Әдебиеттік оқу ашық сабақ Е. Өтетілеуұлы «Су». 2 сынып. Ы. Алтынсарин «Өзен» 3 сынып

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Әдебиеттік оқу

Тақырыбы: Е.Өтетілеуұлы «Су».2 сынып. Ы.Алтынсарин «Өзен» 3 сынып.


Мақсаты:Судың өзіндік қасиеттерімен,табиғаттағы су айналымы түсінігімен таныстыруды жалғастыру;
Күтілетін нәтиже:

- Су -тіршіліктің қайнар көзі екенін біледі;
- Топта өз ойларын дәлелдеуге, өз пікірін ашық айтуға ұмтылады;

-Ұжым болып, бірлесе отырып, жұмыс жасауға үйренеді;
-Өзін-өзі ,топпен бағалауды үйренеді;


Көрнекілігі: Авторлардың суреттері, тақырыпқа байланысты суреттер, Компьютер,тірек-сызба ...
Сабақтың барысы:
I. Кіріктірілген бөлім.
Қызығушылықты ояту:

Өлең жолдарын мәнерлеп оқу.Бұл үзінділер кімнің өлеңінен алынған?

1.Дариядай сол таулардан тулап тасып. Көресің тамашасын аққан судың. Тулаған аққан бұлақ тасқынында, Асаудай ойнақ салар балық шоршып.(Жамбылдың «Алатау» өлеңі.)

2.Өлеңде суреттелген тасыған су секілді суды бейнелейтін сөйлемдер құрастырып көріндер.(Мөлдір суым,қадіріңді...)

Үй тапсырмасын тест арқылы тексеру.
II.Сараланған бөлім.

2-сынып

3-сынып

Мұғалім басшылығымен жұмыс

Өлең сұрақ жауап арқылы талданады.

1.Су-тіршілік көзі дегенді қалай түсінесің?

2.Судың қандай пайдасы бар?

3.Суды қалай үнемдеу керек?

4.Ақын неге сумен дос болу керек дейді?

5.Сенің тұрған жеріңде суды қорғау үшін қандай шаралар жүзеге асырылады?

Өз бетімен жұмыс

Ы.Алтынсариннің «Өзен» өлеңін іштей оқып,оқулықтағы берілген сұрақтарға дайындалады.

Сөздік жұмыс

Қынарда -жағасында

Жанабында -маңайында.

Дәптермен жұмыс

1.Су туралы айтылған тыйым сөздерді көшіріп жазып,мағынасын түсіндіру.

Суды үнемді пайдалан.

Су айдындарын ластама.т.б.

2. «Жер бетінде су жойылып кетсе , онда...»деген ойды аяқтап жазу.

Өлеңді талдау

1.Ақын өзенді қалай суреттеген?

2.Өзеннін адам өміріндегі маңызы қандай?

3.Адамдар неліктен суды қадірлейді?

4.Өзеннің қандай пайдасы бар?

5. «Тас таста,алтын таста сынамаққа,сонда да аққан өзен қалыбында»деген жолдардан не түсіндіңдер?

Сергіту сәті

Өлең мазмұны бойынша сөйлемдерді толықтыру.

1.Су-табиғат байлығы,

Өзен- көлге....

Кемі екі рет әр күні,

Суға түсіп ....

2.Су сергітер денеңді,

Онымен дос ....

Судан кейін сен енді

Ісінді оңай ....

3.Айналаңды қоршаған,

... сүйе біл.

Қауіп қатер төнсе оған,

... сүйе біл.

1.Берілген сөздерге мағыналас сөздерді тауып жазу.

айнадай-

судың қуатымен-

сай-

ыстық-

дертінді-

алуан алуан-

өксіген-

оттай жанып-

ел қыстап-

Өзіндік тапсырмалар

Берілген сөздер қатарынан артық сөздерді табу.

1.Су,тамшы,найзағай,бұршақ.

2.Тау,өзен,көл,көлшік.

3.Күмістей,оттай,айнадай.

4.Гигиена,тазалық,лас.

5.Ағызба,төкпе,жүгірме,түкірме.


III.Кіріктірілген бөлім.

Екі сыныпқа бірдей тапсырма беріледі.

«Брейн ринг» ойыны.

1.Суға не үшін күніне екі рет шомылады?

2.Суды неге босқа ағызуға болмайды?

3.Судың да сұрауы бар дегенді қалай түсінесің?

Суретпен жұмыс.

Таудан ағып жатқан өзен бейнеленген сурет бойынша оқушылар мәтін құрастыру керек.

Өзін -өзі бағалау.

Үйге тапсырма

Үйге тапсырма

1.Өлеңді мәнерлеп оқу.

2.Су туралы мақал- мәтел жатттау.

1.Өлеңді жаттау.

2.Өзендердің аттарын жазу.

3.Өзен суретін салу.



© 2010-2022