Ашық сабақ. Тақырыбы: Ана 3-сынып

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәннің аты: әдебиеттік оқу

Уақыты: 21.01.16

Кабинет:

Мұғалім Шәмбіл А.С

Сабақтың атауы

Ғ. Орманов. Ана

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Мақсаты: 1. Жақсылық атаулының барлығы күннің нұрынан, ананың мейірімінен тарайтынын ұғындыру, ана еңбегін қадірлей білу, баланың ана алдындағы парызын өтеуге, түсіндіруге, қадірлеуге тәрбиелеу.
2. Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.
3. Оқу дағдысын қалыптастыру және жетілдіру, байланыстырып сөйлеуін дамыту, өзіндік ой-пікірін айта білуге баулу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, презентация.

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

  1. Ұйымдастыру бөлімі
    Мұғалім Балалар (хормен)
    - Әрбір адам?-Туысым, досым, жұрағат.
    - Әрбір сабақ?-Үйрену, ұғу, ұлағат.
    - Әрбір ісің?-Тірлік, тірек, адамдық.
    - Әрбір сөзің?-Шындық, бірлік, адалдық.

    - Ендеше, топтың ережелерін еске түсірейік.
    1. Сабақта тыныш отыру.
    2. Бір-бірімізді дұрыс тыңдау.
    3. Топпен жұмыс жүргізу.
    4. Сабақты мұқият тыңдау.

II. Үй тапсырмасын тексеру.
В. Сухомлинский «Ақ шаш» мәтіні бойынша топтар берген тапсырмаларды орындайды. Оқушылардан сұрау.

1. Мазмұнын айту

2. Шығарма жазу

3. Көрініс қояды

4. Сөзжұмбақ
а) «Ананың көңілі балада, Баланың көңілі далада» деген мақалдың әңгімеге қандай қатысы бар?
ә) Мәтіндегі кейіпкерлер кімдер?
б) Сіздер осы мәтіннен қандай ой түйдіңіздер?
в)

III. Жаңа сабақ.

- Олай болса, балалар, бүгінгі сабағымызды бастаймыз.
- Біз бүгінгі сабағымызда 4 топқа бөлінеміз. Сөздер бойынша топқа бөлінеміз. (Оқушыларды топқа бөлу)
I топ «Алғырлар»
II топ « Ойшылдар»
III топ «Тапқырлар»
IV топ « Білімділер»


  1. - Ендеше, топтың ережелерін еске түсірейік.
    1. Сабақта тыныш отыру.
    2. Бір-бірімізді дұрыс тыңдау.
    3. Топпен жұмыс жүргізу.
    4. Сабақты мұқият тыңдау.


- Қандай сөз шықты? Оқиықшы «Ана »

Ендеше, біздің бүгінгі сабағымызда ана туралы, яғни Ғали Ормановтың «Ана» өлеңімен танысамыз.
Дәптерімізді ашамыз,
Салақтықтан қашамыз
Көркем етіп жазамыз.
(күннің жадын, тақырыпты жаздыру)
1. Автор туралы айту.
Ғани Орманов 1907 жылы өмірге келіп, 1978 жылы өмірден өтті. Ол Талдықорған облысы, Ақсу ауданы, Ешкіөлмес ауылында дүниеге келген. Ақын, аудармашы, Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі болған.

2. Өлеңді мәнерлеп оқып беру.
3. Оқушыларға оқыту.
4. Сөздік жұмыс. Өлеңдегі қызыл түспен ерекшеленген сөздерді теріп оқыту.
5. Топ бойынша өз түсінгендерін айту, талдау, түсіну. «Ана»сөзіне постер жасау.

IV. Сергіту сәті.
«Ана туралы жыр» сөзі Ғафу Қайырбековтікі, әні Шәмші Қалдаяқовтікі

Караоке айту.

V. Топтық тапсырмалар
- Қазір 1топ аналарымызға арнап өлең шығарамыз немесе мына өлең жолын аяқтаймыз.
-------------------- барамыз,
-------------------- саламыз.
-------------------- сыйлаймыз,
-------------------- тыңдаймыз.

2 топ Бес жолды өлең құрастыру

3 топ Жұмбақ құрастыру

4 топ Анаға тілек жазу
(оқушылардың жұмысын талдау)
Бағалау парақшасы арқылы өзін-өзі бағалау.


VI. Сабақты қорыту.
- Міне, балалар, жаңа өздерің де аналарыңа өлең арнадыңдар. Сол сияқты көптеген аға-апаларымыз, аталарымыз өздерінің аналарына арнап өлеңдер жазған.

Ана-әрбір адамның ең жақын жанашыры, қамқоршысы, қадірлісі, жанын да аямаған ардақтысы.
Ана-жүрек, жүректі құдіретте!
Ана-тірек, тіректі құрметте!
Ана-шыңың, шыңыңа сағынып жет!
Ана-күнің, күніңе табынып өт!
Расында да, адамның әдептілігімен жан дүниенің сұлулығы, ең алдымен балаға ақ сүтінен, ана жүрегінің жылуынан дарыған. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. О, ана! Ана! Бұл өмірдегі өзінің ең жақын, асыл адам бар ма екен?!

- Ана, қарыздармын саған... қарыздармын, ана! Сенің басыңа кесене, ғимарат орнатам деп айта алмаймын, бірақ мен маған әннің ең асылын, ең нәзігінен ешқашан ұмыт болмайтын ескерткіш қалдырамын. Ол ешқашанда ұмытылмайды, дейді. Бұл 1957 жылы болатын, Шәмші өзінің сөзін 1961 жылы орындайды. Осы жылы оның «Ана туралы жыр» деген әні дүниеге келді. Бұл ән сол кездегі қазақ совет музыкасындағы ана туралы жазылған тұңғыш ән еді. Бұл ән - ана алдындағы ешқашан өтелмейтін борышын сезінген баланың егіле төгілген көз жасы еді. Бұл ән - есейген ер жүрек ұланның бұл өмірдің теңізін адал кешуге берген анты еді. Бұл аналар туралы гимн еді.


Ой толғаныс











Сергіту сәті

Үйге тапсырма

Өлеңді жаттау, өлең шығару.

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

стикер

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



© 2010-2022