Жалаң және жайылма сөйлем (3-сынып)

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жалаң және жайылма сөйлем (3- сынып)Жалаң және жайылма сөйлем (3- сынып)Жалаң және жайылма сөйлем.

Сабақтың мақсаты. Оқушыларға сөйлемнің жалаң және жайылма түрлері туралы топтастырылған ұғым қалыптастыруға мүмкіндік туғызу.

Дамытушылық мақсаты. Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты. Оқушыларды ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа, сауаттылыққа, көркем жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі. Жаңа сабақ.

Сабақтың түрі. Топпен жұмыс.

Сабақтың әдіс- тәсілдері. Түсіндіру , сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі . слайдтар.

Сабақтың барысы.

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқшыларды сабсққа әзірлеу. Бүгінгі сабақтың ашық сабақ екендігі, қонақтар келіп отырғандығы ескертіледі.

-«Келгенше қонақ ұялады, келген соң үй иесі ұялады».- демекші біз ұялмауға тырысайық.

2. Психологиялық дайындық. Топқа бөлу.

3. Үй тапсырмасын тексеру.

1-топ Сөйлем мүшелерін ата ?.

2- топ Тұрлаулы тұрлаусыз мүше дегеніміз не?.

4. Жаңа сабақ.

Қызығушылықтарын ояту. Ертегі тыңдағыларың келеме. Бүгін біз қазақ тілі атты ғажап елге саяхаттаймыз.

Жай сөйлем деген кішкентай ауылда Жалаң және Жайылма сөйлем деген қариялар өмір сүріпті. Жалаң деген сөйлемнің екі ақылды ұлы болыпты.

Біреуі бастауыш, ал екіншісі баяндауыш. Бастауыш үлкен ұлы болғандықтан ылғи алдында жүреді екен. Жайылма сөйлем деген қарияның тұрлаусыз мүше атты ұлы болыпты. Осы екі қария бір- бірімен ұрыспай тату- тәтті өмір сүріпті. Бастауыш пен баяндауыштың жандарына тұрлаусыз атты мүшелерді серік етіп жібереді.

5. Сергіту сәті.

Оқулықпен жұмыс.

  1. Топ жалаң сөйлемді тап. 97-жаттығу.

  2. Топ жайылма сөйлемді тап. 98-жаттығу.

Бекіту 100-жаттығу ребусты шешу. Сөйлем мүшелеріне талдау, сөйлемнің қай түріне жатады. Неліктен?

Сабақты қорыту.

«Біз не білдік?»

1-топ Жалаң сөйлем дегеніміз не?

Жалаң сөйлем Бастауыш Баяндауыш.

Бастауыш пен баяндауыштан құрылған сөйлемдерді жалаң сөйлем дейміз.

2-топ Жайылма сөйлем дегеніміз не ?

Жайылма сөйлем ------- бастауыш----------тұрлаусыз---------------- баяндауыш

Түрлаулы мүшелерден басқа тұрлаусыз мүшелері бар сөйлемді жайылма сөйлем дейміз.

6. Ұй тапсырма 101- жаттығу. Ереже жаттау.

7. Бағалау.

© 2010-2022