- Преподавателю
- Начальные классы
- Қазақ тілі Сөйлемдегі сөздердің байланысы
Қазақ тілі Сөйлемдегі сөздердің байланысы
Раздел | Начальные классы |
Класс | 2 класс |
Тип | Конспекты |
Автор | Салиева А.Т. |
Дата | 17.09.2015 |
Формат | doc |
Изображения | Есть |
1
2
3
4
5
6
1. Хабарлы сөйлем дегеніміз не? 2. Сұраулы сөйлем дегеніміз не? 3. Лепті сөйлем дегеніміз не? 4. Сөйлем дегеніміз не? 5.Жұмбақ . « Өзім сөзден тұрамын, Аяқталған ойды құрамын.» 6. Мәтін деген не? ІV.Жаңа сабақ. Сөйлемдегі сөздердің байланысы. 207-жаттығу.Екі бағанды оқып, салыстыру. Біз, ауыл, тұр. Біз ауылда тұрамыз. Балалар, қала, бар. Балалар қалаға барды. Киім, кірлетпей, ки. Киімді кірлетпей ки. Сөйлем болу үшін сөздер қандай өзгеріске түскенін түсіндіру. Ережені түсіндіру. Интерактивті тақтамен жұмыс. 208-жаттығу.Үлгі бойынша ауызша орындау. Қоңырау соғылды.Оқушылар сыныпқа кірді. Сабақ басталды. Мұғалім тапсырманы тексерді. Тапсырманы барлық оқушы орындап келіпті. Мұғалім тапсырманы тексерді. - Мұғалім не істеді? - Мұғалім тексерді. - Нені тексерді? - Тапсырманы тексерді. 209-жаттығу. Ребусты шеш. Шешуіндегі сөзді қатыстырып сөйлем құрастыру.
210-жаттығу.Сөйлемдегі сөздердің дұрыс байланыспағанын дәлелдеу. Сиыр өріс (тен ) келді. Нұрбол сиыр ( ды) қораға кіргізді. Апа (м ) сиыр сауды. -Сиыр қайдан келді? -Нұрбол нені қораға кіргізді? -Кім сиыр сауды? Сергіту сәті. 259-жаттығу. Қыстап қалатын құстар туралы әңгіме құра. -Қандай құстар қыстап қалады?
Дәптермен жұмыс. 212-жаттығу.Сөйлемдерді оқып , ондағы сөздердің байланысын табу.Сөздердің байланысын сызып көрсету. Шөп өсті.( Не өсті? Шөп өсті.) Атасы шөпті шапты. ( Атасы не істеді? Атасы шапты. Нені шапты? Шөпті шапты.) Біз шөпті тасыдық.. ( Біз не істедік? Біз тасыдық. Нені тасыды? Шөпті тасыдық.) Сабақты бекіту. а) «Жұбын тап» ойынын ойнау. Сөйлемдерді дауыс ырғағымен оқып, тыныс белгісін табу. - Алақай, әкем келді - Сенің атың кім - Оқушылар саяхатқа шықты ә) Тест тапсырмасы: Сөйлемдегі сөздердің дұрыс байланысқанын тап. А) Үйді олар тазалау кірісті. Ә) Үй олар тазалауға кірісті. Б) Олар үйді тазалауға кірісті. Үйге тапсырма: 214-жаттығу. Ережелерді жаттау. Бағалау.