Сын есімді қайталаймыз. 3 сынып

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сын есімді қайталаймыз. 3 сыныпСын есімді қайталаймыз. 3 сыныпСын есімді қайталаймыз. 3 сыныпСын есімді қайталаймыз. 3 сыныпСын есімді қайталаймыз. 3 сынып

Сабақтың тақырыбы: Сын есімді қайталаймыз

Сабақтың мақсаты: оқушылардың сын есім туралы түсінігін кеңейту; сын есімдер заттың түр-түсін, көлемін, дәмін және басқа да сипатын айқындайтынын түсіндіріп, оларды зат есімдермен дұрыс тіркестіре білуді үйрету.

Сабақтың барысы:

Қызығушылықты ояту

Көлемі

үлкен , кіші, биік, ...



Көрінісі

әдемі, лас, қырлы, ...

Түсі

ақ, көк, сары, ...

Зат




Сапасы

Жақсы, жаман, мықты, ...

Салмағы

ауыр, жеңіл, ...



Сынып 4-5 баладан шағын топтарға бөлінеді. Топ мүшелері кесте бойынша сөйлеуге дайындалады. Сын есім туралы 2-сыныпта алған білімін еске түсіргеннен кейін, әр топқа мынадай тапсырмалар беріледі.

1 топСын есімді қайталаймыз. 3 сынып 2 топ Сын есімді қайталаймыз. 3 сынып


3 топ Сын есімді қайталаймыз. 3 сынып 4 топ Сын есімді қайталаймыз. 3 сынып

Мағынаны тану кезеңі

1-жаттығуда берілген сурет бойынша заттардың түсін анықтайды. Сол заттарға қатысты өлең, жұмбақтар тауып айтады. Соңынан заттың түсін білдіретін сөздердің сын есім деп аталатыны туралы қорытынды жасалуы керек.

2, 3-жаттығуды орындау арқылы оқушылар сын есімді сөйлем ішінен тауып үйренеді. Сын есімдердің қандай сұрақтарға жауап беретінін еске түсіреді.

4-жаттығудағы метаграммалардың шешуі: жаз - қаз, ...? Шешуі болған сөздерді сын есіммен тіркестіріп жазады. Мысалы, жылы жаз, шуақты жаз, көркем жаз, т.б. Содан кейін осы тіркестерді пайдаланып шағын мәтін құрауға тапсырма беруге болады. 5-жаттығу сын есім, оның сұрақтары туралы шешімдерін тиянақтауға арналған. Жаттығуларды орындап болғаннан кейін, әр топқа зат есім сөздер беріп, сол затесімге ңатысты сын есімдерді тауып жазудан топтар арасында жа рыс ұйымдастыруға болады.

Содан кейін әр топ өзінің белгілі бір сөзге жинақтаған сын есімдерін көрші топқа беріп алмасады. Олар сын есімдердің ішінен өздеріне берілген зат есімге қатысты сын есімді іздеп көреді. Мұндағы мақсат - сын есімдердің кез келген затпен тіркесе бермейтінін түсіндіру. Мәселен, семіз қой, семіз сиыр деуге болады, бірақ семіз ағаш, семіз кітап деуге болмайды.

Ой толғаныс

Топтар сын есімдердің ішінен екі сын есімді таңдап алып, «Бес жолды өлең» жазады. Мысалы:

Затесім (1) жапырақ

Сын есім (2) қызыл, сары

Етістік (3) түседі, сытырлайды, ұшады

Сезімді білдіретін тіркес (4) Алтын күз неткен әдемі!

Синоним (1) өсімдік



© 2010-2022