Отбасы-қуаныш ортасы. Өзін-өзі тану

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Отбасы- қуаныш ортасы

Мақсаты :

1.Бір отбасындағы адамдар арасындағы тату қарым-қатынасты қалыптастыру.

2.Отбасына байланысты сөздермен сөздік қорлатын байыту. Өлең-тақпақтар, мақал- мәтелдер үйрету арқылы ой-өрістерін , тілдерін дамыту.

3. Бір-біріне қамқор болуға, өз отбасын мақтан ете білуге тәрбиелеу . «Бақытты отбасы», «Тату отбасы» ұғымдарын терең түсіндіру . «Қуаныш», «Бақыт» құндылықтарының мәнін түсіндіру.



Міндетері:

-Отбасында үйлесімді қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.

-Отбасы мүшелеріне деген қамқорлық , жанашыр сөзімдерін дамыту.

-Отбасында өзара сыйластыққа тәрбиелеу.

-Жүйелі , жинақы сөйлеуге, көркем оқуға жаттықтыру. Отбасы ынтымағына баулу.

Көрнекі құралдар: балалардың өздері үйде ата-аналарымен бірлесе жасаған «Менің отбасым» атты альбомдары , үлкен плакатқа салынған үйдін суреті , қиылған жүрекшелер мен гүлдер .

Шаттық шеңбері

Балалар қол ұстасып тұрып А.Асылбековтың «ЖАНҰЯ» атты өлеңін тәрбиешімен бірге қайталайды .

Сенде де бар жанұя, Армысыңдар аналар!

Менде де бар жанұя, Армысыңдар әкелер!

Балықта да, малда да, Қайырлы таң, аталар!

Құстарда да , аңда да Қайырлы таң, әжелер!

Үлкенде де, кішіде де , Қайырлы таң, бауырлар!

Жанұя бар әрбір кісіде.

Жанұя бары шуақ қой

Қуаныш пен қуат қой.

Өзімен өзім

Балалар бәріміз жайғасып отырып , көзімізді жұмып , өзіміздің отбасымызды, яғи тату-тәтті жанұямызды көзіміздің алдына елестетейік . Барлығымыз демалыс күні үйдеміз. Отбасы мүшелері түгел үлкен дастархан басына жиналдық деп ойлайық .

Бәріміздің жүзімізде қуаныш, бір-бірімізге сүйіспеншілікпен, сыйластықпен қараймыз. Біздің қуанышты сәтімізге ортақтас күн сәулесі де үй ішін жылы шуаққа бөлейді. Қандай тамаша, қандай қуанышты күн! Ал енді, балалар, көзімізді жайлап ашып ,өзіміздің ойымызды, жүрегіміздегі сезімдерімізді бөлісейік. ( Балалардың жауаптары тыңдалады.)

Әңгімелеу

Әр бала өз отбасы туралы суретерді көрсете отырып, әңгімелейді . ( ата-анасының, бауырларының аты-жөндері, жақсы қасиетері туралы айтып береді .)

Әңгімелеу

Тату-тәтті отбасы

Алан мен Арнұр бес жаста. Олар балабақшаға барады. Балабақша олардың

үйлеріне жақын орналасқан. Оларды балабақшаға атасы мен әжесі апарып, алып келеді. Балабақшада оларға өте көңілді, достары да көп. Сонда да олар үйге жеткенше асығады, өйткені кешке барлық отбасы мүшелері үлкен дастархан басына түгел жиналды. Қызықты әңгімелер айтылады.

Күнделікті кешкі астан кейін атасы мен әжесі немерелерін «күндерім», «құлыншақтарым» , «ботақандарым» деп еркелете отырып , ертегілер айтып береді. Содан кейін олар ата-аналарының ақылдарын тыңдай отырып, үлкендерге көмектеседі . Гүлдерге су құяды, ойыншықтарын жинайды, өз киімдерін реттеп орындарына қояды да:



Әкемізге еркелеп,

Анамызды тыңдаймыз.

Әжем айтар ертек көп,

Атамызды сыйлаймыз,-деп әндетіп қояды.

Атасы мен әжесі немерелерінің ақылдылығына сүйісініп қарап,

Аиналайындарым, үлкен азамат болыңдар!

Өркендерің өссін,-деп баталарын береді.

Әкесі мен анасы да балаларының ақылды азамат болып өсіп келе жатқандарына қуанады. «Балапан ұяда не көрсе ,соны іледі» деп, оларды тарбиелі ,ақылды , отбасында тату-тәтті өсіп келе жатқандарына сүйсіне қарайды.

-Балалар, қалай ойлайсыңдар, бұл қандай отбасы?

-Отбасында кімдер тұрады?

-Атасы мен әжесі немерелерін қалай еркелетеді?

-Алан мен Арнұр қандай балалар ?

-Олар үлкендерге қалай көмектеседі?

-Отбасында сыйластық көріне ме?

-Ата-әжесінің берген баталарын еске түсіріңдер.

-Сендер қандай балаларсыңдар?

-Ата-әжелерін сендерді қалай еркелетеді?

(Балалардың жауаптары тыңдалады.)

Дәйексөз

Тәрбиеші «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген халық даналығы сабақтың дәйексөзі ретінде алып түсіндіріледі .





Ойын «Менің отбасым»

Тақтаға ілінген плакатқа салынған жүрекшелерді, гүлдерді жапсыра отырып, өздерінің тілеектерін айтады.

Мысалы:

-Мен отбасыма жақсылық тілеймін ! Ешкім ауырмасын.

-Мен отбасыма бақыт тілеймін ! Мен отбасымды жақсы көремін . - Мен отбасыма татулық тілеймін! Біз бір-бірімізді сыилаймыз.

-Мен отбасыма жақсылық тілеймін !

-Мен отбасыма ашық аспан тілеймін! Олар менің жүрегімде.

-Мен отбасыма әлемдегі бар жақсыны, бар қуанышты тілеймін!

Сергіту сәті/саусақ ойыны/

Бас бармағым-әкем.

Балан үйрек-анам.

Ортан терек- ағам

Шілдір шумек -апам

Кішкентай бөбек -мен

Бір үйде біз бірнешеуміз?

Бір үйде біз, бесеуміз

Жұдырықтай жұмылған,

Біздер тату жанұя.

Ғажайып сөздер

Балалар отбасы жайлы үйренген бұрыннан білетін мақал- мәтелдерін , өнегелі даналық сөздерді, өлең- тақпағы айтып береді.

Мысалы:

Анам маған үлкенді сыйла деген

Сол сөз маған ізгілік құйған екен.

Үлкендерден ауысқан кішілікті

Үлкендердің өзіне сыйға берем.



Әкем-шешем және мен Әке-асқар тау,

Тату-тәтті тұрамыз. Ана-шалқар көл,

Сыйластықпен, махабатпен Бала- жағадағы құрақ.

Сауық-сайран құрамыз.

Балапан ұяда не көрсе, Ана көрген тон пішер.

Ұшқанда соны іледі. Әке көрген оқ жонар.т.б

Қорытындылау

-Балалар, біздер бақытты, тату отбасы туралы әңгімелестік .

Отбасындағы татулық -тәрбиенің бастауы екен. Отбасында бір- бірін сыйлауда құрметтеуге аялауға үйретеді. Біз отбасымызды жан-жүрегімізбен жақсы көреміз .

Жүректен жүреке

Балалар қол ұстасып тұрып Е.Өтетілеуовтің «Біздің шаңырақ» өлеңін тарбиешімен бірге айтады.

Атамнан басталар, Әкем мен анам бар.

Әжеммен қосталар Бір туған ағам бар.

Отбасым мыналар- Бір туған апам бар.

Ең жақын адамдар: Бәрін жақсы көремін,

Еркелеймін еремін!

Бәріне денсаулық , бәріне амандық, бәріне татулық, бәріне махаббат, бәріне жақсылық тілеймін!!!

© 2010-2022