Жаңа жыл 2016 жыл ( кеш)

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

1-жүргізуші:
-Армысыздар ардақты ағайын, Ұлағатты ұстаздар!
2- жүргізуші:
Бармысыздар, замандас, бауырлар, шабыты шәкірттер

1жүргізуші:
Бүгін сізге жырдан алқ тағайын,
Шат күлкіге толы болсын маңайың.
Көргендер де көрмегенде арманда.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.
2-жүргізуші:
Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,
Ай жүзіндей айшықтанып, арайың.
Жанға шуақ, бойға қуат әкелген.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.
1-жүргізуші:
Бәрекелді, бәрекелді! Құрметі халайық! Бүгінгі жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысамыз деген үмітіміз бар.
^ 2- жүргізуші;
Олай болса, көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар мерекелі кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер!
1-жүргізуші:
Құрметті жамағат "Жақсы сөз- жарым ырыс!" - деп дана қазақ айтқандай, жүрекке жылылық ұялатар алғашқы Жаңа жылдық құттықтау сөзді ақыл ойы жетілген саналы ұрпақты сезімі сергек, арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан мектебіміздің директоры Жания апайға бастауыш сынып мұғалімі Нағима апайға сөз кезегін береміз.

2 жүргізуші.

Бүгінгі шыршамызға қонаққа «Қызыл телпекпен әжесі келу керек еді » неге кешігіп жатыр екен?

1 жүргізуші :

Мүмкін олар кәзір келіп қалар .

2 жүргізуші.

Ия олай болса мына сиқырлы айнаны пайдаланып қызыл телпектің қайда жүргенін көрерміз.

Сахнада музыка жіберіледі «Қызыл телпек » ертегісі басталады.

Сахна төрінде анасы мен қызыл телпек.
Анасы ,әжесі, қасқыр ,қызыл телпек көрініс.

Орманшы әжесі мен қызыл телпекті құтқарады

1 жүргізуші : Сиқырлы айнадан әжесі мен қызыл телпекті ормашы құтқарып , қасқырда біздің кешімізге келе жатқан көрдік .Олай болса кешімізді бастай берейік.

2-жүргізуші:

Айнала қоршап шыршаны,
Шашылар шашу - жыр әні.
Мынау әсем шыршаға,
Қош келдіңіз балалар.

1Жүргізуші: Ендеше мерекемізді жалғастырайық. шыршаның шамдарын жағайық.
Балалар: Қуант, шамдарыңды жарқырат.
/Шырша шырағы жанады, балалар қол соғады/

Хор :Ортаға балалар шығып шырша жырын айтады

Тақпақтар.

Оқушы: Саят
Аманқұл:Өткен жылға ризамыз,
Кемелденді еліміз.
Қандық талай сырға біз,
Шарықтады ойымыз.

Оқушы: Ершин

Оқушы: Айда
Ескі жыл (қой жылы):Балтабек

Балаларым, балғындарым,
Алғысым көп айтар менің!
Дәл осыдан артығырақ
Қарсы алыңдар мешін жылын!
Жүргізуші: Ал балалар, Ескі жыл риза болсын. Өнерлерің болса көрсетіп, көңілін көтеріп шығарып салайық.
Ескі жыл кетеді.

1-жүргізуші:
Төрлетіңдер, төрлетіңдер.
Шырша сәнің көріңдер.
Әсем әнмен би билеп,
Күй жырларды төгіңдер.

2-жүргізуші:
Жаңа жыл-туындаған жаңа армандар,
Жаңа жыл-шуылдаған жаңа ормандар.
Ал мынау-мәңгі бақи жаңа дүние,
О, сәлем жаңа жылда жаңарғандар.
Қалдыбаева Нұрай «Қош келдің Жаңа жыл» әні.


1-жүргізуші:
Аппақ тоңға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келеді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.

2-жүргізуші:
Келді Аяз атамыз,
Қасында Ақша қары бар.
Қызыққа әбден батамыз,
Қарсы аламыз баршамыз.

1-жүргізуші:ал, енді құрметті халайық! Бүгінгі кешіміздің қадірлі қонағы әрі сәні АЯЗ ата мен Ақшақарды шақырайық. Хормен: АЯЗ АТА, АҚШАҚАР. (3 рет)
2-жүргізуші: Қош келдіңіз АЯЗ АТА.
1-жүргізуші: Амаңсыңба АҚШАҚАР.
АЯЗ АТА:
Амаңсыңдар ма, ұлдарым,
Амансыңдар ма қыздарым.
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем билерің.
Асулармен алыстым,
Асау желмен жарыстым.
Шыршамызға асығып,
Өздеріңмен табыстым.

АҚШАҚАР:
Армысыздар, оқушылар, ата-ана,
Жаңа жылдарыңыз құтты болсын.
Жаңа жыл бірлік пен татулық жылы болсын,
Әр отбасы үшін ырыс пен береке жылы болсын.

2-жүргізуші:Аяз ата, сіз алыс жолдан шаршап келдіңіз, енді отырып дем алыңыз. Біздің сізге арналған жаңа жылдық тартуларымызды қабыл алыңыз.

1 сынып оқушылары өнерлері.

Буратина биі:

Аяна ;ән

Жалқаубек биі

2 сынып.

Айда тақпақ

Ақтолқын : ән

Топтық би ; Мики маус

Нұрдәулет ;ән

Гулсанат: үнді биі

3 сынып

Жаңа жыл тақпақ :Рая

Моншақ ;ән

Би «сантоклаус»

Назерке : ән

4 сынып

Даурен : ән

Топтық би:

АЯЗ АТА: Ой, бәрекелді, балаларым. Әсем ән шырқап, би билеп аталарыңды бір қуантып тастадыңдар. Көп-көп рахмет, өркендерің өссің. Енді Ақшақар екеуміз аттанайық. Баршаңызбен қоштасамыз, сау болыңдар.
АҚШАҚАР: Сау борлыңдар, балалар, келесі жаңа жылда кездескенше.
Барлығы: Сау болыңыз Аяз ата, сау болыңыз Ақшақар.
2-жүргізуші:
Ей, жаңа жыл, жаңа бақыт ырысым.
Жақсылықт ың жаршысы да нұрысын.
Адамдардың асқақтаған арманы,
Ақындардың таусылмайтын жырысың
1-жүргізуші:
Жаңа жыл, жаңа бақыт, жаңа жыр.
Ізгілік, бірлік дәнін ортаға ысыр.
Құт болып береке бер халқымызға
Мерейін мәртебесін биікке асыр.
2-жүргізуші: Міне, жаңа мешін жыл да келді. Ал мешін жылы да елімізге тыныштық болып ырыс-құтымыз арылмасын.
1-жүргізуші: Жаңа жыл- әрбіріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін. Жаңа жыл баршамыз үін беркелі, мерекелі жыл болсын.
Келесі жаңа жылда кездескенше аман-сау болайық.
Бірге: Жаңа жылдарыңыз құтты болсынКері қайт

© 2010-2022