Қос сөздер 4-сынып Блум таксономиясы

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Павлодар облысы

Ақсу қаласы Евгеньевка селолық округі

Үштерек ауылының орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі

Бұлғанбай Бақытгүл



Сабақтың тақырыбы: Қос сөздер Сынып: 4 Сабақ мақсаты: Қос сөздер туралы түсінік беру, ережені меңгерту. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету. Міндеттері: Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық, жылдамдық, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Сабақтың түрі : жаңа сабақ Құралдар: конверттер, интербелсенді тақта, аққағаздар, түрлі түсті қарындаштар. Әдіс- тәсілдер: Дара жұмыс, топпен жұмыс, СТО, деңгейлеп оқыту. Оқыту нәтижесі: Қос сөздер тақырыбын нақты меңгереді, қолдана алады, біледі. Оқушы өзінің қызметіне анализ жасай алады.Орындаған тапсырмаларына қарап, салыстыра отырып ойланады. Шығармашылық жұмыс жасайды.

Сілтеме: 4 сынып қазақ тілі Ж.Қ. Балтабаева, М.Қ. Солтанғазина,

Ф.С. Лекерова . Алматыкітап баспасы 2011

Сабақ кезеңдері

Уақыт

Мұғалімнің іс- әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті:

Ұйымдастыру

кезеңі

3 мин

Сәлеметсіздер ме ?

Оқушыларды сабаққа жұмылдыру.

1.Психологиялық ойын. Оқушылар шеңберге тұрып бір- біріне жақсылық тілейді.

2. Санау арқылы топқа бөлу:

1, 2, 3, 4, 5, 6...

Оқушылар сабаққа дайындалады. Жақысық тілеу псхологиялық ойынын ойнайды.4 топқа бөлініп отырады, топ басшысын сайлайды.

Білу

3 мин

«Домино» әдісі бойынша конвертке сөздердің қиықшаларын беремін.

Топ басшылары берілген конверттерден бірін таңдайды. Ішіндегі қималардан сөздер құрап,сөйлем тауып шығарады, түсіндіреді.Сөздердің жасалу жолына тоқталып, жаңа тақырыпқа шығады.

Түсіну

5 мин

" Қар үйіндісі " ойыны:

1- топ.Қос сөздер дегеніміз не?

2- топ.Қайталама қос сөз дегенімі не?

3- топ.Қосарлама қос сөз дегеніміз не?

4- топ.3 топтың айтқанын қайталайды.

" Қар үйіндісі " ойыны арқылы қос сөздер ережесін кезек- кезекпен толық айтып шығады.

Қолдану

13 мин

Конверттегі тапсырмаларды орындату.

Конверттегі қиылған сөздерден сөйлем құра, сөйлемдерден мәтін құра.

Сергіту сәті

2 мин

" Жел соқты" атты көңілді жаттығу жасатамын.

Сергіту жаттығуын жасайды.

Талдау

10 мин

Қос сөздерді талдап, постер жасатамын.

Қос сөздерді талдап, ақ қағазға әр түрлі қарындаштармен постер жасайды.

Жинақтау

синтездеу

4 мин

Қос сөздерді қатыстырып 4 жол өлең құрайды.

Өлеңдерін оқиды.

Бағалау

5 мин

Қос сөздер дегеніміз не?

Постер жасайды.

Оқушыларға сөз беремін.

Жиынтық баға коямын

Әр топ өз постерлерін тақтаға іліп қорғайды. Өздік бағалау, жұбын бағалау, тобын бағалау, қойылған бағаның себебін айтып түсіндіреді.



© 2010-2022