Жас Қыран! мемлекеттік қабылдау рәсімі

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Бейбіт ұландар-ел қорғаны» салтанатты қабылдау рәсімі
Көрнекілік: Қазақстан Республикасының туы, «ЖасҚыран» таңбасы бар банер, шарлар, музыка.
Өтетін орны: Мақат кенті №2 бастауыш мектебі
Өтетін уақыты: 19.12.2015

1-жүргізуші:

Бала деген - бақытыңның шегі,
Бала деген - нұр әлемнің көгі
Бала деген - тектілердің тегі
Бала деген - бейбіт өмір лебі - дей келе отраға Бүгінгі «ЖасҚыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылданатын оқушыларды шақырайық. Олар:

Асқар Жансая 3а

Серік Бағытжан 3а

Қабыл Гүлдан 3а

Аманқұл Нұрдәулет 3а

Асылбек Нұрай 3а

Сарсенбай Сұлтанбек 3а

Сайын Бақтияр 3а

Тұрланқызы Ақтілек 3а

Телагисова Бибі-Айша 3а

Асқарұлы Әли 3б

Кабдрахим Артур 3б

Үмбет Төре 3б

Берік Дәулет 3б

Оразғалиева Бибінұр 3б

Сайын Қарақат 3б

Исатай Айдос 3б

Қабаева Інжу 3б

Русланқызы Гүлназ 3б

Жанасов Ералхан 3б

Кеңшілік Нұрсұлтан 3б

Бауыржан Жандос 3б

Орынбасар Ақжарқын 3б

Президент: Жас Қыран, түзел! Тік тұр! (рапорт тапсыру)
- Жас Қыран балалар мен жасөспірімдер ұйымы салтанатты жиынға дайын.Рапорт тапсырушы жас қыран ұйымының президенті Нұрланұлы Дәулет

2-жүргізуші:
Барлық ұлтты бауырыңа басасың
Көкте туым желбіреген аса тым
Тарихымда өшпес дағы ізі бар ,
Егеменді елім менің жасасын!


Жас ұланның намысы мен бірлігінің символы , жас ұлан ұйымының - Туы

кіргізілсін.

1-жүргізуші :

Тамсандырған әнұраны ұйымның ,
Сый секілді,бізге берген ғажап тым.
Тектілігін кең әлемге танытып,
Жырымыз бұл , ән ғып салар азатпын

2-жүргізуші:
Туған елім - Қазақстан Отаным,
Мақтанышпен атыңды әркез атадым.
Тыныс алып дараланған саяңда,
Болашақтың жарқын үнін қатамын

1-жүргізуші:
Парызымыз - Ұлы Отанға адалдық
Бойымызда бар өскендік балалық
Барша Жанға үлгі өнеге боламыз
Біз жас ұлан адалдықтан жаралдық

2-жүргізуші:
Армысыздар , салтанатты жиынымызды қонақтары және Жас Қыраншылар!

1-жүргзуші:
Біз бүгін бейбіт өмірдің, Қамқор Отанның құшағында бақытты балалық күндерін кешіп жүрген жас ұландарымыздың «Жас Қыран» ұйымының қатарына қабылдау салтанатының куәсі боламыз.

Төс белгіні ұйымға қабылдаушы оқушылар кеудесіне тағу құрметі мектебіміздің директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мақы Ләззат және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Бисалиева Албина апайларымызға беріледі.
«Жас Қыран» ұйымының арнайы төс белгісін кеуделеріне алғаш болып тағушы ұландарымызды шын жүректен құтықтаймыз.

«Жас Қыран» ұйымына қабылданған оқушыларды ант қабылдау рәсіміне кезек берейік.
Анттың мәтіні:
Мен, ____________________, Республикалық бірыңғай «ЖасҚыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып:
Өз Отаным - Қазақстан Республикасының патриоты болуға;
Мемлекеттік рәміздерд іқұрметтеуге, дәріптеуге;
Туғанелім, жерім, Отанымды мақтаныш етуге;
Ата-анамды қадірлеуге;
Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;
Білімге табандылық пен ұмтылуға;
Салауатты өмір салтын ұстануға;
Табиғатты аялауға;

«ЖасҚыран» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге ант етемін.
Біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде

АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН!


Жас Қыран! мемлекеттік қабылдау рәсімі.
(Қонақтарға сөз беріледі)
(Қонақтар сөз сөйлеп болған соң қатысушылар барлығы бірге айтады)

Жүргізуші: Жас Қыран!
Қатысушылар: Ел ертеңі!
Жүргізушілер: Жас Қыран!
Қатысушылар: Күн сәулесі!
Жүргізушілер: Жас Қыран!
Қатысушылар: Жеңіс қанаты!

Жүргізуші: Осы салтанатты жиынға қатысушылар жаңа дәуірге қадам басқандарына, ал «Жас Қыран» оларға жаңа, берік дос болатындығына біздер кәміл сенеміз.

1 - жүргізуші:
Достық! Бірлік! Жас ұлан!
( қатысушылар барлығы бірге үш рет қайталайды)

2 - жүргізуші: Дәстүріміз бойынша алдымен қонақтарымызды шығарып салайық! Сау болыңыздар!





№2 бастауыш мектеп











Cалтанатты қабылдау

Тақырыбы: Бейбіт ұландар-ел қорғаны

Жас Қыран! мемлекеттік қабылдау рәсімі.

Өткізген: Хасанова Кунсулу













2015 - 2016 оқу жылы

© 2010-2022