Тәрбие сағат, тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Менің Отаным - Қазақстан тәрбие сағаты

Тәрбие сағатының тақырыбы: Менің Отаным - Қазақстан

Мақсаты:

Білімділік: Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту .

2. Баланың сөздік қорын, тіл байлығын дамыту; Отанын, туған жерін қорғай білуге үйрету.

3. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру.

Көрнекілігі: Елбасы суреті, Қазақстан Республикасының картасы, рәміздер, авторларының суреттері, қанатты сөздер, гүлдер Астана қаласына байланысты суреттер.

Әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндірмелі, көрнекілік

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық «Шаттық » шеңбер:

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты,

Жарқырайды күніміз,

Жарқырайды даламыз,

Қайырлы күн достар.

Мұғалім:

- Балалар, біздің Республикамыз қалай аталады? Біз қай Республикада тұрамыз?

- Қазақстан Республикасы.

- Қазақстан қандай Республика?

- Егеменді, тәуелсіз республика.

- Еліміздің астанасы қандай қала?

- Астана қаласы деп аталады.

Мұғалім: Біздің Отанымыз-Қазақстан. Мемлекетіміз тәуелсіздік алғалы Қазақстан Республикасының жетістіктері өсуде. Осынау жылдарда елдігімізді танытып, еңсемізді көтерген қаншама ұлы оқиғалар бар. Қазақстан Республикасы 1991 жылы16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды. Осы өткен жолдарымызға қарасаақ, әр жылдың өз шежіресі, сыры, тарихы, қасиеті бар. Қазақстанды мекендеген барлық халықтардың ұлттық мәдинетін көркейтіп, бірлігі мен ынтымағын жарастырып отырған ұлы елміз. Осыған орай «Менің Отаным-Қазақстан!» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз. Республика қандай рәміздерің білесіңдер?

1 - Алтынай:: Ашық аспанды көгілдір туымыз бар.

2 - Жандос: Айбынды Елтаңбамыз бар.

3 - Салима:Мағыналы ән ұранымыз бар.

4 - Құралай: Елбасы, тұнғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев.

Мұғалім - Балалар , Қазақстан Республикасы біздің туған жеріміз, туған еліміз, оны тағы басқаша қалай айтамыз?

- Отанымыз.

- Отан туралы кім мақал - мәтел айтады

1 - Бақытжан :Отан - елдің анасы.

2 - Айсұлу:Отан - алтын бесік.

3 - Арнұр: Отан - оттан да ыстық. ӘНҰРАН орындалады.

Мұғалім: Балалар, «Отан дегеніміз не?»

1-оқушы: Отан дегеніміз- адамның туып- өскен жері, туған- туысқандарымен, жақындарымен, бірге тұратын атамекен. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отан- ҚР-сы.

2-Оқушы: Біздің Отанымыз-ҚР-ның жері өте кең . Үлкен-үлкен көлдер, өзендер бар.

3-оқушы: Отаным менің кең- байтақ, әрі бай. Онда әр түрлі халықтар тұрады. Олар бір-бірімен тату, дос.

Алмас:

Отанды біз атамекен

Деп аялап атаймыз

Өйткені оны мекен еткен

Бабамыз бен атамыз.

Еділ: Отан дейміз -от жаққан жерімізді,

Отан дейміз- өсірген елімізді.

Отан дейміз - туған жер, атамекен-

Биік тау, ориан, тоғай, көлімізді.

Отан дейміз- кең байтақ астананы,

Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы,

Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,

Ол бірақ өз үйіңнен басталады.

Мұғалім: Қазақстан мемлекетінің тарихи даму жолын айқындайтын өз рәміздері- Елтаңбасы, Туы, Әнұраны бар.

Ән: «Атамекен»

Орындайтын: Нүрпейсова Аружан

Балалар айтындаршы біздің президентіміз кім?

Нұрсұлтан Әбіш ұлы Назарбаев.

Мұғалім: Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданының Шамалған ауылында дүниеге келген. 1990 жылы Республикада Президент қызметі белгіленді. Жоғары Кеңестің сессиясында жабық дауыспен Н.Ә.Назарбаев Президент болып сайланды.

1994 ЖЫЛЫ 1- ЖЕЛТОҚСАНДА РЕСПУБЛИКАМЫЗДА БҮКІЛХАЛЫҚТЫҚ Президент сайлауы болып өтті.

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып Н.Ә. Назарбаев сайланды.

Қазақстан Р-ның тарихында халық алғашқы рет саналы түрде өзінің тағдырын сеніп тапсырып, өз басшысын сайлады.

1996 жылы 16 желтоқсан күні біздің еліміз Тәуелсіздігін жариялады. Елбасымыз Н.Ә:Назарбаев қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды. Қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған арманы жүзеге асты.

1992 жылы 4 маусымда Президент ҚР-ның Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы, Әнұраны туралы ҚР-ның заңдарына қол қойды.

Бақытжан: Алтың заңда парасатым, пайымым,

Алтын Заңда күш-қуатым, жалыным.

Сен қорғайсың,

Бостандық пен құқықты,

Анамдайсың елжіреген жаңа күн.

Сергіту сәті: ұлттық би «Қара жорға»

Ей, бас қалам - Астанам!

Қадамың бар баспаған,

Асуың бар аспаған.

Халқым жетсін мұратқа,

Ей, бас қалам - Астанам!

Шырқап көкке аспан ән,

Болашаққа бас қадам.

Ойын: «Рәміздерді құрастыру». Балалар қиылған суреттерді құрастырады.

«Қазақстан» туралы слайд көру.

Қорытынды:

Мұғалім балалардын білгенін тексеріп тәрбие сағатын ойын мен аяқтайды.

Ойын «Доп»: мұғалім сұрақ қоя отырып, бір балаға лақтырады. Ол жауабын айтып допты қайтып лақтырады.

- Ал, қане бастайық:

- Қазақстанның астанасы, қай қала?

- Астана.

- Қ. Республикасының президенті кім?

- Н. Ә. Назарбаев.

- Біз қай елде тұрамыз?

- Қ. Р.

Балаларды мадақтау. Қонақтармен қоштасу.

- Сау болыңыздар.


© 2010-2022