұл Ата Заңымыздың 38-бабында жазылған.

Сергіту сәті:

Ү. Оқушы білімін тексеру:

«Адамды адам еткен-еңбек» деген мақалдың мазмұнын қалай түсінетінін сұрау,түсіндіру.

. ҮІ. Бекіту кезеңі: табиғат құбылыстары туралы халық болжамдары:1. Бал арасы гүлге құжынай қонса жаңбыр жауады.2. Егер күн батарда бұлтқа енсе ертеңінде күшті жел болады.3. Егер қарлығаш жер бауарлап төмен ұшса жаңбыр жауады, ол аспандап жоғары ұшса күн ашық болады.

Табиғат - нағыз сұлулықтың ортасы. Оны түсінген адам қуаныш көзі ретінде сақтауы керек. Табиғат - емші, денсаулық көзі. Су мен ауаны ластауғажолбермеңдер.
Флора мен фаунаны қорғайық! Табиғат байлықтарын үнемдейік. Жер шарының болашағы сіздердің қолдарыңызда!
Сабақ оқушылардың «Табиғатым, Жер Ана!» өлеңін мәнерлеп
оқуымен аяқталады.

ҮІІ. Қорытындылау: Адам өзіне қажеттіні табиғаттан алады және үйренеді.

ҮІІІ. Үйге тапсырма .Бағалау

© 2010-2022