КОРПЕБАЕВА ШЫНАР КАЛИКАРИМОВНА Мақаншы орта мектеп -бақша КММ Тақырыбы: 9 санын қосу және азайту

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пән: Математика Сынып: 2

Сабақтың тақырыбы: 9 санын қосу және азайту

Мақсаты:Екі амалдан тұратын өрнектердің мәнін табуда кестелік қосу мен азайтуды пайдалану,есептің мәнді белгілерін анықтау, «сонша» ұғымының мән- мағынасын түсіндіру. 8 санын қосу және азайтудың кестелік жағдайларын қолдану дағдысын бекіту.Оқушылардың ой өрістерін дамыту.Ұқыптылыққа,есептер шығару арқылы ой ұшқырлығына тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: өзіндік, ұжымдық жұмыс

Пәнаралық байланыс: ана тілі , дүниетану

Сабақтың көрнекілігі: «Топтама» «Еліміздің келешегі білімді ұрпақ» кесте, кеспе қағаздар

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі (оқушыларды түгелдеу , сабаққа қажетті құрал жабдықтарын дайындау,назарын сабаққа аудару.

Психологиялық дайындық:

Жарық болса күніміз,

Жарқын шығар үніміз

Елін сүйіп ер жетер,

Біз болашақ гүліміз

Балалар, «математика- ғылымдардың патшасы» Өміріміздің өзі- математика.

Сабағымызға мына тамаша өлең жолдарын арқау етіп алайық:

Сонау-сонау алысқа, жүзсін десең кемелер,

Тылсым сырлы ғарышқа,ұшсын десең денелер,

Жасау үшін бәрін де

Математика-

Ең маңызды ғылым бұл

Сондықтан да, сондықтан да бұл ғылымның тілін біл

Үй тапсырмасын тексеру

Өткенді қайталау

1. Қосу амалының компоненттерін ата.

2. Азайту амалының компоненттерін ата.

3.Ұзындықтың өлшем бірліктерін ата

4.Заттарды біріктіргенде қандай амал

қолданамыз?

5.Заттарды бөліп алғанда қандай амал

қолданамыз?

«Қайталау-білім анасы"

*7 күн-

*30 не 31 күн-

*1 жыл-

*1 мүшел-

*100 жыл-

*1 тәул-

Өткенге шолу

40+3=43 8-6=2 2+7=9 9-6=3

80-20=60 9-5=4

Өрнектің мәнін тап

(7+2)+40

79-(6+3)

(5+4)+30

87-(4+3)

Балалар, бүгінгі жаңа сабағымыз: «9 санын қосу және азайту»

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с): «Білімді игеру әр бір мұсылманның міндеті», - дейді. Сондықтанда ата-бабаларымыз: «Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ», «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар»,-деген секілді көптеген нақылдар қалдырған. Мұсылмандардың алғашқы төрт халифасының бірі - Әли ибн Әбу Тәліп аса білімдар адам болыпты. Білімінің арқасында ел ол кісіні «ілімнің қақпасы» деп атаған. Бірде замандастары оған 10 адамды кезекпен жіберіп, бәріне бірдей: «Білім артық па, байлық артық па?» деген сұрақты қойдырған екен. Сонда Хазіреті Әли әрбір сұраққа әртүрлі дәйектемелермен былай деп жауап берген:

1.Білім артық, өйткені, ол - пайғамбарлардан қалған мирас, байлық -бақылдардан қалған мұра.

Білім артық па,әлде байлық артық па екенін бүгінгі сабағымызда дәлелдейтін боламыз.

Оқулықпен жұмыс.

Ә)

9 бен 1 сандарының қосындысына 8-ді қос

  1. бен 8 сандарының айырмасынан 1-ді азайту

"Білім артық,білімдінің жанында адал достар көп болады,ал бай адамның қасында амал достар көп болады."

2-есеп

Марғұлан-10

Арман-? сонша

Барлығы-?

Сергіту сәті

1, 2, 3-қарлығаш боп ұш

4, 5, 6-қарлығаш боп қалқы

7, 8,9,10-қарлығаш боп қон

Білім артық, оны қанша жұмсағанымен бітпейді. Байлықты жұмсай берсең бір күні бітеді.

3-есеп

Болды -10

Сыйлады-?сонша

Қалды-?

"Білім артық, ол досыңды көбейтеді, байлық дұшпаныңды арттырады"

Тор көз-20 теңге

Жолды-? сонша теңге

Берді-50 тг

Қайтарып алу керек-?

5-есеп

Болды-95тг

Қалам-45тг

Қарындаш-сонша

Қалды-?

«Жауабын тап» ойыны

"Білім артық, себебі сен оны ұры қарыдан сақтауыңның керегі жоқ, ал жиған мал-мүлкіңді сырт көзден қорғайсың"

Балалар,білім артық па,байлық артық па қандай ой түйдіңдер?

Сабағымызды Елбасымыздың сөзімен қорытындылаймыз.

"Біздің нақты мақсатымыз- 2050 жылға қарай әлемнің аса дамыған

30 мемлекетінің қатарына қосылу"

Н.Ә.Назарбаев

Балапанға көмектес:

(9*3)*  =2

"Сөз құрастыр"

6+5

И

7+5

Қ

8+5

А

13-5

Қ

12-6

О

9+7

З

14-9

Қ

Бағалау.

Үйге тапсырма: №6 83 бетте.

Балалар, білім шыңына жету үшін көп оқып ізденейік.Елбасымыз « ел ертеңі болашақ ұрпақ» деп, айтқанындай, болашақ сендердің қолдарында екенін ұмытпаңдар!



© 2010-2022