Конспект урока по казахскому языку Осы шақ

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілі

Уақыты:23.02.16ж

Кабинет: 120

Мұғалім: Төлесін Ш.Ө

Сабақтың атауы

Осы шақ

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды осы шақ етістіктерімен таныстыру, осы шақтағы етістіктер іс -әрекеттің сөйлеу сәтінде болып жатқанын білдіретінін ұғындыру, сұрақтары мен жалғауларын таныстыру; сөйлеу дағдысын жетілдіру. Етістіктің шақтарын қайталау арқылы әр шақтың айырмашылығын іс жүзінде ажырата білуге дағдыландыру, тақырып бойынша ауызекі сөйлеу шеберлігі мен ойлау қабілетін дамыту. Оқушы-ларды белсенділікке, қызығушылыққа, іздемпаздыққа тәрбиелеу.

Смайликтер, топтық тапсырмалар жазылған А-3,семантикалиқ кесте.плакат

Жалпы мақсаттар

Оқыту нәтижесі

Көрнекіліктер:

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ынтымақтастық атмосферасы

Жарқырап күн де ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Біз көңілді баламыз,
Сәлемдесіп аламыз.

Күнде бестік аламыз.

Топқа бөлу

І топ: «Зат есім» ІІІ топ «Сын есім»

ІІ топ «Етістік» ІҮ топ «Сан есім»

Сөз таптары арқылы топтарға бөлінеді

Үй тапсырмасын сұрау

Дәптерлерін тексеру. Ереже сұрау. Семантикалық кестені толтыру.

Қызығушылықты ояту

Жаңа сабақты отыр, тұр, жүр, жатыр етістіктерін қатыс-тырып сөйлем құраудан басталады.
Осы құраған сөйлемдердегі етістіктерді талдау барысында бұл етістіктер сөйлемдерде іс - әрекеттің қазір, яғни осы уақытта болып жатқанын білді-ретінін байқату.

Ережені жатқа айтқызу.

Оқулықтан: 30 - жаттығуды дәптерге орындату. Жаңылтпашты оқытып, жатқа жазу. Етістіктің астын сыз, оларға сұрақ қою. Етістікті үш жақта жекеше, көпше түрде жіктеу. Бұлар қашан болған істі білдіріп тұрғанын айт.
І топ: сұрағы, жекеше, І жақ.

ІІ топ: сұрағы, жекеше, ІІ жақ.

ІІІ топ: сұрағы, жекеше, ІІ жақ сыпайы түрде
ІҮ топ: сұрағы, жекеше, ІІІ жақ

31 -жаттығу. Тақтаға орындату. Берілген сөздерді пайдаланып, сөйлем құрап жазу. Етістіктерді тауып, оларға сұрақ қой. Дәлелдеу.

32 -ж аттығу. Берілген сызбаға сәйкес сөйлем құрастырып жазу.
_________ _________ ________ ойнап жүр.
_________ _________ ________________ жинап жатырмын.
_________ _________ ________ жаттап отыр.

_________ _________ ________күтіп тұрмын.

Мағынаны тану

Жаңа сабақ:

Сергіту сәті

«Жұмыр қылыш.»

Ой толғаныс

33 - жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазып, сөйлем мүшелеріне талдау жасау. Баяндауыштың осы шақта тұрғанын дәлелдеу.

Білімді бекіту. Тест алу.

Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау,35 -жаттығу ереже жаттау

Күнделіктеріне жазады

Бағалау

Бағалау парақшаларын толтыру.

Кері байланыс

Конспект урока по казахскому языку Осы шақ

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



© 2010-2022