АНА ТІЛІ МАЛТА 1-СЫНЫП

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

1 «А» сыныбына арналған Ана тілі пәнінен қысқа мерзімді жоспары

Мұғалімнің аты-жөні

Сарина Гүлпара

Ж.Мырзағалиев орта мектебі

Күні: 13 .04.2015

Сыныбы 1 «А»

1- сабақ

Әліппе

Сабақтың тақырыбы

Малта . Заттың атын білдіретін сөздер

Сілтеме

Орта мерзімді жоспарлау Г.И.Уәйісова,Ә.Е.Жұмабаева Ана тілі оқулығы Алматы кітап баспасы 2012ж Жалпы білім беретін 11 жылдық орта мектептің 1- сыныбына арналған оқулық

Жалпы мақсаттар

Халқымыздың ұлттық тағамдары туралы білімдерін жетілдіру,мәтіннің мағынасын ашу.Малта туралы түсінік беру.

Оқыту нәтижесі

Өз бетімен жұмыс істеуі, ойлауы,сөздік қоры мен сөйлеу тілі дамиды.

Негізгі идеялар

Малта туралы түсінік алу.

Оқыту тәсілдері

Топтық,жеке жұмыстар. Сын тұрғысынан ойлау

Кел,ойнайық

Кейінгі тапсырмалар

Мәнерлеп оқу

Уа қыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

2 мин


10 мин


10 мин

3мин

3мин

5 мин

2 мин


5 мин



2мин

3 мин



Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық «Треннинг» Қуанамын мен де, Қуанасың сен де. Қуанады достарым Арайлап атқан күнге. Үлкеге де сіз. Кішіге де сіз Қонақтарды құрметтеп Бас иеміз біз .
Топқа бөлу,топ басшысын сайлау.Ережесін таныстырады.
2.Үй тапсырмасы. Ыбырай өлеңін жатқа айту. Бұл мәлімет шындық па,жалған ба? 1.Ыбырай- тұңғыш ұстаз. 2.Заттың атын білдіретін сөз қандай ?- деген сұраққа жауап береді. 3.Ыбырай -балалар әдебиетінің атасы. 4.5 саны кім деген сұраққа жауап береді. 5.Кел ,балалар, оқылық! Ыбырай атамыздың өлеңі. I.Қызығушылықты ояту «Суреттер сөйлейді» -Балалар мына суретте не бейнеленген? -Сендер жайлауда болдыңдар ма? -Жайлау туралы не білесіңдер? -Жайлауда адамдар немен шұғылданады? - Малдардың ішінде сиырдың қандай пайдасы бар?

2.Топпен жұмыс .Топтау

-Мына суретке қарай отырып,сиыр туралы не айтуға болады?

1.топ Сиыр

2.топ Ұлттық тағамдар .

3.топ.Құрт. ( Құрт туралы не білесіңдер? Ол қалай жасалады?)

Бұл-құрт.Құрт-құрт» сөзі- «құрғатылған, кептірілген сүт» деген мағынаны береді.Құрт-құнарлы,адамға тоқтық беретін тағам.Оның құрамында А, В, С дәрумендері, мыс, мырыш, күміс, темір, кремний, магний, кальций, алюминий микроэлементтері жетерлік. қайнатып, кептіріп алынған құрт жыл бойына, кейде екі-үш жылға дейін сақтала береді.. Сондай-ақ «кепкен құртты мүжіген баланың тісі сау, сүйегі берік болады» дейді дәрігерлер.Құрттың жасалу жолына қарай бірнеше түрлері болады.

Құрттың түрлері:

1.Жас құрт

2.Ыстық құрт

3.Сықпа құрт

4.Езген құрт

5.Малта

3. Жаңа сабақ

Бейнефильм тамашалайды « Құрт және оның пайдасы »

Мағынаны тану


Автор туралы мәлімет беру. Қ.Тоқмырзин.

Топпен жұмыс.( топтарға бетшелер таратылады)
І топ - І үзінді
ІІ топ - ІІ үзінді
ІІІ топ - ІІІ үзінді
Үзінділерді әр топ іштей оқып шығады.

Малта /Езілген құрттың ұсақ түйіршіктері. Ол әрі жұмсақ, әрі дәмді ас саналады. Ұзақ сапарларда, ауызға салып суын жұтқан кезде әрі сусын, әрі тамақ яғни қорек болып саналады. Батырлар елді, жерді қорғап аттан түспей жүрген кездерде малтаны ауыздарына салып талғажау еткен.

6. Кітаппен жұмыс.
-Іліп алып оқу /3-4 оқушы/
7.Ой толғаныс сатысы. «Әдебиет үйірмесі» (оқушыларды 3 топқа бөліп, сұрақтар қойылады)
1. топ Зерттеуші: Малта қалай жасалады?
2.топ Сөз тапқыш: Мәтін мазмұнына байланысты мақал - мәтел айтып, дәлелде.
3.топ Тв шоу : Мәтінге қатысты сұрақтар дайында.


Қорытынды

- Бүгінгі сабақта не өттік?
-Малта туралы өту мақсатымыз не?
-Қазақтың ұлттық тағамы құрттың бүгінгі таңда маңызы бар ма? Неге?

Құрт пайдалы,тойымды,қарттарға қуат,балаларға қуаныш.


13.Балаларға, қонақтарға құрт тарату.
Сабақ аяқталды. Сабаққа қатысқандарыңызға көп РАХМЕТ»

Психоло гиялық ахуал


Топқа

бөлу

Топтық жұмыс орындала

ды



Дәптермен жұмыс


Өзбетімен жұмыс

Бейнефильм

тамашалап талдайды

Оқулықпен жұмыс

жасайды




Қорыту



© 2010-2022